Циклы Авторы Сортировка

2 дәріс: Дәрет алу (тахарат) және аяқ жуу

4 947
11 декабря, 15
Алла Тағала Құран Кәрімде былай бұйырады:
 

 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلاةِ فاغْسِلُواْ وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُواْ بِرُؤُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَينِ
 
«Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және қолдарыңды шынтақтарыңа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі аяқтарыңды тобықтарына дейін ЖУЫҢДАР».[1]
 
Бұл аят міндетті түрде аяқтарды жалаңаш күйінде жуу керек екендігін көрсетеді. Аяқ жуу жайында көптеген хадистерде де анық және нақты түрде айтылады. Осы себепті бүкіл үммет аяқ жуу турасында ортақ бір пікірге келді. Атақты хадис білгірі, ғұлама, хафиз Ибн Хажар әл-Әскалани (Алла оны рахыметіне алсын) аяққа мәсіх тартуға болады деген сахабалар кейін бірауыздан келісіп, бұл ойларынан қайтқандығын айтады. [2] [3]
 
Ибн Әби Ләйла (Алла оны рахыметіне алсын) айтқан:[4]
 
«Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары аяқ жуудың парызы жайында ортақ бір пікірде».[5]
 
Сондықтан Әхлү сүннет ғұламаларында бұл тақырып жөнінде ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ.[6]
 
Мәсі
 
Теріден жасалған шұлыққа (мәсі) мәсіх тартудың рұқсат етілгендігіне Әхлү сүннет ғалымдары бірауыздан келіседі. Мұның бірден-бір себебі, «тауатур» дәрежесіндегі көптеген хадистер арқылы мәсіге мәсіх тартудың рұқсат етілгендігі. Егер мәсіге (теріден жасалған шұлықтарға) мәсіх тарту жайында осыншама көп хадистер болмағанда, оған тіпті рұқсат берілмес те еді. Атақты ханафи ғұламасы шейх Әбу Бәкр әл-Жассас (оны Алла рақымына бөлесін), былай жазған:[7]
 
«Бұл мәселенің жалпы қағидасы аяттағы аяқты жуу жайындағы мағына болып табылады. Егер мәсіге мәсіх тарту туралы хабар Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тауатур жолымен жетпегенде, оған (мәсіге мәсіх тартуға) келіспес едік».[8]
 
 Мүфти Таки (Алла оны рахыметіне алсын) «Фатауа» еңбегінде осыған ұқсас пікір келтірген.[9]
 
Ұлы әулие әрі фақиһ ғалым Әл-Хасан Әл-Басри (Алла оны рахыметіне алсын) теріден жасалған шұлыққа (мәсіге) мәсіх тарту туралы жетпіс сахабаның жеткізгенін айтқан.[10]

Басқа ғұламалар болса оны сексен сахаба жеткізгенін жобалаған. Мәулана Абдулхай Әл-Ләкнәуи (Алла оны рахыметіне алсын) өзінің «Ас-Сиъая» еңбегінде елуге жуық сахабадан жеткен толық мәліметті келтірген.[11]
 
Ғұлама Бадр ад Дин Әл-Айни (Алла оны рахыметіне алсын) өзінің «Шарх Маъани әл-асар» түсіндірмесінде[12]  және «әл-Биная» еңбегінде [13] алпыс шақты сахабадан жеткен дереккөзді жазған. Ол сонымен қатар бұл хадистердің дәрежесін де көрсетіп кетті. Ибн Мунда (Алла оны рахыметіне алсын) өзінің «Ат-Тазкирах» еңбегінде сексен сахабаның атын атап өткен. [14]  Ал ғұлама Синди (Алла оны рахыметіне алсын) болса, өзінің «Тауали әл-Әнуар» атты зор еңбегінде хадистердің көбінің дереккөзін келтіре отырып, бүкіл осы сексен сахабаның атын жинақтап көрсеткен.[15]
 
Сол себепті де Ибн Хажар (Алла оны рахыметіне алсын)  былай деп тұжырым жасаған:[16]
 
«Хафиздер бірауыздан мәсіге мәсіх тартудың деңгейі мутауатир деген пікірде»[17].
 
Басында мәсіге мәсіх тартумен келіспеген барлық сахабалар кейін бұл ойларынан қайтқан. Ғұлама Тахтауи (Алла оны рахыметіне алсын) «Мараки әл Фаляхқа» жазған өзінің «Хашия» еңбегінде былайша көрсеткен:[18]
 
«Сонымен бірге, Ибн Аббас, Әбу Хурайра, Айша (Алла олардан разы болсын) секілді сахабалар мәсіге мәсіх тартумен келіспеген ойларынан қайтқаны жайлы сенімді хабар жеткен».[19]
 
Ибн Абдул Барр (Алла оны рахыметіне алсын) былайша пайымдаған:[20]
 
«Бадр, Худайбияға қатысушылардың барлығы, мухажирлер мен ансарлар, (расында да) сахабалар, табиғиндер мен фақиһтер мәсіге мәсіх тартқан».[21]
 
Сонымен қатар, Ибн әл-Мубарактан (Алла оны рахыметіне алсын) мынадай мәлімет жеткен:[22]
 
«Мәсіге мәсіх тарту турасында сахабалар арасында ешқандай талас-тартыс, келіспеушіліктер жоқ».[23]
 
Жоғарыда келтірілген мәлімдемелер мәсіге мәсіх тарту тауатур жолымен жеткендігін, оны Құраннан аят нақтылап тұрғанын көрсетеді. Егер бұл жайында Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір-екеуі ғана жеткенде, хабардың мұндай аз саны Құрандағы аяттың жалпылама қағидасын нақтылауға жетпес еді. Бұл, яғни, Ахбари-Ахад Құран аяттарының жалпы қағидасын нақтылауға немесе алып тастауға құқылысыз дегенмен пара-пар.
 
Ғұлама Жассас (Алла одан разы болсын) былай деп айтқан:[24]
 
«Мәсіге (теріден жасалған шұлық) мәсіх тарту Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тауатур және истифаза жолымен жетіп, бекітілді әрі бұның түбінде сөзсіз терең білім көзі жатыр. Әбу Юсуф: «Құрандағы үкім күшін сүннет арқылы өзгертуге, алып тастауға болады, егер де ол мәсіге мәсіх тарту жайында жеткен хабардың дәрежесінде болса, яғни истифаза жолымен жетсе. Бәрімізге белгілі болғандай, сахабалардың ешбірі мәсіге мәсіх тартуға қарсылық білдірмеген және Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) да солай мәсіх тартқанына күмәнданбаған».[25]
 
Бұдан бөлек, кейбір ғұламалар болса, аятта келген وَأَرْجُلكُم сөзін қырағат бойынша «кәсра» әрпімен оқылады деп пайымдаған:[26]
 
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلاةِ فاغْسِلُواْ وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُواْ بِرُؤُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَينِ
 
Алайда көптеген ғалымдар бұл дәлелді (истидләл) қабылдамаған.[27]  Бұған себеп, аятта  إِلَى الْكَعْبَينِ  деп нақты айтылуы және мәсіге мәсіх тартатын орын тобыққа дейін жетпейді деген ортақ пікірге бірауыздан келген.[28]
 
Осы тарауды «Сахих Бухариге» жазылған кереметтей «Умда әл-Қари» атты түсіндірмеден алынған үзіндімен қорытындылауды жөн санадық, онда мәсіге мәсіх тарту турасындағы сұрақ бойынша біздің алдымызда өткен бұрынғы ізгі мұсылмандардың ұстанымы анық жазылған. Еңбектің авторы, ғұлама Бадр ад Дин Әл Айни былай жазады:[29]
 
«Мәсіге (теріден жасалған шұлыққа) мәсіх тартуға болатындығын (хадис) көрсетіп тұр. Бұны тура жолдан тайған бидағатшыдан (дінге жаңалық енгізуші адам) басқа ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен де, хариджиттер бұған рұқсат жоқ деген ұйғарымда. «Әл-Бадаъи» авторы былай деп айтқан: «Мәсіге мәсіх тартуға бүкіл фақиһтер мен сахабалар бірауыздан келіскен, тек Ибн Аббастан жеткен хабар бойынша рұқсат етілмейді делінеді, және рафидиттер осы пікірді ұстанады». Сонымен қатар ол былай көрсеткен: «Әл Хасан Әл-Басриден былай деп айтқаны жеткізілген: «Мен Бадр соғысында мәсіге мәсіх тартуға болады деген жетпіс сахабаны көрдім».  Сондықтан да имам Әбу Ханифа бұл ұстанымды әхлү сүннетке сай деп есептеген. Ол: «Біз Шейхтарға айрықша ілтипат көрсетеміз (яғни халифа Әбу Бәкр мен Омар), біз екі күйеу балаға деген сүйінпеншілік танытамыз (Осман мен Әлиге), біз мәсіге мәсіх тартуға болады деген пікірдеміз және набизді тыйым салынған нәрсе деп есептемейміз». Сонымен қатар, имам Әбу Ханифаның былай деп айтқаны жеткен: «Мен мәсіге мәсіх тарту туралы ұстаным жарық күндей ашық, айқын болғанға дейін ол туралы пікір айтқан емеспін». Демек, мұны мойындамау дегеніміз  ұлы сахабалардың (Алла олардан разы болсын) пікірін жоққа шығарумен бірдей және олар қате жасады дегенмен тең. Сондықтан да мұны мойындамау бидағат (дінге жаңалық енгізу) болып табылады. Имам Кархи: «МӘСІГЕ МӘСІХ ТАРТУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ ДЕП ЕСЕПТЕМЕГЕН АДАМДА КҮПІРЛІК БАР ДЕП ҚАУІПТЕНЕМІН», - деп айтқан. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да мәсіге мәсіх тартқан деген пікір бойынша мұсылман үмметінде келіспеушіліктер жоқ...»[30]
 
[1] Құран, 5:6
 
[2] «Фатх әл-Бари», 1/352
 
[3] وقد تواترت الأخبار عن النبي صلى الله عليه و سلم في صفة وضوئه أنه غسل رجليه وهو المبين لأمر الله وقد قال في حديث عمرو بن عبسه الذي رواه بن خزيمة وغيره مطولا في فضل الوضوء ثم يغسل قدميه كما أمره الله ولم يثبت عن أحد من الصحابة خلاف ذلك الا عن على وبن عباس وأنس وقد ثبت عنهم الرجوع عن ذلك (فتح الباري - ابن حجر - (ج 1 / ص 352 قديمي كتب خانه
 
[4]أجمع أصحاب رسول الله صلى الله عليه و سلم على غسل القدمين رواه سعيدبن منصور (فتح الباري - ابن حجر - (ج 1 / ص 352 قديمي كتب خانه) أ 
 
[5] «Фатх әл-Бәри», 1/352
 
[6]الرابع عشر: فيها الرد على الرافضة، على قراءة الجمهور بالنصب، وأنه لا يجوز مسحهما ما دامتا مكشوفتين. (تفسير السعدي - (ج 1 / ص 222) أ
اختلفوا في إعراب أرجلكم فالأصح الحق الحقيق هو النصب بأنه معطوف علي وجوهكم و أيدكم فيكون داخلا تحت الغسل (التفسيرات الأحمدية (ج 1 / ص 346)
(ولا خلاف بين فقهاء الأمصار في أن المراد الغسل (أحكام القرآن للجصاص - (ج 2/ ص 433
 
[7] (والأصل فيه أنه قد ثبت أن مراد الآية الغسل على ما قدمنا فلو لم ترد الآثار المتواترة عن النبي صلى الله عليه و سلم في المسح على الخفين لما أجزنا المسح(أحكام القرآن للجصاص - (ج 2/ ص 440 
 
[8] «Ахкам әл-Құран», 3/440
 
[9] (1/270)
 
[10] «Әл-Мухит әл-Бурхани» (1/339), «Фатх әл-Бари» (1/404), «Талхис әл-хабир» ((1/415), «Ат-Тамхид» (11/37), «Әл- Биная» (1/394), «Гунья әл-мутамалли» (104 бет) және т.б.
 
[11] (1/558-560)
 
[12] «Нухаб әл-афкар» (1/510-514), сонымен қатар қараңыз: «Ас-Сигая» (1/560-561)
 
[13] (1/390-391)
 
[14] «Магариф ас-сунан», 1/332
 
[15] (Q 297/Alif - Q 298/Alif, махтут)
 
[16] (وقد صرح جمع من الحفاظ بأن المسح على الخفين متواتر (فتح الباري - ابن حجر - (ج 1 / ص 404
 
[17] Бұл да - «Найл әл-Аутар». 1/194
 
[18] (وما روي عن الصحابة كابن عباس وأبي هريرة وعائشة رضي الله عنهم من إنكاره فقد صح رجوعهم إلى جوازه كما في النهاية وغيرها (حاشية الطحاوي على مراقي الفلاح - (ج 1 / ص 83
 
[19] «Хашия ат-Тахтауи алә әл-Мараки», 1/83 (олардың өз ойларынан қайтқанына дәлел, қараңыз: «Әл-Мабсут» (1/92), «Найл әл-Аутар» (1/195), «Фатх баб алинаях» 1/121, «Ас-Сигая» 1/562 және т.б.)
 
[20]    وقال أبو عمر بن عبد البر مسح على الخفين سائر أهل بدر والحديبية وغيرهم من المهاجرين والأنصار وسائر الصحابة والتابعين والفقهاء (عمدة القاري شرح صحيح البخاري - (ج 3 / ص 97) 
 
[21] «Умдаәл-Кари» (3/97), «Ат-Тамхид» (11/137)
 
[22] (نقل ابن المنذر عن ابن المبارك قال ليس في المسح على الخفين عن الصحابة اختلاف (فتح الباري - ابن حجر - (ج 1 / ص 404
 
[23] «Фатх әл Бәри» (1/404), «Найль аль Аутар» (1/195)
 
[24] قال أبو بكر قد ثبت المسح على الخفين عن النبي صلي الله عليه و سلم من طريق التواتر والاستفاضة
 
[25] «Ахкам әл-Құран»; имам Әбу Юсуфтың осындай пайымдауларын мына еңбектерден табуға болады: «Әл-Мабсут» (1/92), «Әл-Ихтияр» (1/37), «Бадаъи ас санаъи» (1/77), «Мажма әл-анхур» (1/45), «Ъуня әл мутамалли» (104 бет) және т.б.
[26] «Тафсират әл Ахмадия» (347 бет), «Тафсир Ибн Кясир» (2/25), «Бадахи ас-санаъи» (1/76, 78), «Тауали әл-Әнуар» (Q298/Alif, махтут), «Ас-Сиъая» (1/558) және т.б.
[27] «Әл Биная» (1/393), «Табйин әл-Хакаик» (1/137), «Фатх Аллах әл-маин» (1/99), «Аль-Бахр ар-раик» (1/165), «Тауали әл-Әнуар»(Q295/Baa, Q298/Alif; махтут), «Ъуня әл-мутамалли» (1/107), «Ас- Сигая» (1/566) және т.б.
 
[28] «Ас-Сигая» (1/566), «Мажма әл-Әнхур» (1/45), «Тауали әл-Әнуар» (Q298/Alif, махтут) және т.б.
 
[29]فيه جواز المسح على الخفين ولا ينكره إلا المبتدع الضال وقالت الخوارج لا يجوز وقال صاحب ( البدائع ) المسح على الخفين جائز عند عامة الفقهاء وعامة الصحابة إلا شيئا روي عن ابن عباس أنه لا يجوز وهو قول الرافضة ثم قال وروي عن الحسن البصري أنه قال  أدركت سبعين بدريًا من الصحابة كلهم يرى المسح على الخفين ولهذا رآه أبو حنيفة من شرائط أهل السنة والجماعة فقال نحن نفضل الشيخين ونحب الخنتين ونرى المسح على الخفين ولا نحرم نبيذ الجر يعني المثلث وروي عنه أنه قال ما قلت بالمسح حتى جاءني مثل ضوء النهار فكان الجحود ردا على كبار الصحابة رضي الله تعالى عنهم ونسبته إياهم إلى الخطأ فكان بدعة ولهذا قال الكرخي أخاف الكفر على من لا يرى المسح على الخفين والأمة لم تختلف أن رسول الله مسح وقال البيهقي وإنما جاء كراهة ذلك عن علي وابن عباس وعائشة رضي الله تعالى عنهم فأما الرواية عن علي سبق الكتاب بالمسح على الخفين فلم يرو ذلك عنه بإسناد موصول يثبت مثله وأما عائشة فثبت عنها أنها أحالت بعلم ذلك على علي رضي الله تعالى عنه وأما ابن عباس فإنما كرهه حين لم يثبت مسح النبي صلى الله تعالى عليه وسلم بعد نزول المائدة فلما ثبت رجع إليه وقال الجوزقاني في ( كتاب الموضوعات) إنكار عائشة غير ثابت عنها وقال الكاشاني وأما الرواية عن ابن عباس فلم تصح لأن مداره على عكرمة وروي أنه لما بلغ عطاء قال كذب عكرمة وروي عن عطاء أنه قال كان ابن عباس يخالف الناس في المسح على الخفين فلم يمت حتى تابعهم وفي ( المغني ) لابن قدامة قال أحمد ليس في قلبي من المسح شيء فيه أربعون حديثا عن أصحاب رسول الله ما رفعوا إلى رسول الله وما لم يرفعوا وروي عنه أنه قال المسح أفضل يعني من الغسل لأن النبي وأصحابه إنما طلبوا الفضل وهذا مذهب الشعبي والحكم وإسحاق وفي ( هداية الحنفية ) الأخبار فيه مستفيضة حتى إن من لم يره كان مبتدعا لكن من رآه ثم لم يمسح أخذ بالعزيمة وكان مأجورا وحكى القرطبي مثل هذا عن مالك أنه قال عند موته وعن مالك فيه أقوال أحدهما أنه لا يجوز المسح أصلا ...... …وقال الميموني عن أحمد فيه سبعة وثلاثون صحابيا وفي رواية الحسن بن محمد عنه أربعون وكذا قاله البزار في (مسنده)
 
[30] «Умда әл-Қари» (3/97), осыған ұқсас мәтін «Бадаъи ас-санаъиде» кездеседі (1/77)

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков