Циклы Авторы Сортировка

20 дәріс. Он бірінші кіші белгі. Араб еместермен шайқас

5 611
8 мая, 15
Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендер араб емес халықтан болған (аджам) жүздері қызыл, танаулары жалпақ, қысық көзді Хуз және Кирманмен шайқаспайынша Қиямет орнамайды. Олардың жүздері соғылған қалқан тәріздес келеді де, аяқ киімдері жүнмен қапталған болады» (Бұхари)
 
 
 
Хуз тайпасы – бұл Ирактың араб өлкесіне жатпайтын аумағына келіп орналасқан халық. Бұл мекен Хузастан деген атпен белгілі (Орыс әдебиетінде Хузестан деп келеді).
 
Карман/Кирман – батысында парсылармен шекаралас, ал солтүстігінде Хорасанмен шекаралас елді мекен.
 
Өткен мақаламызда түріктермен соғыс жайлы айтқан болатынбыз, ал бұл хадисте сипаты ұқсас болғанымен түркі халқы жайында айтылып тұрған жоқ.
 
Неге араб еместермен шайқас Қиямет күнінің белгісі болып табылады? Себебі, оларды жеңіп, аталған халықтардың басым көпшілігі Исламға келген кезде, олардың санды сол замандағы арабтардан көп болуына байланысты Исламға өздерінің салт-дәстүрлерін енгізіп жіберді. Мәдениет аясында сол кездегі арабтарды таңқалдырған бұл халықтың көбісі Исламға өздерінің исламға дейінгі сенімдері мен көзқарастарын енгізе бастады. Бұл жаңа көзқарастар ағымдарға бөлінуге себеп болды және ағымдарға бөлінушілік араб емес елдерді жаулап алу кезінде басталады.
 
Кейіннен, құлдықта жүргендердің көбі оларды басқара алмаған құрайыштық басшыларды тақтан тайдырып отырды.
 
Бұл жағдай Самарадан (оған Алла разы болсын) жеткен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде айтылады: «Мен Алла сендердің қолдарыңа көптеген араб емес халықты беріп, кейіннен олар арыстанша айбаттанып, шайқас алаңынан қашпаған бойда байлықтарыңды тартып аладыма деп қорқамын» (Ахмад)
 
Сондай- ақ, Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Сендердің араларыңда араб емес халықтан шығатын арыстандардың пайда болуларынан қорқамын, олар сендермен соғысады әрі олжаларыңды тартып алады» (әт- Табарани).
 
Арабтардың ішінде, әскерлер арасында (тіпті жоғарғы шенділер арасында да), араб емес халықтың көп болғандығы Аббаситтердің биліктен айрылып қалуына апарды. Осының нәтижесінде олар монғол шапқыншылығына қарсы тұра алмады.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков