Циклы Авторы Сортировка

21 насихат: Сенім (ақида) ілімі (2-ші бөлім)

3 303
16 сентября, 15
Ақида туралы айтуымызды жалғастырамыз. Өткен мақалада оны үйренудің маңыздылығы  және шариғат ғылымының ең бағалысы болып саналатыны туралы айтқанбыз. 
 
Қажетті көлемде ақиданы үйрену құлшылық етуден: намаздан, оразадан, қажылықтан және басқаларынан маңыздырақ. Кімде дұрыс сенім болып, бірақ парыз етілгендерді орындамаса және тыйым салынғандардан бойын аулақ салмаса да, Алла Тағаланың қалауымен кешірілуі және Жұмаққа кіруі мүмкін. Алайда, егер адамда сенбеушілік нанымы болып, шірік жасап, онысымен қоймай, өзін мұсылманмын деп санап, Шариғаттың барлық міндеттерін орындағанына қарамастан көзі тірісінде тәубәсіне келіп, қайтадан Исламды қабылдамаса, Қиямет күні дінсіз болып шығады. Алайда, тәубе үшін өз сенімінің мен амалың дұрыс еместігі жайында білім болу керек. Бұл білімді қайдан алуға болады? Тек ақиданы және Исламнан шығаратын нәрселерді үйрену арқылы ғана.
 
«Ридда» мәселелері (діннен қол үзушілік) – адамды Исламнан шығаратын және оның салдары ақида ғылымының мәселелеріне қатысты емес. Олар фиқһ – ислам құқықтары туралы кітаптарда қарастырылады. Алайда, ақида жөнінде аң аз деген қажетті білімді алған соң оларды үйренуге кірісу қажет. Өйткені дұрыс сенімде болып қана қоймай, толық қанды мұсылман болу байлығын ұстап қалу қажет. Біздің қиын, азғырынды және күмәнға толы уақытта бұл өте қиынға соғады. Сондықтан да Исламнан шығаратын  нәрселерді үйренбей, бұл мүмкін емес.
 
Оған қоса, қазір, өкінішке орай, айналамызда көбейіп кеткен жалған оқымыстылар: «мұсылман өзі мұсылман болуды қаламағанда ғана Исламнан шығады: мысалы, дінді ауыстырғанда немесе дінсіздікке бет бұрғанда» деп, өзге мұсылмандарды жұбатып жүр.  Бұл адамдар біздің өмірімізді жеңілдетіп жүрміз деп ойлайды, бірақ, негізінде бұндай пікірлердің келтіретін зияны адам шошырлық. Егер адам, қандай да бір жағдаймен дінсіззікке түсіп кеткенін білсе, көзі тірісінде Исламды қайтадан қабылдай алады. Алайда ол мұсылмандықтан шығып кету мүмкін емес деген сеніммен білместікте өліп, Қиямет күні оның кәпір болып өлгені анықталса ол өзін «жұбатқандарға» алғысын айтар ма екен?!
 
Негізінде адамды Исламнан шығаратын себептердің 3 тобы бар:
 
1. Сенімдегі күпіршілік. Мысалы, адам Алла дүние туралы бәрін білмейді немесе Мұхаммедтен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кейін басқа да пайғамбарлар болған деп ойлайды.  Сенімдегі күпіршіліктен аулақ болу, ақиданы үйрену арқылы мүмкін.
 
2. Әрекеттегі күпіршілік. Былай айтсақ, Құранды әдейі батпаққа лақтырған адам, сонысымен мұсылман болудан қалады.

3. Сөздегі күпіршілік. Бәрінен де бұрын осыдан сақ болу керек: абайсыз айтылған екі-үш сөздерден оңай ешнәрсе жоқ, мысалы,  «мен мұсылман емеспін» деп қалжыңдап айту.
 
Біз Исламнан шығаратын жағдайларға бір-бір мысалдан ғана келтірдік, өйткені бұл мақаланың тақырыбы емес. Бұл туралы осы арада айта кетудің мақсаты – тек бұл нәрселер туралы білім алудың маңыздылығын ғана көрсетеді.
 
Исламның дін оқуы туралы дұрыс білімді қалай алуға болады? Егер сіз араб тілін білмесеңіз, онда сіздің тіліңізге аударылған сенімді кітаптарды оқи отыра. Мысалы, «Тахауи ақидасы» деген шағын мәтін қажет түсініктемелерімен қоса көптеген тілдерге аударылған. Ақида бойынша сіздің біліміңіздің қайнар көзінің – шынайы сүнниттік екеніне  көз жеткізу маңызды. Сақ болыңыздар!
 
Сондай-ақ, сіздің туған тіліңізде дұрыс ақиданытүсіндіретін ғаламтор желілерінде біршама дәрістер бар.  Бірақ бірінші кезіккен ғаламтор-уағызшыға сенуге болмайды.
Біз өзіміздің мүлігімізді бірінші кезіккен біреуге сақтауға тапсырмаймыз ғой, онда неге өз сенімімізді – мүліктен де өлшемсіз бағалы затымызды – бірінші кезіккенге сеніп тапсырамыз?!
 
Сүнниттік ақидасында екі мектеп бар: әшғари мен матуриди. Біріншісі имам Әбул-Хасан әл-Әшғари (хижра бойынша 260-324 ж) атымен аталған, екіншісі -  Әбу Мансұр  әл-Матуриди (хижра бойынша 333 ж өлген). Бұл ғалымдар бір уақытта халифаттың әр жағында өмір сүрген, ақида бойынша екі сүнниттік мектептің негізін салушылар болған. Олар әлдебір жаңа сенім ойлап таппаған, тек дер кезінде Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ақидасын адасқан ағымдардың шабуылынан қорғап қалған. Дін ілімінде екеуі де нанғысыз жоғары дәрежеге жеткен,  олардың идеялары мен есімдерін келесі ұрпаққа жеткізген дарынды шәкірттері болған, сондықтан да бұл бағыттар олардың есімдерімен аталған.
 
Екі жол да дұрыс, әрқайсысын ұстануға болады. Олардың арасындағы айырмашылықтар аз ғана әрі сенімнің негізінде емес, тек жеке мәселелеріне қатысты. Тек тарихи жағынан, ханафи мәзхабын ұстанатындар өздерін матуриди сенім мектебіне жатқызады. Негізінде, ақида бойынша осы екі дұрыс мектептің кез-келгеніне өзіңді жатқызуда тұрған мәселе жоқ. 
 
Соңында әшғари мен матуриди мектептерінің ақидасы бойынша дәстүрлі кітаптарының тізімін келтіреміз.
 
Матуриди сенімінің  кітаптары:
 
1. «әл-Ақида ат-Тахауийя» және имам Акмалюддинәл-Бабиртидің оған түсіндіруі.

2. «Бадъәл-амал» және имам Мули Әли әл-Қаридің оған түсіндіруі.

3. Имам Әбу Ханифаның «әл-Уасыйя» және имам Акмалюддин әл-Бабиртидің оған  түсіндіруі.

4. Имам Әбу Ханифаның «әл-Фикх әл-Акбар» және имам Мули Әли әл-Қаридің оған  түсіндіруі.

5. «әл-Ақида ан-Насафия» және имам Са’дуддинат-Тафтазанидің оған түсіндіруі.
 
Әшғари сенімінің кітаптары

1. Имам Мухаммад ас-Санусидің алты кітабы: «әл-Хафида», «әл-Мукаддимат», «Сугра ас-сугра», «Сугра (Умм аль-барахин)», «Вуста» және «Кубра» және соңғы бесеуіне автордың түсіндіруі. Негізінде бұл ақиданы үйренудің дайын бағдарламасы – ең жеңіл кітаптан бастап («әл-Ақида әл-хафида») қиын әрі толығына дейін («Шарх әл-ақида әл-кубра»).
 
2. «әл-Харида әл-бахия» және  оның  түсіндіруі, екеуі де  - имам Ахмад ад-Дардирдан.

3. Имам Ибрахим әл-Лякани «әл-Джаухара ат-таухид» және  Абдуссалям әл-Лякани мен Ибрахим әл-Байджури имамдарының түсіндірулері.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков