Циклы Авторы Сортировка

2 бөлім. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шежіресі

3 275
12 января, 16
Енді біздің әңгімеміздің тақырыбына келетін кез жетті. Алланың Құдіретіне сүйене отырып, бастайық:
 
Игілікті шежіре
 
Өзінің бар болуымен адамдарға жақсылық жасаған тақуалар басшысының есімі Абдулла[1] ұлы Мұхаммед еді,  ал шешесі - Әмина аз-Зухра[2]  әл-Құрайыш, Вахбаның қызы.   
 
Абдулла болса Абдул-Мүтәліптің әйелі Фатима әл-Махзума әл-Құрайыш, Омардың қызынан туған ұлы еді. Абдул-Мүтәліп аса құрметті құрайыш болған, тайпа адамдары бастарына қиын-қыстау кезең түскенде, одан кеңес пен көмек сұрай келетін.
 
Абдул-Мүтәліп Хашімнің әйелі Селма ан-Нежжара әл-Хазрадж, Амраның қызынан туылған ұлы болатын, Хашім Абду-Манафтың әйелі Атика ас-Салимийя[3], Муррдың қызынан туылған ұлы еді.
 
Абду-Манаф Құсайдың[4] ұлы, шешесі - әйелі Хұбба әл-Хұза, Хұлейілдің қызы. Барлық ата-бабалары жәхилиәт дәуірінде Құсайға дейін Қағбаның кілтін ұстағандар еді, қажылардың ішетін суы және тамағына жауап берген, олардың үйінде маңызды мәселелерді шешетін тайпа жиналысы болып тұратын және соғыс бола қалса олар туды ұстап жүретін.  Өлерінің алдында Құсай бұл құрметті міндетті ұлдарының бірі Абдуд-дарға табыс етеді. Алайда Абду-Манафтың ұлдары ағасының ұлдары ғана бұндай артықшылыққа ие болатыны әділетсіз деп шешеді. Олардың таластарының ақыры шайқаспен аяқтала жаздайды, алайда екі жақтың ақылдылары істі бейбіт түрде шешеді. Нәтижесінде Абду-Манафтың әулеті  қажыға келгендерді сумен және аспен қамдау құқығына ие болады, бұл құқық Аббас ибн Абдул-Мүтәліпке дейін жетеді, ал кейін оның ұпақтарына көшеді.  Қағбаның кілті Абду-д-дардың әулетінің қолында қала береді. Шариғат олардың құқығын бекітіп берген және де кілттер осы күнге шейін оның әулетінің  қолында келеді.  Бұл әулеттер — Шейбаның тұқымдары: Ұсманның ұлы Абу Талха, оның ұлы Абдул-Узза, оның ұлы Ұсман, оның ұлы Абду-д-дарда. Ту болса, Ислам өзгертпегенше оларда қала берді. Исламда бұл құқық мұсылмандардың халифасында болатын, ал, оған лайық кім екенін халифа өзішешеді. Бұл жиналыс өткізетін үйлерге де қатысты. 
 
Құсай Кылаптың Йемен руынан әрі Азд Шануа тайпасынан шыққан әйелі Фатима Са'дт қызынан көрген ұлы.
 
Кылап[5] Мурраның ұлы, шешесі - Хинд Сарирдің қызы, Фихр ибн Мәлік руынан.
 
Мурра Ка'бтың ұлы, әйелі Вахшийден, Шайбаның қызы, ол да Фихр руынан.
 
Ка'б Луайдың ұлы, әйелі Умм Ка'б Мариден, Ка'бтың қызы, Куда'а руынан.
 
Луай Галибтің ұлы, әйелі Умм Луай Селмадан, Амра әл-Хаза'идың қызы.
 
Галиб Фихраның ұлы, әйелі Умм Галиб Лейладан, Са'дтың қызы, Хузейл тайпасынан. Фихр, көптеген ғалымдардың пікірінше, құрайыш болған. Құрайыш тайпасына он екі ру кірген:
     

1. Абду-Манаф ұрпағы (бану),

2. Абду-д-дар ибн Құсай ұрпағы,

3. Асад ибн Абдул-Узза ибн Құсай ұрпағы,

4. Захра ибн Кылап ұрпағы,

5. Махзум ибн Якза ибн Мурра ұрпағы,

6. Тайм ибн Мурра ұрпағы,

7. Ади ибн Ка'б ұрпағы,

8. Сахм ибн Хусайс ибн Амр ибн Ка'б ұрпағы,

9. Амир ибн Луай ұрпағы,

10. Тайм ибн Галиб ұрпағы,

11. әл-Харис ибн Фихр ұрпағы,

12. Мухариб ибн Фихр ұрпағы..

 
Меккеде тұрған рулар «әл-битах» құрайыштарыдеп аталса, ал Меккенің төңірегінде тұрғандар  - «аз-завахир» құрайыштарыдеп аталған.
 
Фихр - Мәліктің ұлы, әйелі Джандалиден, әл-Харсаның қызы, Джурхум тайпасынан.
 
Мәлік - Надрдың ұлы, әйелі Атикиден, Адванның қызы, Кайс Айлян тайпасынан.
 
Надр - Кинананың ұлы, әйелі Баррдан, Мара ибн Уданың қызы.
 
Кинана - Хузайманың ұлы, әйелі Аванадан, Са'даның қызы, Кайс Айлян тайпасынан.
 
Хузайма - Мудриканың ұлы, әйелі Селмадан, Аслямның қызы, Куда'а тайпасынан.
 
Мудрика - Ілиястың ұлы, әйелі Хиндафтан, оның тектілігі мен күші үлгі етіп келтірілетін.
 
Ілияс - Мудардың ұлы, әйелі ар-Рабабтан, Джанданың қызы, Ма'ад тайпасынан.
 
Мудар - Низардың ұлы, әйелі Саудадан, Иканың қызы.
 
Низар - Ма'дтың ұлы, әйелі Му'анадан, Джаушамның қызы, Джурхум тайпасынан.
 
Ма'ад Аднанның ұлы.
 
Тарих және хадис ғалымдары нақты деп санаған шежіре осы. Шежіренің жалғасына келер болсақ, ол нақты емес, алайда оның Ибраһим пайғамбардың  ұлы  Исмаилмен (оларға Алланың сәлемі болсын) аяқталатынына бәрі де келіседі. Дәл сол Исмаил «арабталған» арабтардың[6] арғы атасы болып саналады. Оның шежіресінің қандай мәртебелі екендігін көрген боларсыздар, бұнда тек заңды некеге тұрған тақуа еркектер мен әйелдер ғана. Алла Тағала Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  ақиқат жолдың уағыздаушысы етіп араб халқының жүрегі саналатын – құрайыштардан, арабтардың ең мәртебелі тайпасынан таңдап алмағанша ұрпақтан ұрпақ осылай жалғасатын болған.
 
Оның ата-бабаларының арасында лайықсыз адам болмаған, бәрі көрнекті адамдар мен көшбасшылар болған. Бұл әйелдер жағының да ата-бабаларына қатысты – бәрлері де қадірлі тайпалардан шыққан. Сөзсіз, шежіренің тазалығы мен заңды некеде туылу – пайғамбарлық шартының есебінде. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барлық ата-бабаларының некелері сол замандағы араб заңдары бойынша некеге отырғызылған және Алла Тағала Өзінің мейірімділігі арқылы оның арғы аталарын   кез-келген жәхилият жексұрындығынан сақтаған.
 
[1] Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әкесі Абдул-Мүтәліптің кіші ұлы болатын.
 
[2] Зухра ибн Кылап руынан, Құрайыш тайпасынан.
 
[3] Салима ибн Мансур руынан.
 
[4] Оның шын аты бір деректерде Зейд, басқаларында Муджамма'.
 
[5] Оның шын аты  — Хаким немесе Урва.
 
[6] Арабталған арабтар немесе аднаниттер (әл-'араб әл-муста'раба) —  Аднанның ұрпақтары, өз руын Исмаил пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) бастаған. Аднаниттер Араб түбегіне қоныс аударып, «таза қанды» арабтар саналатын кахтаниттерге қарағанда арабталып кеткен деп саналады (аудармашыдан).
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков