Циклы Авторы Сортировка

24 дәріс. Он бесінші кіші белгі. Зинаның кең тарауы

4 093
22 мая, 15
Бұхари мен Муслимде кіші белгінің бірі зинақорлықтың кең тарауы екендігі айтылады.
 
 
 
Біздің заманауи қоғамымдызда зинақорлықтан басқа барлық жерде кең тараған жиркенішті нәрсе жоқ.
 
Ең таңқаларлығы – біздің ата-анамыз бен олардың ата-аналары өскен қоғамда, яғни Алла Тағаланы жоққа шығарушы атеистік қоғамда адамдар бізден, яғни діни ілімді еркін жүріп ала алатындардан қарағанда адал болған.
 
Әбу Мұса әл- Ашғари (оларға Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенін жеткізеді: «Менің үмметімнен жібек пен зинаға рұқсат беретін адамдар шығады» (Бұхари)
 
Әрине, олар: «Зина - халал»,- деп айтпайды, бірақ олар «зина» сөзін «махаббат» сөзімен алмастырып, зинаны «тек жұбайының опасыздығы» немесе «сезімсіз қарым-қатынас» деп айтады. Олар өздерінің ар- ұяттарын ақтау үшін әртүрлі қулықтарға барады.
 
Бұл үдеріске ұялы телефондар мен әлеуметтік желілер өте зиянды ықпалын таратты. Егерде осыдан он жыл бұрын өздерін «мұсылманмын» деп есептейтін надан адамдарың арасында ер адамның зина жасауы үйреншікті жағдай, ал әйел адам үшін кешірілмес әрекет болып есептелген болса, қазыргі таңда ер мен әйелдің бұл әрекеттері тепе-теңдікке түсе бастады. Ал «қатал мінез», «әдеп», «таулық дәстүр» сияқты әңімелер – бұлар екжүзділердің жамылған бетпердесі, олардың арғы жағында арсыздық пен бұзғындылықтың теңізі жатыр.
 
Еге күнә мен арсыздың қолжетімді болып, оны жасауда қоғамның сыны тоспаған болса,  адамды ол жолға барудан тек Алланың алдындағы қорқынышы ғана ұстайды. Ал заманауи құралдар мен желілер күнәні қоғамның сынына түспестен жасауға ықпал етуде. Олар адамға ешкім көрмейтін, білмейтін жағдай орнатып береді.
 
Осының себебінен мұсылман елдері ғаламторға бейәдеп тақырыптарға сұраныс беруде ең бірінші орында тұр. Бейәдеп (порнография) – мұсылман жастарын құртушы үлкен қасірет.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұны да бізге айтып кеткен:
 
«Есектер секілді қосылатын, ең нашар болған адамдар ғана қалады. Солар Қияметке ұшырайды» (Муслим).
 
Бұл хадистің тәпсірінде адамдар басқалар да мұндай арсыздықты көре алатындай, өзге жұрттың көзінше зина жасайтын болады деп түсіндіріледі.
 
Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткендей: «Жаным қолында болғанмен ант етемін. Ер адам бір әйел адамға барып көшеде зина жасуады ұсынатын күн тумайынша бұл үммет құрыдымға кетпейді. Сол кезде олардың ішіндегі ең жақсылары: «Тым болмаса керегенің артына жасырынбайсыңдарма!»,- деп айтатындары болады» (Әбу Йәълә).
 
Егер мұсылмандардың өткен ұрпақтары бәлкім мұны зинақорлықтың артуын меңзейтін бейне бір  гипербола деп түсінген болса, біз, бүгінгі таңда, мұның тікелей түрде  болатынына аз ғана уақыт қалғанын түснеміз.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков