Циклы Авторы Сортировка

20 дәріс. 63-65 нақыл сөздер

2 103
16 декабря, 15
63. Шынайы махаббат  –  бұл тәкаппарлық пен даңққұмарлыққа қарсы жақсы дәрі.
 
Махаббат – бұл мәні пайдакүнемдіктен ада, пайда аңсау мен оңай олжа табуды меңземейтін аз сезімдердің бірі, сондықтан да ол тәкаппарлық пен даңқұмарлық сияқты қасиеттерді жоюға көмектеседі. 

64. Тәкаппарларға қатысты тәкаппарлық көрсету, ақиқатында қарапайымдылық көрінісі болып табылады.
 
Мауләна Масихуллах Сахеб, рахимахуллахтың мына сөздері «Ихья Улум ад-Дин» мен басқа да кітаптарда кездесетін нақышты сөзді еске түсіреді:
 
التكبر مع المتكبر صدقة

Тәкаппар адамның өзіне тәкаппарлық көрсету – бұл садақа.
 
Имам әл-Ираки, рахимахуллах, бұл сөздердіңтізбегінтаппадым деген жәнеәл-Хафиз аз-Забиди де өзінен бұл нақышты сөзге ештеме қоспаған, демек бұл сөздердің Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тиесілі екендігін бекітетін негіздің жоқтығын көрсетеді.
 
Бірақ бұл сөздердің мағынасы дұрыс және оны имам әл-Биркави, рахимахуллах, «ат-Тарика әл-Мухаммадия» кітабында былай айта отырып, растайды: «Өзі тәкаппарлық көрсеткен адамнан басқаның барлығына тәкапарлық көрсету - тыйым салынған амал» [Барика 3\175].
 
Осы себепті қарапайымдылық пен момындық көрсету талаптары, арсыздар мен әртүрлі оңбағандардың қылықтарына шыдап, оларға жағу үшін күліп жүре беруді білдірмейді.
 
Кезі келгенде тойтарып, орнына қою – бұның бәрі негізінде, сол адамдардың өзіне садақа болады, себебі оларға өз қылықтары туралы ойлануға мүмкіндік береді және өз зиянын байқауға көмектеседі.
 
Сондықтан да әлдебір адамның жаман қылықтарына шыдау дұрыс емес, өйткені бұл адамның намысын қорлауға әкеледі, ал мұсылманның намысын, оның өмірі сияқты, шариғат қорғауға шақырады және күмәндануға әрі аяқасты етуге рұқсат етпейді.
 
65. Дінге жаңалық енгізушілерді (бидғати) дәріптеуден сақтанбасаң, көкірегіңдегі дінге деген ұлық сезімі сөне бастайды.
 
Бидғатқа және оның ізбасарларына деген өшпенділік, олардан шеттету мен олардың жолдарына ортақ болудан аулақ жүру - сүннетке деген сүйіспеншіліктің шарттары. Бұл - біздің имамымыз Әт-Тахауи, рахимахуллах жасаған амалдар: ол өз заманында пайда болған джахмиттар, муғтазилиттер мен басқа бидғатшыларға еш қатысы жоқ екендігін көрсетіп кеткен. Бұл қасиет біздің тақуа ата-бабаларымызда мықты дамығаны соншалықты, бізге тіпті оны елестетудің өзі қиын.
 
Өкінішке орай, кейбір  ашарилер/матуридилер әлеуметтік желілерде кейбір  «орта ұстанымдағы салафиттермен» жеңіл араласа береді, осылайша олар әлдебір әділдікті танытамыз деп шамалайды.

Достық пен үнемі араласуда көрінетін бұндай ихуандық тәсілім,  әр түрлі сылтаулармен негізделуі мүмкін: жалпы саяси болсын, эстетикалық немесе басқа да қызығушылықтар, бірақ  тек біздің ақида нұсқауларымен емес.
 
Жақындық, қатынасу, достық немесе әлдебір басқа жаңа енгізілімді дәріптеу, қалай да болмасын, адамның Сүннетке, оны ұстанушыларға деген қызғанышын сөндіріп, біраз уақыттан соң біздің ақидамыздың жайын мәнсіз етіп көрсете бастайтын болады. 
 
Иә, адекватты сезімді жоғалтып, «көшіру-қоюды» теріс пайдалану арқылы адамдарды шағыстыратын зұлым «трольге» айналудың қажеті жоқ, алайда біздің  усуліміз бен манхажымызды бөліспейтіндермен қаперсіз араласып, «лайктер» қою, «комменттер» жазу арқылы олардың парақшаларына қызығушылық танытудан қандай мағына бар?
 
Бұл жолдардың авторы мынау «харам», «мәкрүк тахрим» немесе «мәкрүк танзих», әлде тағы да басқа деген тұжырым жасамайды, бірақ ол мағыналы ма? Ақида мен оның негіздерін бұрмалаған адам біздің тақуа ата-бабаларымызда болғандай, біздің жүрегімізде айыптаушылық тудырмауы керек пе?
 
Бұл позиция – ригоризмді уағыздау шалығы емес, бірақ көп жылдар бойы ойландыратын тақырып болып табылатын құбылыс туралы ой жүгірту.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков