Циклы Авторы Сортировка

23 дәріс. 79-83 нақыл сөздер

2 573
9 января, 16
79. Құлшылық етуде салиқ үшін жылдың барлық мезгілдері бірдей. Ал, жалқауға үнемі кедергі табылады.
 
Дегенмен, қысқы уақытта ораза тұту және тәһәжуд намазын оқу, күн қысқа болғандықтан - оңай екені түсінікті.

80. Медреседегі студенттердің ішінде тек үшеуі не төртеуі ғана шынымен білім алуға талпынады.

Көптеген студенттерді ата-аналары тек ондағы жатын орын мен тамақтың ақысыз болғандығы үшін жібереді, сол үшін ғана олар оқиды. Бұл Үндістан, Пәкістан немесе Бангладеш сияқты өте кедей елдерге тән.
 

Адамның неліктен жас ғұмырының 5-6 тамаша жылдарын медреседе өткізіп, содан кейін ғылымды тастап, білімге еш қатысы жоқ нәрсемен айналысатындығын түсіну, бізге әрқашан қиын болатын.

81. Әрбір адам басқаны өзіне ұқсас жасауға талпынады.

Бұнда адамның әлеуметтік қылығының қисыны бар: не сен оны өзіңе ұқсас жасайсың, не басқалар сені оларға ұқсас жасайды.

Міне, сондықтан-да, өзіңнен жақсы білетін әрі тақуа адамдармен қатынасуға ұмтылу керек.

82. Егер құлшылық рақат әкелсе, онда бұндай құлшылық жүрекке азық болады деп сана.

Біздің қазіргі заманымызда визуалдық (көзбен шолу) және мультимедиялық өнімдер, дәлірек айтсақ, теледидар мен фильмдер, құлшылық етуге үлкен кедергі болып табылады, себебі олар адамның миын ластайды, оны жалқау қылады әрі Алладан көңілін бөледі.

Көзбен шолу қоқысында өскен әрі оны қолдануды шектей алмаған адам ылғи құлшылықта жалқау келеді әрі әрбір нәпіл намаздан ауырлық сезетін болады. Әрқашан намаздан соң одан құз түсіп, бұл құлшылық бітті дегендей  жеңілдік сезетін болады.
 
Бұл Алланы тыңдамауға азықтандырылған біздің нәпсінің ауырлығы.

Кімге Алла таупиық берсе, кім өзін теледидар мен фильмдерден қорғаса, сол құлшылықтың дәмділігін түсінеді.

83. Кез-келген сапар алдында білім алуға ниет етіңдер.

Ғибрат — бізді қоршағанның бәрінен рухани сабақ алу қабілеті. Бұл - шынайы салиқте болатын ақылдың шыңы мен рухни зияткерлігі. 

Бейтаныс адамның жай ғана айта салған сөзі, өзіміз күтпеген жерден орын алған бір оқиғаның куәсі болып қалуымыз – бұндай және басқа да жағдайлар ой жүгіртуге септігін тигізіп, Аллаға жақындау жолындағы үлкен сабақ болуы мүмкін.      
 
Бір күні осы жолдар авторы муфти Ибрахим Десаи, даммат баракатухпен «Сахих аль-Бухари» бойынша сабаққа келе жатады.  Ол жарнама ретінде «автокөліктердің бағасын ұзақ мерзімге бөліп сату»  деп жазылған машинаны көрсетіп, былай деген: «Бұл қосымша шарттары (аль-бей` ма`а шарт) бар сатылым, бұл акция бойынша сатып алушы олардың жарнамасын өз машинасына іліп қоюға міндетті, бірақ бұл шарт сауда мәмілесінде ұйғарылмаған».

Кейін, біраз үнсіздіктен соң, ол сөзін жалғады: «Алла бізді жаратты және бүкіл әлемді бізге қолдануға берді. Ал жаратылыстар Алланың оларға бергенін бір-біріне сату арқылы, рқұсат етілгеннен артық пайда табуға тырысады. Осыны Жаратқанға деген шүкіршілік деп айтуға болады ма?!». 

 

 

АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков