Циклы Авторы Сортировка

21 бөлім. Мұсылмандардың қудалануы (3 бөлім)

2 107
8 апреля, 16
Бірақ мұнысы бұл бейшараның (Укба ибн Әбу Муʼайттың) жасаған ең жаман нәрсесі емес еді.  Оның Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жасаған ең жаман қылығы туралы әңгімені имам әл-Бұхари өз «Сахихында» келтірген:
 
«Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Қағбаның Хижрында болғанда[1], оған Укба ибн Әбу Муʼайт жақындап келіп, оны өз киімімен қатты қылқындыра жөнеледі. Оларға Әбу Бәкір келіп, Укбаны иығынан тартып, оған былай айта отырып, Пағамбарымызды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, одан ажыратып алады:
 
أَتَقْتُلُونَ رَجُلًا أَن يَقُولَ رَبِّيَ اللَّهُ وَقَدْ جَاءكُم بِالْبَيِّنَاتِ مِن رَّبِّكُمْ

Мағынасы: «“Раббым Алла, деген кісіні өлтірмеңдер. Расында ол, сендерге Раббыларыңнан мұғжизалармен келді» («Ғафир» сүресі, 28 аят)»[2].
 
Сондай-ақ, Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қорлық көрсеткендердің бірі сахаба Амр ибн әл-Астың, оған Алла разы болсын,  әкесі әл-Ас ибн Уаил ас-Сахми әл-Құрайыш болған. Бұл адам Алла Елшісімен қатты жауласқан. Ол былай айтатын: «Мұхаммед, өлгеннен кейін қайта тірілу туралы әңгімелерімен өз сахабаларын алдайды. Алламен ант етемін, бізді уақыт құртады».
 
Алла Тағала оның сөзін жоққа шығарып, «Жәсия» сүресінің мына аятын түсірген:
 
وَقَالُوا مَا هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا نَمُوتُ وَنَحْيَا وَمَا يُهْلِكُنَا إِلَّا الدَّهْرُ وَمَا لَهُم بِذَلِكَ مِنْ عِلْمٍ إِنْ هُمْ إِلَّا يَظُنُّونَ

Мағынасы: «Олар: “Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір сүреміз. Бізді заман ғана өлтіреді” дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олардікі межелеу ғана» («Жәсия» сүресі, 24 аят).
 
Әл-Ас мұсылман Хаббаб ибн әл-Аратқа қарыз болған. Ол қарызын сұрап келегенде, Әл-Ас былай айтады:
 
- Сен Мұхаммедтің дінін ұстанасың емес пе? Ал ол сендерге Жұмақта әрқайсыңа қанша қаласаң сонша алтын, күміс, киімдер мен құлдар болады деп айтпаушы ма еді?
 
Хаббаб оған былай жауап береді:
 
- Иә, солай.
 
Әл-Ас айтады:
 
- Онда сол күнге дейін күте тұр. Маған көп мүлік пен ұрпақ беріледі, сонда мен саған қарызыңды қайтарып беремін.
 
Алла Тағала осыған жауап ретінде «Мәриәм» сүресінің мына аятын түсіреді:
 
أَفَرَأَيْتَ الَّذِي كَفَرَ بِآيَاتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالًا وَوَلَدًا
 أَاطَّلَعَ الْغَيْبَ أَمِ اتَّخَذَ عِندَ الرَّحْمَنِ عَهْدًا
كَلَّا سَنَكْتُبُ مَا يَقُولُ وَنَمُدُّ لَهُ مِنَ الْعَذَابِ مَدًّا
وَنَرِثُهُ مَا يَقُولُ وَيَأْتِينَا فَرْدًا

Мағынасы: «(Мұхаммед с.ғ.с) аяттарымызға қарсы келіп: “Әлбетте маған мал, бала беріледі” дегенді көрдің бе?  Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма? Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз. Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді» («Мәриәм» сүресі, 77 – 80 аяттар).
 
Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың анасы жағынан ағасы болып келетін бану Зухра әл-Асуад ибн Абду Ягус аз-Зухри әл-Құрайыш та оны келеке ететін. Өзіне жақындап келе жатқан мұсылмандарды көргенде оларды мазақ ете, ол былай айғайлайтын:
 
- Міне, жердің патшалары келеді! - себебі, мұсылмандардың көпшілігі кедей болғандықтан алба-жұлба киініп, мұқтаждық өмір кешкен.
 
Сондай-ақ, әл-Асуад Пағамбарымызға да, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын:
 
- Сонымен, бүгін сенімен көк сөйлесті ме? – деп, мазақ ететін.
 
[1]Исмаилдың, оған Алланың сәлемі болсын, Хижры. Қағбаның солтүстік қабырғасы мен әл-Хатімнің жартылай дөңгелек қабырғасының ортасындағы орын.
 
[2]Бұл хадисті имам әл-Бұхари Урва ибн аз-Зубайрадан келтірген, ол Ибн Амр ибн әл-Астан, оларға Алла разы болсын, былай сұраған: «Маған пұтқа табынушылардың Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жасаған ең жаман нәрсесін айтшы…» Осылайша, бұны ең нашар оқиға деп сахабалардың өздері атаған.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков