Циклы Авторы Сортировка

21 дәріс. Он екінші кіші белгісі. Аманаттың жоғалуы

5 064
11 мая, 15
Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) былай деп жетеді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аманат жоғалған кезде, Қияметті күтіңдер». Сол кезде ол былай деп сұрайды: «Ей, Алланың Елшісі, ол қалайша жоғалады?» Сонда ол: «Аманаттар өз иелерінен басқаларға тапсырылған кезде Қияметті күтіңдер»  (Бұхари).
 
 
 
Хузейфа былай деп айтады: «Алла Елшісі бізге екі хадис айтып берді. Олардың біреуі болып қойды. Енді мен екіншісінің болуын күтіп жүрмін. Ол былай деді: «Иман мен сенімділік адамдардың жүрегінде тамыр жаяды, Осыдан соң олар бұларды Құран мен Сүннеттен біледі». Және де ол бізге иман мен сенімділік адамдардың жүрегін тастап кететінін де айтты. Ол былай деді: «Адам ұйқыға кетеді, ал иман мен сенімділік біртіндеп оның жүрегін тастап кетеді. Олардың орны күйіктің ізі секілді болып қалады. Ол екінші рет тағы да ұйқыға кеткен кезде иман мен сенімділік тағы да жүрегінен кетеді. Орындары адам табанымен ыстықты басқан секілді күлдіреп тұрады. Сен оның теріден жоғары көтерілгенін, алайда ішінің бос екендігін көресің. Адамдар бір- бірімен саудаласатын күн жетеді, алайда олардың ішінде сенімді ешқайсысы болмайды. Адамдар қандай да бір тайпаның ішінде сенімді ер адам бар деседі. Олар жүректерінде дәннің түйіріндей иманы жоқ адамдардың жақсы мінезімен, күшімен, ақылымен мақтанатын болады». Осыдан соң Хузейфа былай деп жалғастырды: «Сауданы кіммен жасайтыныма мән бермейтін уақыт болған. Егер ол мұсылман болса, оны жемқорлықтан дін ұстап тұратын. Егер ол христиан болса, жемқорлықтан оны басшы ұстап тұратын. Ал қазыр сауданы екеуімен ғана жасаймын» (Бұхари)
 
Біздің күнімізде дінбұзушы адамдар – мұсылмандар. Адамдар мұсылмандармен бизнес жасауға қорқады, басқа да келісімге отыруға қорқады, себебі оларды алдап кетеді дейді. Өкінішке орай, бұл шындық. Тіпті мұсылмандардың өздері мұсылман емес адамды сауда жасауға лайық көріп, басқа бір мұсылманмен сауда жасағысы келмейді.

Аманаттың жоғалуына адамдар басшының танысы я болмаса туысы болғаннан соң сайлайтыны жатады. Бұл жағдай кез келген елде, қоғамда, мекемеде, оқу орнында орын алуда, әрі үлкен жемқорлық жүргізуде. Бұл діни ортаны да қамтып алды: кейде бір мұсылман әкесі кезінде сол медреседе басшы болғандықтан әлгі медреседе басшы болып отырады.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков