Циклы Авторы Сортировка

24 дәріс. 84-86 нақыл сөздер

2 505
13 января, 16
84. Егер біреудің алдында сөйлеу керек болса,  онда тыңдаушыларды есепке алу керек.

Мұсылмандар бүлігінің себебі болуға әрі олардың Ислам туралы түсініктерінің негізін шайқайтын нәрселерді көпшілікке шығаруға болмайды.
 
Бұл дегеніміз, мұсылмандардың санасындағы әлдебір адасулар мен дін туралы бұрмаланған көріністерді сынауға алып, түзетуге болмайды дегенді білдірмейді.
 
Бұл біз көп ойланған тақырып: егер әлдебір жаңа енгізілім (бидғат)  - адамды Исламмен байланыстырып тұрған жалғыз нәрсе болса, онда оны сынауға әрі оған күмәндануға бола ма?

Бірақ, егер 40 күндік еске алу – адамды Исламмен байланыстыратын жалғыз нәрсе болса, онда ол мұсылман ба?!
 
85. Басқа адамдарға қызмет етуге әзір болмаған адам қандай болмақ?!
 
Басқаларға қызмет ету (хидмат) – салиқ өзіне әдетке айналдыруы тиіс нәрсе.
 
Тек тәкаппарлық пен өз-өзін асыра дәріптеушілік қана басқаларға көмектесуде әрі  қызмет етуде адамға кедергі келтіреді.
 
Ғалымдарға қызмет атқару, әсіресе студенттер үшін өте маңызды, олардың жұмысына, кітаптарының жазылуына көмектесуге тырысып, бұдан құнсыз тәжірибе алуға талпыну керек.
 
Біздің уақытымызда бұның  үлгісі, әрине, Мухаммад Аууам, хафизахуллах болып табылады, ол көп жылдар бойы өзінің ұстазы шейх Абдул Фаттах Абу Ғұдд, рахимахуллахқа көмектескен.

Сөзсіз,  бұл қызмет оның ғалым ретінде дамуының маңызды себептерінің бірі болған.
 
86. Сені кім қолдап, кім қорғайды? Тек таупиық және Алланың қолдауы.
 
Мұсылманға өз намысы мен беделінің қамын ойлау маңызды. Қамын ойлаудың маңызды бөлігі — намысты ластайтын нәрсені жасамау.
 
Іс жүзінде, қоғамдық қызметпен айналысатындардың бәрі туралы қаңқу сөздер мен өсектер жүреді.
 
Бұл жағдайда, таласып, теріске шығарумен айналыспай, ең жақсысы, таупиық пен Алланың қолдауына жүгіну.
 
Өкінішке орай, көптеген мұсылмандардың ойлауы мен қызығушылықтары қазіргі кезде саржағал баспасөз бен көркемдігі жоқ  оқу деңгейінде ғана дамыған, сондықтан да  бұндай қаңқу сөздер мен өсектер олардың арасында үлкен сұранысқа ие.
 
Ия, егер қандай да бір деңгейдегі қоғамдық іс-шараларға ат салысып жүрген мұсылман, өз жұбайының әуреті жабылмаған күйде бейнеленген фотосуретін ғаламтор желілеріне шығарып қойса, онда оған бұны көрсету немесе оның ісін сынау тыңшылық пен жеке өмірге араласу болып саналмайды.
 
Әйелінің әуреті елге жария болғандығына беймарал қарап, адам өз қылығының қаншалықты  жаман екендігі жөнінде тіпті ойланбаса, онда бұл қылығы ол туралы көп нәрсе айтады.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков