Циклы Авторы Сортировка

22 дәріс. 73-78 нақыл сөздер

1 855
23 декабря, 15
73. Адамға бағынышты болмаған кез-келген қиындықбұл Аллаға жақындау амалдарының бірі.

Жақын адамның қазасы, ауыр сырқат, жанұялық қасірет және сол сияқты өз-өзін бақылауда қабілетсідік танытатын басқа да қиыншылықтар,—бұл Аллаға тәуекел ету арқылы Оған жақындаудың тәсілі.

74. Біздің ерігімізге тәуелді әрекеттерді жасау – өте оңай.

Өзің қалаған нәрсені жасау – өте оңай.
 
Ал, сен болғың келмейтін жерлерде өз-өзіңді тиісті деңгейде ұстау - өте қиын, бірақ дәл сондай жағдайларда адамның шынайы бейнесі көрінеді.  

75. Өркөкіректік пен торығудан шеттеніп, қарапайымдылық пен үмітке ұмтыл.

Өркөкіректік пен торығу адамды тұлға ретінде жояды.

Мауләна Масихуллах, куддиса сирруху, бір жағынан, өркөкіректік пен торығу арасындағы байланысты, екінші жағынан – қарапайымдылық пен үмітті нанғысыз терең сезіе білген. 

Торығу — бұл өркөкіректіктің қарама-қайшы жағы, өйткені адам өзіне кешірімді мүмкін деп САНАМАЙДЫ, сондықтан да Алладан оны күтпейді.

Қаншама адам, өздерінің ұлы тәлімгерлер мен шейхтар, кутбамдар мен султан-әулие екендіктеріне сеніп бастап, осы жолда өлді.

76. Өз шейхыңның сөздерін оқуды онымен болған мәжіліс ретінде қарастыр.

Шейх әрбір муридпен күні бойы бірге болып, оның сұрақтарына жауап бере алмайды.

Шейхтың кітаптарын оқу муридке өз рухании тәлімгеріне жақындауға көмектесуі тиіс.

77. Бірінші қадам  - адалдық, ал соңғы - Ихсан. Бұл Сырат әл-Мустакым (Түзу жол).

Рухани кемелдіктің бастамасы тек сезіктермен ғана өмір сүретін рухани жануар болуды қойып, өзгеріп, адам болуды шынайы қаламай мүмкін емес. 

Ал бұл рухани жолдың соңы  - Жәбірейілдің (оған игілік болсын) танымал хадисинде баяндалған Ихсан.

Негізінде, тариқат, сулук пен тасаууф деген осы болады: өз-өзін өзгертуді қалап, жан дүниені тазартудан бастап, осы мақсаттардың жүзеге асыруға дейін.  

78. Басқа муридті қызғану – бұл рухани қаза.

Тасаууф — бұл сен және сенің тәлімгерің арасындағы байланыс. Бірақ, өкінішке орай, көптеген адамдар үшін бұл - эстафета, онда олар басқа муридтермен жарысқа түседі де, нәтижесінде олардың  араларында жауласу басталады. Ал бұл айналасындағылардың назарынан елеусіз қалмайды.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков