Циклы Авторы Сортировка

22 дәріс. Он үшінші кіші белгі. Ілімнің жоғалып, надандықтың жайылуы

4 497
15 мая, 15
Әнас ибн Мәлік (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қияметтің белгісі – ілімнің жоғалып, надандықтың орнауы» (Бұхари, Муслим)
 
 
 
Сондай- ақ Шақиқ былай деп жеткізеді: «Мен Абдулах пен Әбу Мұсаның қасында едім, олар былай деді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Қиямет күнінің алдында ілім тоқтап, надандық жайылатын күн туады» (Бұхари).
 
Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жетеді: «Уақыт қысқарады, ілім азаяды, бүлік басталады, жүректерде сараңдық пен дау басталады» (Муслим)
 
Ибн Баттал бұл хадисті былай деп тәпсірлейді: «Хадистегі барлық сипаттар болып қойды, біз оларды өз көзімізбен көріп жүрміз. Расында, ілім азайды, надандық белең алды, жүректерде сараңдық, бүлік барлығын жаулап алды және адамдар бір-бірін көптеп өлтіруде» (Фатх, 13\16).
 
Ибн Хажар Ибн Батталдың сөзіне былай деп қосады: «Расында ол хадистегі көрсетілгендерді көріпті, ал хадистің мағынасы – осы сипаттардың толықтай көрініс табуын айтып тұр. Бұл жерде ілім кетіп, толықтай надандық орнайды. Бұл аз ғана ғалымдар қалады деген сөзге дәл келеді».
 
Ілімнің қалай азаятынына келетін болсақ, бұл жерде ғалымдардың азаюы айтылып тұр.
 
Амр ибн әл-Ас (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Расында, Алла Тағала құлынан ілімді алып қоймайды, ол ғалымдарды алу арқылы ілімді алады. Ғалымдардың ешбірі қалмайды, адамдар көсем етіп наданды таңдайтын болады. Олар сұрақтарға ілімсіз жауап береді. Олар тура жолдан таяды әрі басқаларды да тайдырады» (Бұхари).
 
Имам ән-Науауи (Алла ол кісіге рақым етсін) бұл сөздері былай деп түсіндіреді: «Хадисте ілімді жүректерден өшіру арқылы алмайды. Ілім иелері өмірден озады, ал адамдар надандардың соңына ілеседі. Олар өз надандықтарына негіздеп шешім қабылдайтын болады, осылайша олар адасады, өзгелерді де адастырады». 
 
Бұл хадисте ілім деп тұрғаны – діни ілім. Сондықтан да біздің заманымыздағы техникалық прогресс бұл хадиске қайшы келе алмайды.
 
Біз осы жағдайдың біртіндеп орын алып жатқанын көреміз: шейхтар мен Әһлі Сүннет ғалымдары ұмыт болды. Қате ақиданы тартып жүрген надандар жастардың ақылын шырмап тастады.
 
Хузейфа (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Киімнің түсі өңіп кеткендей, Ислам да жоғалады. Адамдар оразаның, намаздың, қажылық пен зекеттің не екенін білмейді. Олар Алланың Кітабына жүгінген кезде жер бетінде бір де бір аят қалмайды. Жер бетінде үлкен қарт кісілер: «Біз әкеміздің: «Алладан өзге құлшылық қылуға лайық еш нәрсе жоқ»,- дегенін естігенбіз, біз де солай айтамыз»,- дейтін болады. Сонда Саля былай деп сұрайды: «Егер олар намаз, ораза, қажылық пен зекетті білмейтін болса «Алладан өзге құлшылық қылуға лайық ешнәрсе жоқ» деген сөз оларға көмек бере ма?» Осы кезде Хузейфа одан алыстап кетеді. Ол сұрағын үш мәрте қайталайды. Үшінші ретте Хузейфа оған бұрылып: «Саля, бұл оларды тозақ отынан сақтайды»,- деп жауап берді.  (Ибн Мәжа).
 
Және де біз хадисте сипатталған шақтың келіп жететінін көріп отырмыз: біздің заманымызда дәстүрлі мұсылмандар көп. Олар үшін намаз, ораза – бос нәрсе, олар өз діндерін ұстанбайды, тек түбі мұсылман және өздерін «мұсылманбыз» деп санайды. Оларда Исламды ұстанатындай ешқандай үлгі көре алмайсың.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков