Циклы Авторы Сортировка

23 дәріс. Он төртінші кіші белгісі. Әскерилердің және көмекшілерінің, қысым көрсетушілердің санының артуы

3 354
18 мая, 15
Имам Ахмад Әбу Умамадан (оларға Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Ақыр заманға жақын үмметтен қолдарына сиырдың құйрығына ұқсаған қамшы ұстаған адамдар шығады. Олар Алланың ашуының астынан шығып, Оның ашуына қайтады».
 
 
 
Сондай-ақ, имам әт-Табарани былай дейді: «Ақыр заманға жақын таңда Алланың ашуымен шығып, Алланың ашуымен қайтып оралатын адамдар шығады. Солардың бірі болудан сақтаныңдар».

Имам Муслим Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Мен көрмеген Тозақтық екі топ бар: қолдарында сиырдың құйрығы секілді қамшыларымен адамдардың беттерінен ұратын адамдар... ».
 
Имам ән-Науауи (оған Алла рақым етсін) былай деген: «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздері – оның мұғжизасы, себебі оның айтқандарының барлығы болып жатыр».
 
Біздің күнімізде де небір алпауыттар билікті қолдарына алып, өздерін небір түрлі құқық қорғау органдарымен қоршап, полицейлердің адамдарды таяқтарымен ұрып-соғып, халықты қысып жатқанын көріп жүрміз.
 
Көптеген мұсылман елдері өз халқына деген жауыздықтарымен ерекшеленеді. Бұл жауыздықтары мұсылман еместердің өзін таңқалдыруда. Алайда бұл жайлы да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізді ескертіп кеткен: «Сендерді отқа табынушылардан да жаман басшылар басқаратын болады».
 
Егер біз мұсылман елдерінің картасына қарайтын болсақ, халыққа жақсы өмірді уәде етіп өзгені құлатып, ақыр соңында өзі де сондай басшы болғанын соңғы ғасырдағы саяси жағдайдан жақсы білеміз.
 
Және де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізді былай деп сақтандырған: «Егер адам билікке жету үшін талпынатын болса, Алла Тағала оны Өзінің жәрдемінсіз қалдырады. Ал егер адам басшы етіп сайланса, Алла Тағала ондай басшыға жәрдемін жібереді әрі берекесін береді. Бірақ бұл ақиқат біздің замандастарымызға мүлде түсініксіз.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков