Циклы Авторы Сортировка

2 дәріс. Есеп күнінің атаулары

8 560
9 января, 15
Біз Қиямет қайымның белгілері жайлы әңгіме қозғап жатқандықтан, Құран Кәрімде бұл күннің қандай атаулармен келгенін де айтып кетуді жөн санадық.

1. Сағат (әс-Саъа)

Ұлы Алла Тағала былай дейді:
 
قُلْ أَرَأَيْتَكُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُ اللَّـهِ أَوْ أَتَتْكُمُ السَّاعَةُ أَغَيْرَ اللَّـهِ تَدْعُونَ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ

Мағынасы: «Аллаға ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Алланың азабы келсе немесе қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, маған білдіріңдер» де(Әнғам сүресі, 40 аят)

2.  Қайта тірілу күні
 
قَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَالْإِيمَانَ لَقَدْ لَبِثْتُمْ فِي كِتَابِ اللَّـهِ إِلَىٰ يَوْمِ الْبَعْثِ ۖ فَهَـٰذَا يَوْمُ الْبَعْثِ وَلَـٰكِنَّكُمْ كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

Мағынасы: «Ал ғылым және иман берілгендер: “Расында Алланың жазуындағы тірілетін күнге дейін тұрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер” дейді» (Рум сүресі, 56 аят)
 
3. Діннің күні / Сот күні
 
وَقَالُوا يَا وَيْلَنَا هَـٰذَا يَوْمُ الدِّينِ

Мағынасы: «Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі» (Саффат сүресі, 20 аят)

4. Қасырет күні
 
وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

Мағынасы: «Ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт» (Мәриям сресі, 39 аят)

5. Мәңгілік мекен
 
وَمَا هَـٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا لَهْوٌ وَلَعِبٌ ۚ وَإِنَّ الدَّارَ الْآخِرَةَ لَهِيَ الْحَيَوَانُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ

Мағынасы: «Бұл дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ақырет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе еді.»(Әнкабут сүресі, 64 аят)

6. Шуласу күні
 
وَيَا قَوْمِ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ يَوْمَ التَّنَادِ

Мағынасы: «Әй елім! Расында мен, сендерге келетін ойбайласу күнінен қорқамын!» (Ғафир сүресі, 32 аят)

7.Тұрақтау мекені
 
يَا قَوْمِ إِنَّمَا هَـٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا مَتَاعٌ وَإِنَّ الْآخِرَةَ هِيَ دَارُ الْقَرَارِ

Мағынасы: «Әй, елім! Шын мәнінде бұл дүние тіршілігі,- уақытша пайдалану. Сөзсіз ақырет, ол - тұрақты жұрт» (Ғафир сүресі, 39 аят)

8. Билік күні 
 
هَـٰذَا يَوْمُ الْفَصْلِ الَّذِي كُنتُم بِهِ تُكَذِّبُونَ

Мағынасы: «Бұл сендер жалғанға шығарған билік күні!» (Саффат сүресі, 21 аят)

9. Жиналу күні
 
وَكَذَٰلِكَ أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ قُرْآنًا عَرَبِيًّا لِّتُنذِرَ أُمَّ الْقُرَىٰ وَمَنْ حَوْلَهَا وَتُنذِرَ يَوْمَ الْجَمْعِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۚ فَرِيقٌ فِي الْجَنَّةِ وَفَرِيقٌ فِي السَّعِيرِ

Мағынасы: «Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арабша бір Құран уахи еттік. Ол күні бір топ жаннатта, бір топ тозақта» (Шура сүресі, 7 аят)

10. Қауіп күні
 
وَنُفِخَ فِي الصُّورِ ۚ ذَٰلِكَ يَوْمُ الْوَعِيدِ

Мағынасы: «Сүр үрленеді. Осы уәделі күн!» (Қаф сүресі, 20 аят).

11. Есеп күні
 
وَقَالُوا رَبَّنَا عَجِّل لَّنَا قِطَّنَا قَبْلَ يَوْمِ الْحِسَابِ

Мағынасы: «Олар: "Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет" десті»(Сад сүресі, 16 аят)

12. Мәңгілік күні
 
ادْخُلُوهَا بِسَلَامٍ ۖ ذَٰلِكَ يَوْمُ الْخُلُودِ

Мағынасы: «"Жұмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні" делінеді» (Қаф сүресі, 34 аят)

13. Шығу күні (қабырдан)
 
يَوْمَ يَسْمَعُونَ الصَّيْحَةَ بِالْحَقِّ ۚ ذَٰلِكَ يَوْمُ الْخُرُوجِ

Мағынасы : «Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабырдан) шығатын күн» (Қаф сүресі, 42 аят)

14. Оқиға
 
فَيَوْمَئِذٍ وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ

Мағынасы: «Міне сол күні, қияметуақиғасы болады» (Хаққа сүресі, 15 аят)

15. Болуы анық күн
 
الْحَاقَّةُ ﴿١﴾ مَا الْحَاقَّةُ ﴿٢﴾ وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحَاقَّةُ ﴿٣﴾

Мағынасы:«Болуы анық қиямет. Ол, болуы анық не нәрсе? Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?» (Хаққа сүресі, 1-3 аят)

16. Ірі оқиға (Қиямет)
 
فَإِذَا جَاءَتِ الطَّامَّةُ الْكُبْرَىٰ ﴿٣٤﴾ يَوْمَ يَتَذَكَّرُ الْإِنسَانُ مَا سَعَىٰ

Мағынасы: «Сендер және малдарың пайдалану үшін. Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте.Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады» (Нәзиғат сүресі, 34 аят )
 
17. Құлақ тұндыратын дауыс
 
فَإِذَا جَاءَتِ الصَّاخَّةُ ﴿٣٣﴾ يَوْمَ يَفِرُّ الْمَرْءُ مِنْ أَخِيهِ ﴿٣٤﴾ وَأُمِّهِ وَأَبِيهِ ﴿٣٥﴾ وَصَاحِبَتِهِ وَبَنِيهِ ﴿٣٦﴾ لِكُلِّ امْرِئٍ مِّنْهُمْ يَوْمَئِذٍ شَأْنٌ يُغْنِيهِ ﴿٣٧﴾ وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ مُّسْفِرَةٌ ﴿٣٨﴾ ضَاحِكَةٌ مُّسْتَبْشِرَةٌ ﴿٣٩﴾ وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ عَلَيْهَا غَبَرَةٌ ﴿٤٠﴾ تَرْهَقُهَا قَتَرَةٌ ﴿٤١﴾ أُولَـٰئِكَ هُمُ الْكَفَرَةُ الْفَجَرَةُ

Мағынасы: «Ал енді қатты дауыс келген сәтте, сол күнікісі туысынан қашады. Шешесінен, әкесінен. Әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі ауыр. (Әркім өз халімен әлек.) Ол күні кейбір жүздер жарқырайды, Күлген, қуанышты. Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады. Оны қара түнек қаптаған болады. Міне солар, қарсы келген бұзақылар» (Ғабаса сүресі,33-42 аят)

18. Жақын қалған күн
 
وَأَنذِرْهُمْ يَوْمَ الْآزِفَةِ إِذِ الْقُلُوبُ لَدَى الْحَنَاجِرِ كَاظِمِينَ ۚ مَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ حَمِيمٍ وَلَا شَفِيعٍ يُطَاعُ

Мағынасы:«Оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректері жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та, ықпалды болушы да болмайды» (Ғафир сүресі, 18 аят).

19. Ұлы жоқшылық
 
كَذَّبَتْ ثَمُودُ وَعَادٌ بِالْقَارِعَةِ ﴿٤﴾ فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهْلِكُوا بِالطَّاغِيَةِ

Мағынасы: «Самұд, Ғад елдері, олар үрейлі қияметті жалғанға айналдырды. Бірақ Самұд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды» (Хаққа сүресі, 4 аят).
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков