Циклы Авторы Сортировка

2 дәріс. Қиямет күнінің үлкен белгілерінің реттілігі жөніндегі ғалымдардың пікірлері

3 878
10 марта, 16
Риуаяттардағы қайшылықтарға бола ғалымдар бұл оқиғалардың орын алуын – қай белгі бірінші, ал қайсысы – соңғы болатынының реттілігі турасында әртүрлі пікірді ұстанады.
 
Ибн Хаджар «Әл-Фатхта» былай айтқан:

«Барлық хабарламалардың ішінде, әлемнің жалпы ғаламдық өзгерісіне әкеліп соғатын Дәжжалдың пайда болуы бірінші ірі оқиға екендігі сенімдірек болып көрінеді және бұл Исаның, оған Алланың сәлемі болсын, өлімімен аяқталады. Ал күннің Батыстан шығуы көк әлемінің өзгерісін көрсететін бірінші оқиға болады, ол Қиямет күнінің болуымен бітеді.  Бәлкім, Жануардың пайда болуы күннің Батыстан шыққан күні орын алады».

Сондай-ақ, ол былай айтқан:  «Мұның даналығы мынада: күн Батыстан шыққан күні, тәубе есіктері жабылып, мүміндер мен мүшріктерді ажырату үшін осы Жануар пайда болады да тәубе есіктерінің жабылуын тәмамдайды. Ал Қиямет күнінің басталуының тікелей бірінші  белгісі, - адамдарды жалмайтын От»[1].
 
Ибн Касир болса, әдеттегі істің барысына адам нанғысыз нәрсе болып көрінетін Жануардың пайда болуын жердегі бірінші белгі деп, ал күннің Батыстан шығуын көктің бірінші белгісі деп санайды.
 
Ал Дәжжалға, Исаға, Яджуж бен Маджужге және басқа оқиғаларға келер болсақ, Ибн Касирдің түсінігі бойынша, олар әдеттегі істер барысы бола алады және күннің Батыстан шығар уақыты мен Жануардың пайда боларына  дейін болуы мүмкін[2].
 
Бұл екі пікірдің қасында, Ибн Хаджар әл-Аскаланидің, рахимахуллах, ұстанымы әлдеқайда түсінікті және ақылға қонымды, өйткені Дәжжал адам болса да, алайда іс жүзінде оның пайда болуы — бірінші үлкен белгі, өйткені оның бұйрығы бойынша жаңбыр жауып, жер өнім беріп және әдетте болмайтын басқа дүниелер бола бастайды.
 
Ал ат-Тыби, рахимахуллах, былай айтқан:
 
«Қиямет күнінің белгілері не оның жақын қалғанын, не оның басталғанын білдіреді. Біріншілеріне - Дәжжал, Ғисаның, оған Алланың сәлемі болсын, түсуі, Яджуж бен Маджуж әрі тұтылу, ал екіншілеріне – Түтін, күннің Батыстан шығуы, Жануардың пайда болуы және От жатады»[3].
 
Ат-Тыбидің, рахимахуллах, осы жіктеуі өте анық және ақылға қонымды, расымен де, Қиямет күнінің бір үлкен белгілері Уақыттың жақын екенін, алайда адамға әлі де болса тәубасына келіп, Исламды қабылдауына мүмкіндігі бар екендігін білдірсе, ал басқа  белгілері Қиямет күнінің басталғанын, тәуба есіктерінің жабылып, енді адам Исламды қабылдау мүмкіндігінен айырылғанын білдіреді.
 
[1] Фатх, 11/353.
 
[2] Ан-Нихая, 1/164-168.
 
[3] Фатх, 11/352-353.

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің Үлкен белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков