Циклы Авторы Сортировка

21 дәріс. 66-72 нақыл сөздер

2 133
19 декабря, 15
66. Нәпсіқұмарлық пен даңқтан сақтан.
 
Бұл екі қасиет жанды аздырады және адамның адамгершілігі мен ұялу сезімін жояды. Әрине, сөз жұбайына деген құмарлықта болып отырған жоқ. Сөз - өз назарын барлық тыйым салынғаннан, еркек жүрегін қызықтыратыннан қорғауда болып отыр.  

Деобандтың кейбір шейхтары смартфондарды бүтіндей қолдануға тыйым салады, олар жастар өздерін шайтанның айдап салуынан қорғай алмағандықтарынан «гаджеттердің» арқасында көптеген күнәларға батты деп есептейді.  Алла бізді бүліктерден сақтасын. Әмин.

67. Ақыретте жеміс бермейтін рахат - ол дүниелік рахат.
 
Бұдан түсінетініміз,рахаттың барлық түрі дүниелік болып табылмайды.

Имам әл-Ғазали «Ихья Улум ад-Динде» былай жазады: «Әйелдерге деген махаббат және бір жұбайдан артық әйел алуды қалау, дүниеге деген махаббат болып табылмайды».

68. Игі амал жасауға ынтығу Алланың берген шабыты болып табылады.

Бұндай амалды оны жасауға құштарлық пайда болған сәтте, талпыныс сөніп қалмай тұрғанда жасауға тырысуымыз қажет.

Химмат – рухани ұмтылушылық сулук жолының негізі болып табылады әрі онсыз саликтің рухани дамуы мүмкін емес.

Өз күніңді басынан аяғына дейін талдап, химматқа теріс әсер ететін нәрселерді оқшаулап, күн тәртібінен шығарып тастау керек.

69. Шариғаттағы истиқамат, зікірдегі тұрақтылық пен Алланы жүрекпен үздіксіз  пайымдау –  бұның бәрі Аллаға деген жақындықтың (вилаят) белгілерінен.  

Бұл қасиеттер өзінің мінсіздігімен шынайы рухани тәлімгерлерде көрінеді.

70. Сүннетке қарсы болудан сақтан.

Сүннеттің түрлері бар, оны тастау мәкрүх болып табылады, мысал үшін, намазды бас киімсіз оқу, немесе асты сол қолмен жеу. Ал кей бір сүннеттерді тастауда карахат жоқ, бірақ бұл әрекет сүннетке қайшы келеді, мәселен, үстел басында ас құралдарымен тамақ ішу деген сияқты.  

Салиқ Сүннетке қайшы өмір сүруден қорқады.

71. Әйелдердің жұмсақтығы мен жас қыздардың ортасынан сақтаныңдар.

Лә хаулә уа лә қууата иллә билләһ. Біз Алладан әйелдер фитнасынан және олардың қулықтарынан пана сұраймыз. Әмин.

72. Қорлау –  бұл ашынудың белгісі.  

Кейбір ақымақтар адасқандарға өткір де ауыр қорлау айту өздерінің тақуалығының биіктігін көрсетеді, ал бұндай мінез-қылық сүннетке деген үлкен сүйіспеншіліктің белгісі деп сенеді. Сөзсіз, нәпсінің сасықтығын әділдік пен Сүннетке деген сүйіспеншілік деп қабылдайтын адам – терең адасуда.
 
Егер Сүннет нұрына бөленген адамды түйреп алса, ол игі мінез бен сабырлылық танытады, сөгіс пен боқтық төкпейді. Бұл оның Сүннетке деген сүйіспеншілігінің толыққанды емес екендігінің белгісі болмайды.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков