Циклы Авторы Сортировка

23 насихат: Ислам құқығы (фикх). 2-ші бөлім

3 203
3 октября, 15
Енді ханафи мәзхабының фикх бойынша кітаптары туралы сөйлесейік.
 
 
 
Оларды үш топқа бөлуге болады:
 
1. Ғибадат мәселелеріне арналған кітаптар. Олар тазару (дәрет алу мен ғұсыл құйыну, таяммум, нәжістен тазару амалдары мен басқа да осыған байланысты тақырыптар), бөлімдерінен басталып, одан кейін намаз, зекет, ораза және қажылық туралы бөлімдерді қамтиды.
 
Біздің мәзхабымыздағы ең танымал сондай кітап – имам  аш-Шурунбулялидің «Нур әл-идах» кітабы. Бүкіл ислам әлеміндегі дәстүрлі медреселерде ханафилік фикхты үйренуді жиі содан бастайды. Сол кітапқа автордың өзі екі түсіндірме жазған: біреуі ұзақ «Имдад әл-Фаттах», оны кейін «Мараки әл-фәлях» (араб елдерінде жиі осы кітаппен оқытады, Үндіпәкістанның ханафилері оны өздігінше сыныптан тысқары оқитын кітап деп санайды) деп қысқартқан.  «Нұр әл-Идахтың» мәтіні (жаттауға және түсіндірме беруге арналған қысқа мәтін) алғашында тазару, намаз және ораза бөлімдерінен тұрған. Зекет пен қажылық бөлімдерін автор түсіндірме жазғанда қосқан. Бүгінгі күнде «Нұр әл-Идахтың» ең жақсысы «Дар әл-башаир әл-ислямия» баспасында шыққан, шейх Саид Бакдаш дайындаған басылымы болып саналады.
 
Сондай-ақ, мәтін шамамен 30 жыл бұрын шейх Шафик ар-Рахман ан-Надуимен жазылған ханафи фикхы бойынша жаңа бастаушыларға арналған заманауи кітаптарының ең үздіктерінің бірі «Фикх әль-муиәссарға» негіз болды. Онда «Нұр әл-идах» жүйелілігі сақталған, бірақ оның тілі жеңіл, қажетті түсіндірулер, сондай-ақ, ұшақта намаз оқу амалдары сияқты өзекті мәселелер қосылған. Оны ханафилік фикхты оқытуда бірінші кітап ретінде немесе «Нұр әл-идахты» үйреніп жүрген студентке өздігінен оқу кітабы ретінде ұсынуға болады.
 
Байыпты студентте шейх Абдул-Джалил әл-Аттың ескертулері бар «Мараки әл-фәлях» басылымы болуы тиіс. Ол «Хайр аль-Бақы» деп аталады және үш томды болып шығарылған. Сондай-ақ, ол үшін шейх ат-Тахтавидің «Мараки» атты хашиясы (түсініктемеге түсініктеме) да өте маңызды болып табылады.
  
Тағы да құлшылық мәселелеріне арналған ұлы ғалымның баласы шейх Аляуддин  Ибн Абидиннің «аль-Хадия аль-Аляийя» деген басқа кітабы белгілі. Шейх өз әкесінің атақты кітабы «Радд әл-мухтарды» толықтырғанымен, танымал кітап өзгеріссіз шейх Аляуддиннің толықтыруларымен басылып шығады. «Әл-Хадия» халял мен харам жөнінде пайдалы бөлімдерді қамтыған, сондай-ақ, ақидаға қатысты тарауы бар. Шейх Мұхаммед Саид әл-Бурханның ескертулері бар сириялық басылымын үздік деп санауға болады. 
 
Тағы да бір ғибадат туралы маңызды кітап біраз бөлектеу тұрады – бұл имам әл-Кашғаридің «Мунья әл-Мусолли» мәтіні. Оған имам Ибрахим әл-Халяби екі құнды шарх (түсіндірме) жазған, олар «Халяби кабир» және «Халяби согыр» ретінде белгілі.
 
2. Мәзхабты үйрететін кітаптар.
 
Осындай кітаптың біріншісі «Мухтасар әл-Қудури» болып табылады, көбіне мәзхабты үйренуді осыдан бастайды (бірінші оны немесе «Нұр әл-идахты» оқиды). Бұл кітаптың  берекелігі соншалық, мәзхабтың көптеген беделді еңбектері осы кітаптың төңірегінде жиналған.
 
Имам Мұхаммед ибн әл-Хасан аш-Шайбанидің «Қудуриі» мен «Джами` әс-Сағиры»  біріктіріліп, имам әл-Марғинанидің «Бидая аль-мубтади» деген мәтіні пайда болған, ол оған құнды қазына болып табылатын, фикх бойынша ұлы кітап «әл-Хидоя» деген түсіндірме жазған. «Әл-Хидояға» бірнеше түсініктемелер бар, солардың ішінде имам Камалюддин ибн әл-Хумаманың «Фатх аль-Қадирін» шейхтар бағалы деп мойындайды. Ең қолайлы басылым «Фатхта» (мысалы, «Дар әл-фикр» баспасы) «Хидояға» екі түсініктеме бар: имам әл-Хауаризмидің «әл-Кафиясы» мен имам  Акмалюддин әл-Бабиртидің «әл-Инаясы».
 
Сондай-ақ, «Хидояны» үйреніп жүрген студентке кітаптың мағынасын жетік тілмен түсіндіріп, сонысымен оның түсіндірілімін анағұрлым жеңілдететін имам әл-Ләкнауидің хашиясы қажет.
 
«Әл-Хидояны» имам Тадж аш Шари`а қысқартып «әл-Уикая» мухтасар (қысқартылған кітап) деп атады, ал оның немересі Садр аш-Шари`а оған шарх жазды, онысы әлі күнге көптеген елдердің медреселеріндегі фикхты үйрету бағдарламасына кіреді.  Басылымдардан шейх Солях Абул-Хадждың ескертулері бар иордандық екі томды ұсынуға болады. Ол имам әл-Ләкнауидің «Шарх әл-Уикаясына» құнды «Умдат ар-ри`ая» деп аталатын хашияны «Дар әл-кутуб әл-ильмияда» басып шығарған (Әдетте «ДКИ» басылымдарынан аулақ жүру керек, алайда бұл – бір ерекше іс болған).
 
Имам Садр аш-Шари`а да «әл-Уикаяны» қысқартып, алынған мухтасарды «ан-Нукая» деп атаған. Одан дәстүрлі түрде фикхты үйренуді бастайды, мысалы, Тәжікстанда ол «Мухтасар аль-Уикая» деген атпен белгілі. Оған шархты имам Мула Әли әл-Қари жазған, ол «Фатх баб әл-Иная» деп аталады, үш томды болып басылған, фикх мәселелерінен бөлек, олардың дәлелдерін де қарастырады.
 
Имам әл-Маусыли «Қудуриді» «Мухтар лиль-фатуа» деп аталатын  мәтінге қысқартқан, содан кейін оған «әл-Ихтияр» деген шарх жазған. «Ихтиярды» араб елдерінің студенттері әрдайым оқиды. Бұл кітапты үйренетіндерде шейх Шуайб әл-Арнаутаның  ескертулері бар төрт томды басылымы болуы қажет.  Шейх әсерлі жұмыс жасаған, әсіресе  бұл хадистерге деген ескертулеріне қатысты.
 
«Қудуридің» түсіндірмесі ретінде имам Аляудддин ас-Самаркандидің үш томдық кітабы «Тухфат әл-фукаханы» да санауға болады, оған имам әл-Касани «Бадаи` ас-Санаи`» атты шарх жазған -  мәзхабтың көп томды басты кітаптарының бірі.
 
«Қудури», «Мухтар», «Уикая» мәселелері және мәзхабтың тағы да бір беделді мәтіні  - имам ан-Насафидің «Канз ад-дакаикы» имам Ибрахим әл-Халябимен «Мультака әл-Абхур» кітабына жинақталып кірген (жақсы бөлек басылым  - «Дар әл-бейрути» шейх Вахбы Сулейман әл-Гауджидің ескертулерімен). Бұл айтарлықтай ұзақ және толық мәтін Осман халифатында үйретілген, оны әлі күнге Түркияның дәстүрлі медреселерінде «Қудуридің» соңынан оқытады.
 
Жоғарыда аталып өткен барлық кітаптар қалай болғанда да «Қудури» мәтінімен байланысты, оны асыра айтпай-ақ, оның айналасына мәзхабты үйрену құрылатын түйін деп атауға болады. Оны иба тұтып жай «әл-Китаб» («Кітап») деп атауы бекер емес. Ислам тарихында аз ғана еңбектер бұндай ізетке ие болған. Сондай-ақ, кітаптың өзіне талай шархтар бар, солардың ең маңыздысы болып көбінесе Ибн Абидиннің шәкірті шейх  Абдул-Гани әл-Гунеймнің «әл-Любабы» саналады. Шейх Саид Бакдаштың редакциясымен «Дар аль-башаир аль-ислямияда» шыққан алты томдық басылымды қолайлы деп айтуға болады. Араб шейхтары «Қудуриді» нақ «Әл-Любаб» шархымен оқытқанды жақсы көреді.
 
Шейх Мухаммад Ашик Иляхидің осы замандағы өте маңызды жұмысы - «Тасхиль ад-дарури». Ол «Қудуриді» сұрақтар мен жауаптар түрінде көрсеткен, талай маңызды нәрселерді қосқан әрі құнды ескертулерді берген. Қазіргі заманның нағыз классикасы, «Қудуриді» үйренуде - оқытуға да, сондай-ақ, өздігінше оқуға/қайталауға қолайлы.
 
Ханафи фикхын үйренудегі болжалды бағдарламалар:
 
1. Араб елдерінде:

а) Мәтін «Нұр әл-идах», көбіне «Мараки әл-Фалях» шархымен.
 
б) Мәтін «Мухтасар әл-Қудури» «әл-Любаб» шархымен.
 
в) «Әл-Ихтияр ли талиль әл-Мухтар».
 
г) «Әл-Хидоя».
 
2. Үндіпәкістанда:

а) «Нұр әл-идах» немесе «әл-Фикх әл-муяссар».
 
б) «Қудури», кейде одан кейін «Канз ад-дакаикты» үйренеді.
 
в) «Шарх әл-Уикая».
 
г) «Әл-Хидоя».
 
3. Көп томды кітаптар
 
Оларды сұрақтарына жауаптар іздегенде шейхтер мен мүфтилер қолданады, студенттер фикхты үйренгенде — дәстүрлі бағдарламаны қорытындылаушы анықтама құралы ретінде — өз білімдерін кеңейтіп, тереңдету үшін қолданады. Олардың көлемдеріне қарап, ұстаздармен сирек оқиды, алайда араб елдерінде кейде «Радд әл-Мухтарды» оқытады. 
 
Бұндай кітаптардан біз «Фатх әл-Кадир» және «әл-Хидояның» басқа шархтарын айтып өткенбіз, сондай-ақ, «Бадаи` ас-Санаи`». Бұлардан басқа келесілерді атап өтуге болады:
 
- Имам Ибн Абидиннің «Радд аль-Мухтар» (Тағы да «Хашия Ибн Абидин» ретінде де танымал, Үндіпәкістанда «Шами» ретінде танымал). Бұл имам әл-Хаскафидің «Дурр әл-мухтарына» хашиясы. Бұнда толып жатқан сұрақтар, пікірлер мен айырмашылықтар талқыланады, мәзхабтың мықты пікірлері келтіріледі. Жаңадан бастаған студентке бұл оңайға түспейді, алайда білгірге бұл кітап — нағыз қазына. 

- Имам Абуль-Баракат ан-Насафидің  «Канз ад-дакаикке» түсіндірмесі. Олардың маңыздырақтары имам Ибн Нуджеймның «Бахр ар-Раикы» (оған Ибн Абидиннің хашиясы бар) және имам аз-Зейляидің «Табьин әл-хакаикы» болып саналады.

- Пәтуалар жинақтары: «Фатава аль-Хиндия»«Фатава ат-Татархания»«Фатава Кади-хан» және басқалары.

- Имам Зафар Ахмад Усманның «И`ля әс-Сунаны» - бұл ханафи мәзхабының орасан зор (22 томды) іргелі зерттеудің дәлелдері.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков