Циклы Авторы Сортировка

2 дәріс. 3-8 нақыл сөздер

2 859
16 сентября, 15
3. Шығынға қарағанда, кіріс адамның бақылауынан тыс болады.
 
Егер біз ой жүгіртсек, адамның қанша уақытын жұмысқа жұмсағаны мен оның қанша қаржы табуының арасында тікелей тәуелділіктің жоқ екенін түсінеміз. Иә, кейде тәжірибе әлдебір сыртқы өзара байланыстың бар екенін дәлелдейді, бірақ көптеген кері мысалдар да бар.
 
Сондықтан да ақыретте кедейден: «Неге сен бай болмадың?» - ал байдан: «Неге сен кедей болмадың?» деп сұрамайды. Бірақ Алла Тағаланың бұл өмірде бізге үлестіріп бергенін қалай ұстағанымыздан сұраламыз.
 
4. Шариғат – бұл білім, ал тариқат – бұл білімге сай амалдар.
 
Бір қарағанда бұл екі ұғымның айырмашылығы жоқ болып көрінеді, бірақ кез-келген адам тәһәжуд намазының қажеттілігін білуімен бұл намаздың күнделікті түнде орындалуында айырмашылқ бер екенін сезеді.
 
5. Тариқат – бұл Шариғат қызметінің тәжірибелік іске асуының атауы.
 
Басқа сөзбен айтсақ, бұл білімнен өту, мәселен сиуакты қолдану қажеттілігінен,сиуакты әрдайым қолдануға ауысу. Бірақ біздің заманымызда, өкінішке орай, тариқат — бұл сүннеттің  жаңа енгізілімдермен алмастырылуы. Тіпті егер біз жаңа енгізілімдерді«жақсы», «жаман» деп бөлетін пікірді қабылдағанның өзінде де, егер олар бұрыс ниетпен немесе егер олар сүннетті алмастырып әрі ығыстыра бастаса, «жақсы» саналатын жаңалықтарға тыйым салынуы мүмкін.
 
6. Нәпсіні емдеу  міндет (парыз).
 
Кемшіліктермен күрес — бұл діни міндет, бірақ көптеген заманауи «сопылар» кемшіліктермен күресті тек күрес туралы әңгімелерге ауыстыруда.
 
Тиісті күрес үшінбілім қажет: біріншіден, күнә туралы ілім, яғни қандай қасиет, әрекет, сөз және тағы басқалары күнә болып саналатынын білу, екіншіден, бұл күнәлардың пайда болу себептерін білу, үшіншіден, бұл күнәларды жою тәсілдерін білу. 
 
Сөзсіз, осы тақырыпқа арналған басты кітап – имам әл-Ғазалидің «Ихья улюм ад-Дин» атты кітабы.  
 
7. Бұл жолдың мақсаты мен міндеті  –  Алланың разылығынажету.
 
Оның разылығына жету жолдары мен әдістері белгілі әрі олардың ешқайсысы да қарапайым адамдардан жасырын емес.
 
Оның үстіне, Аллаға жақындау негіздері Пайғамбарымыз Мухаммедпен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  сахабаларына жеткізілген және де оның ешнәрсені жасырмағанына біз сенімдіміз.
 
Ұлы әулиелер Алланың разылығына қалай жеткен? Оны бәрі біледі: зікір, намаз, ораза кішіпейілділік, Алланың құлдарына көмек, түнгі құлшылық және басқа да көп нәрселер. Бірақ дегенмен де, басты екі сұрақ қалады: олар осының бәрін үнемі қалай жасаған және Алланың разылығына лайық болардай адалдыққа олар қалай жеткен?
 
Бұл құпияныұғыну үшін тақуаларға жақын болу керек.
 
8. Шариғатты толық орындағанда ғана Алланың разылығына жетуге болады.
 
Шынайы да толық құлшылық тек шынайы ықылас болғанда ғана болады. Себебі, кейбір кітаптарда құлшылықтағы көзбояушылық сенімсіздікболып табылады деп жазылған!
 
Дінге енген жағымсыз жаңалықтарды жақтаушылар адамдарды сүннеттен қайтаруды қалап, сүннетті ықылассыз ұстануға немесе ұсынуға болмайды деп айтады.
 
Бұл адасушылыққа өзінің «Әл-Бурудж» (жалпы түсінік) ұлы кітабында  шейх Хасан әл-Хильми, куддиса сирруху,  былай жауап берді: «Бірнәрсені жария етіп алу қорқынышынан, құлшылықтан бас тарту — бұл шайтанның жеңісі».
 
Сондықтан арамдық және көзбояушылықпен күрес құпиясының бірі — құлшылықтағы табандылық. Егер сен он жыл бойы әр күн бірнәрсе жасайтын болсаң, нәпсі үшін ол күнделікті іс болып қалады да ол онымен тәккапарлануын қояды. 
 
Егер кімде-кім Сүннетті мазақ қылса, оның тәжірибесіне қарсы шықса, одан қайтарса, онда оны бар жүрегіңмен жек көруің керек, өйткені ол: «Мухаммедтің жолын қалдыр да менің жолыма түс» деп айтады.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков