Циклы Авторы Сортировка

20 бөлім. Мұсылмандардың қудалануы (2 бөлім)

2 612
5 апреля, 16
Имам әл-Бұхари, Абдулла ибн Масғұдтан, оған Алла разы болсын, жеткізген келесі оқиға да пұтқа табынушылардың Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай зиян келтіргендерінің мысалы бола алады.  Ибн Масғұд, оған Алла разы болсын, былай айтқан:
 
«Біз Пайғамбарымызбен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешітте бірге болғанбыз, ол намаз оқып жатқан болатын. Осы кезде Әбу Жәһіл айтты:
 
- Сендердің қайсыларың түйенің ішек-қарнын әкеліп, Мұхаммед сәждеге барғанда арқасына төге алады? 
 
Сонда Абду-Шамс руынан Укба ибн Әбу Муʼайт ибн Әбу Амр ибн Умайя орнынан тұрып, ішек-қарынды алып келеді де, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәждеде жатқан кезінде үстіне төге салады. Пайғамбардың төңірегінде болған мұсылмандардың ешбірі оның үстіндегіні алып тастай алмады, өйткені пұтқа табынушыларға қарсы тұратындай олардың саны өте аз еді. Ал Алла Елшісі болса, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қызы Фатима келіп, оның үстіндегі қан-жынды алып тастамағанша, сол қалпында, қозғалмастан басын да көтермей жата береді. Құлшылығын аяқтап, орнынан тұрған кезде Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оны осылай мазақ еткендерді лағынеттеп, әр қайссының есімдерін атап, Жаратушыға жалбарынды:
 
- Уа, Алла! Құрайыштарға Өзіңнің жазаңды бер!».
 
Ибн Масғұд, оған Алла разы болсын, сосын былай айтады:
 
«Мен сол жерде есімдері аталғандардың бәрінің Бадр шайқасында өлгендерін көрдім».
 
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, және Әбу Жәһіл туралы басқа оқиға да айтылады. Әл-Ираш деген бір адам Әбу Жәһілге түйелерін сатады, бірақ ол оған ақшасын беруге асықпайды. Әл-Ираш оған ақшасын алып беруге көмектесетін біреуді тауып алмақ болып, құрайыштардың жиналысына келеді. Сонда Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Әбу Жәһілмен қастығын білетін біреу, келеке етіп оған Пайғамбарымызды  көрсетеді. Әлгі адам Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  келіп, Әбу Жәһіл екеуінің арасындағы дауды шешіп беруге көмек сұрайды. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уәде беріп, Әл-Ирашпен бірге Әбу Жәһілдің үйіне барады да, есігін қағады. Әбу Жәһил:
 
- Бұл кім?
 
- Мұхаммед.
 
Әбу Жәһіл есігін ашып, қорқыныштан бозарып кеткен түрімен сыртқа шығады. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған:
 
- Мына адамның ақысына тиесілі нәрсесін бер.
 
Әбу Жәһил былай жауап береді:
 
- Кетпе, қазір мен оның ақшасын алып шығамын.
 
Олар біраз күтіп тұрады да, ақыры әл-Ираш өз ақшасын алады.  
 
Құрайыштар қайран қалады:
 
- Саған қасірет болсын, иә Абул-Хакам! Сені оған осылайша оңай беріле салар деп ойламап едік!
 
Әбу Жәһил былай жауап қатады:
 
- Алламен ант етейін, ол есікті қаққанда, мен қорқынышты дауыс естідім. Қарап қалсам, оның төбесінен өзім ешқашан көрмеген түйені көрдім![1]
 
Пайғамбарымызды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қорлағандардың ішінен әкесінің бауыры Әбу Ләхаб ибн Абдул-Мүттәлібті айтуға болады, ол оған тіпті бөтен адамдардан да жаман қарым-қатынас жасаған. Сонымен қоса ол Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көршісі бола тұра, талай рет қоқыс пен нәжістерді оның есігінің алдына төгіп отырған.

Қоқыстарды тазалай отыра, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтатын:
 
- Уа, бану Абду Манаф! Бұл не деген көрші өзі?!
 
Әбу Ләхабтың әйелі Умм Жамил, Харба ибн Умайяның қызы, күйеуінің жиіркенішті істеріне көмектесетін. Ол Пайғамбарымызды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үздіксіз балағаттайтын және ол туралы өсек тарататын, әсіресе өзі мен күйеуі жөніндегі «Мәсәд» сүресі түскеннен бері»[2].
 
Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  екінші көршісі Уқба ибн Әбу Муғайт та оған аз қорлық көрсетпеген.  Шамамен ол да Әбу Ләхаб жасаған дүниелерді жасайтын. Бір күні Уқба үйлену тойын жасап, оған айтулы деген құрайыштарды шақырады. Солардың ішінде, Алла Елшісі де болады. Ол Уқбаға былай айтады:
 
- Алламен ант етемін, сен Аллаға иман келтірмегенше, мен сенің асыңнан дәм татпаймын.
 
Уқба иман куәлігін айтады. Оның жақын досы Убай ибн Халяф әл-Джумах әл-Құрайыш бұл туралы естіп, Укбадан сұрайды:
 
- Сен туралы не айтып жүргендерін білесің бе?
 
Уқба былай жауап береді:
 
- Сондай ештеме болған жоқ. Жай ғана бекзат нәсілді бір адам менің үйіме келіп, оның қалаған нәрсесін айтпағанымша, дәмнен алмайтынын айтқан. Мен оның талабын орындамауға ұялдым, өйткені ол расымен де астан дәм татпай кетіп қалуы мүмкін еді, сондықтан да мен оның естігісі келгенін айта салдым. 
 
Оның мұнысына Убай былай айтады:
 
- Мұхаммедтің бетіне түкіріп, оны ұрмайынша, мен сенімен араласпайтын боламын.
 
Бұл бейшара, келесі жолы Алла Елшісін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын кездестіргенде Убайдың оған бұйырғанын жасайды! Алла Тағала  ол туралы «Фурқан» сүресінің мына аяттарын түсірген:
 
وَيَوْمَ يَعَضُّ الظَّالِمُ عَلَى يَدَيْهِ يَقُولُ يَا لَيْتَنِي اتَّخَذْتُ مَعَ الرَّسُولِ سَبِيلًا
 
يَا وَيْلَتَى لَيْتَنِي لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلًا
لَقَدْ أَضَلَّنِي عَنِ الذِّكْرِ بَعْدَ إِذْ جَاءنِي وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِلْإِنسَانِ خَذُولًا

Мағынасы: «Ол күні әр залым өз қолын шайнап: “Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді” дейді. “Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленшені дос тұтпағанда едім…” “Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады”!» (25:27–29).
 
[1] Ибн Хишам Әбу Жәһілдің жауабын былай жеткізген:«Сендерге қасірет болсын! Алламен ант етемін, есік қағылып, мен оның дауысын естігенімде, денемді үрей билеп алды.  Мен шыққанымда, оның басының үстінде тұрған бұрын-соңды көрмеген қорқынышты басы, мойны мен азулары бар түйені көрдім.  Егер мен бас тартқанымда, онда ол мені жеп қояр еді».
 
[2] http://www.azan.kz/article/show/id/9435.html толықтай  қараңыздар.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков