Циклы Авторы Сортировка

2-ші насихат. Ілім алудағы ниет

3 959
17 марта, 15
Ілім алудағы ниет
 
Ислами ілім алу жолына түскен адамның ниеті қандай болуы тиіс?

Жауап қарапайым ғана: оның ниеті Алла Тағала үшін, Оның разылығы үшін болуы қажет.

Ол адам дәріс уақытында болсын, әлде өздігімен кітап оқып, жаттау үстінде болсын, дәріске барар және қайтар жолында да, кітап сатып алмақшы болсын, өзіне ұстаз іздестірер сәтінде де және т.б.  жағдайда, оның жан дүниесі мен ақылында әлгі ниет болуы керек.

Ал, Алла разылығына жетем деген адам алған ілімін тәжірибе жүзіне асыра білуі тиіс. Тәжірибе жүзі дегенде, «хадисті оқып алдым да, айтылғанын орындадым» деп  таяз түсіне салу қате пікір. Нағыз тәжірибе – ол, мәселен, фикһ кітаптарынан алынған бұйрық пен тыйымдарды ұстану, Құранды тәжуид қағидаларын ұғына отырып оқу, ауыз екі тіл мен жазба сөзде араб тілі бойынша өткен сарф (морфология) және нахв (синтаксис) ережелерін  сақтау.

Сонымен бірге, дініміздің рухани және әдептілік жақтарының да іс жүзіне асуын ұмытпаған дұрыс: күнә атаулы мен жүрек дерттері, оны емдеу жолдары, үлгі етерлік көркем қасиеттер мен іс-әрекеттер, әдептілік тәртібі. Исламның бұл жақтары тәжірибе жүзінде сәтті іске асуы үшін, адамды қиын жолмен алып жүрсе де, түбінде кемелдікке жеткізетін рухани тәлімгердің қол астында тәрбиеленгені абзал.
 
Ниет турасында айтылғанның бәрі –  барша мұсылманға қатысты, тіпті, оның білімі қалай және қай деңгейде алынған болса да. Қатарымызға жаңа қосылып, «әл-Фатиха» сүресін енді жаттап, өмірінде ең алғашқы намазын оқығалы тұрған мұсылман мен студент шәкірттеріне Құран түсіндіріп беретін, құрметке ие болған ілім иесі болсын – ол екеуі де мұның бәрін бір Алла үшін, Оның разылығы үшін ғана істейді. Мұны ұмытпағанымыз жөн!
 
Енді ілім алу жолында шәкірттің тап болатын  қауіптеріне тоқталсақ.
 
Шейх Мұхаммед Аууам, Алла Оған пана болғай, мына тізімдерді шариғи ілім алуда кезігетін  қауіптерге жатқызып, замандастарымызды бұдан сақ болуға шақырады:
 
1. Өзара ілім иелері арасындағы және Исламдағы әртүрлі топтардың арасында  туындаған келіспеушіліктерге кіріп кету;

2. Өте көп сауал қою;

3. Артық әңгімелер қозғау;

4. Өте сирек кезігетін сұрақтарды зерттеу;

5. Аз танылған, сирек кездесетін кітаптардағы дәйексөздерге қызығу;

6. Көзі тірі ұстаздардан тәлім алмай, тек кітаптардан ғана білім алу;

7. Ілім алушы адамның әдебі мен адамгершілік кейпінен алыстау;

8. Ілім – ол, тек санадағы тек жаттанды мәліметтер, көптеген дәйексөздер көзі ғана, жиындардағы жәй ғана жүгіртіп оқи шығатын сөз деп ұғыну;

9. Адамдарды таңдандырып және ең білімді болып көріну үшін  шамадан тыс заманауи құралдарға, мысалға, компьютерлік бағдарламалар мен ғаламторға жүгіну. Бұл тұста оған көзі тірі шейхтармен араласу қажет болмай қалады. Мұндай адамның әрекеті Пайғамбарымыздың, (оған Алланың сәлемі мен игілігі болғай), мына бір хадисіне тап келгендей: «...Адамдар өздеріне надан біреуді басшы етіп алады да, білмегенін солардан сұрайды, әрі сұрағына білімсіз жауап алады. Осылайша олар жолдан (ақиқат жолынан) тайып, өзгелерді де жолдан тайғызады»

10. Нақты ілім дегенді жаңа басылған кітаптар жайлы хабарың болу деп қана ұғыну, яғни, жаңа жарық көрген қайсы еңбек,оның  редакторы (мухаккык) кім, ол қолжазба қайда сақталған т.б осы секілді.

Ал, нағыз ілім бұл емес, бұдан да жоғары, әрине. Нағыз ілім – түсінгенің әрі жаттағаның, іс жүзінде улгілі, көркем қасиеттерді игеруің, Әлемдердің Раббысына деген құлшылығың артып әрі жақсаруы, ішкі дүниеңе қатал қарап, одан есеп алып үйренуің және Адамзаттың Жолбастаушысы, (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын), Сүннетіне, оның сахабалары мен тақуалықты ұстанған ілім иелерінің ізіне еруің.

Міне, сол себепті де, мұсылман үшін Пайғамбарымыздың, (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын), өмірбаянын (сира) оқып, оның сахабаларының, алдыңғы ілім иелерінің (саляфтар), әртүрлі ғылым имамдарының өмірімен таныс болу өте маңызды.

Сонымен қатар, ілім сапарында берік болу, ілімнің шынайы мәнін, оған жетуге дағдылану қажеттігін түсіну үшін шейх, (Алла оны рақымына бөлесін), мына кітаптарды да оқуға кеңес береді:

 • «Аль-Джамиʼли ахляк ар-рави ва адаб ас-самиғ» имам Хатыбаль-Багдади.

• «Тазкира ас-самиʼ ва аль-мутакаллим» имам Ибн Джамаʼа.

• «Ихья ʼулюм ад-дин» имам әл-Ғазали («Книга знания», орыс тіліне аударылған).

• «Фадль ʼильм ас-саляф ʼаля аль-халяф» и «Шарх хадис Аби Дарда…» имам Ибн Раджаб аль-Ханбали.
 
Алланың қалауы болып, мұны оқып әрі жүрегіне сіңіре алған пендені үлкен табыс күтіп тұр.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков