Циклы Авторы Сортировка

24 насихат: Ислам құқығы (фикх). 3-ші бөлім

2 795
7 октября, 15
Ханафит мәзхабының фикх бойынша кітаптары туралы әңгімемізден соң,  ислам құқығының даму үдерісінде оқшауланып қалған екінші кезектегі ғылымдар туралы  қысқаша айтпақпыз:   
 
 
 
1. `Ильм әл-хиляф
 
Фикх имамдарының арасындағы айрмашылықтар туралы ғылым. Ол ерте дәуірде пайда болған, сол кезде-ақ ғалымдар жеке кітаптар құрастыра бастаған, имам-муджтахидтердің Шариғат дереккөздерінен шешім шығарарда өз қағидаттарының өзгешеліктерінің негізінде пікірлерінің қосылмауы жайындағы мәселелерге арналған. Классикалық кітаптардан бұл ғылым бойынша шейхтер мыналарды атап көрсетеді: имам Рушданың (хижра бойынша 595 ж.  өлген)  «Бидая әл-муджтахидын» және ад-Димашки аш-Шафиидің (хижра бойынша 780 ж. өлген) «Рахма әл-умма фи ихтиляф әл-аиммасын».
 
Біздің уақытымызда тәртіп «әл-фикх әл-мукаран» (салыстырмалы фикх) атауымен белгілі бола бастады, ол араб елдеріндегі көптеген ислам жоғары оқу орындарында оқытылады және кейде оның үйретілуі бір мәзхабтың нақты реттілігін кітаптар арқылы оқытумен шынайы фикхты үйретуді алмастырады.  Фикхты үйретудің дәл осындай амалы Ислам тарихында көптеген ғасырлар бойы болған, барлық ұлы факихтар осылай оқыған (фикх бойынша кітаптар пайда болғаннан бастап), жетістіктің берекеті мен кепілдігі осында.
 
Сол екі арада қазіргі заман оқулықтарын оқуда нақты мәселе бойынша төрт мәзхабтың пікірлері салыстырылады, сонымен қатар, автор олардың ішінен ең мықтысын (!) таңдайды, оған қосымша сүнниттік емес мәзхабтардың («джфарилік» немесе «захарилік») пікірлерін жиі баяндайды, бұнысымен осығанға дейін фикхты дұрыс – мәзхабқа сай - түрінде оқымаған студенттердің бастарында абыржушылық тудырады. Араб тілінде студент жағдайының жақсы атауы бар, нақты мәзхаб (біреуін немесе бірнешесін) фикхының орнына салыстырмалы фикхтың осы заманғы түрленімін үйренгенді: «джахль муракааб» дейді. Джахль – (надандық) қарапайым білмегендіктен болады: адам бірнәрсені білмесе, сонымен бірге өзінің білмейтінін жете түснеді. Ал «джахль мураккаб» - бұл өзінің білетіндігіне сенімді, тіпті өз білімсіздігіне күмәнданбайтын наданның жағдайы. Надандық пен пайда бермейтін білімнен сақтасын деп Аллаға сыйынайық!
 
2. `Ильм әл-кава`ид әл-фикхия (фикх ережелері туралы ғылым)
 
Біз айтып өткендей, усуль әл-фикх  ғылымы зерттейтін фикхтың негіздері бар, сонымен бірге  талдап қорытудан алынған нақты фикх шешімдері де бар, мысалы: «ниетсіз болған әрекетке сауап жоқ», «сенімділік күмәнмен жоғалмайды», «аса қажеттілік болғанда тыйым салынғанға рұқсат етіледі» және т.б. Бұл ережелер  кава`ид әл-фикхия ғылымының белгілі кітаптарында талқыланады. Сондай ханафи кітаптарының ішінде белгілісі, айталық, имам Ибн Нуджеймның (хижра бойынша 970 ж. өлген) «әл-Ашбах ва ан-назаиры» немесе кейінгі осман ғұламалар тобының «Маджалля әл-ахкам әл-`адлийясы». Қазіргі кезде бұл ғылым ислам ЖОО-ның оқып-үйренетін пәні болып та табылады, бұл туралы осы заманғы кітаптардан, мысалы: шейх Ахмад Мұхаммед аз-Зарктың «Шарх әл-кава`ид әл-фикхиясын» атап көрсетуге болады.
  
3. `Ильм әл-фурук әл-фикхия
 
Бұл жеке ғылымның атауын  «фикх айырмашылықтары туралы ғылым» деп аударуға болады.    Бұнда сырттай ұқсас жағдайлардың шешімдерінің (үкімдерінің) айырмашылықтары талқыланады. Имам әл-Карабисидің (хижра бойынша 570 ж. өлген)  «Әл-фурук фи әл-фуру`» ханафилік кітабынан мысал келтіреміз:
 
«Егер адам тіршілік иелерінің бейнелері бар жайнамазға намаз оқыса, егер олар (бейнелер), сәжде жасайтын жерде болса, онда ол мәкрүх, ал егер аяқтың астында болса, онда ештеңе етпейді».
 
Бұл жердегі айырмашылық мынада, құлшылық етуші көз алдынан бейнелерді көрсе, онда ол олардың бейнелеріне қарап пұтқа табынған пұтқа табынушыға ұқсап кетеді, ал пұтқа табынушыға ұқсауға тыйым салынған, өйткені хадисте айтылғандай: «кімде-кім әлдекімге ұқсаса, ол солардан». Ал егер бейнелер аяқтың астында болса, бұнда пұтқа табынушылыққа ұқсау жоқ, олар ешқашан бұлай жасамайтын, керісінше бейнелердің үстінде аяқпен тұру – олар үшін қорлау болатын, сондықтан да бұл рұқсат етілген және пұтқа аяқпен зақым келтірмейтін [1].
 
4. `Ильм тарих әл-фикх әл-ислями
 
Ислам құқығының тарихы. Атауы өзіне-өзі айтып тұр деп ойлаймын: фикхтың қалыптасу және даму кезеңдерін, мәзхабтарды біріңғай жүйеге келтіру, фикх ғалымдарының өмірбаянын, олардың мұрасы мен кітаптарын, сондай-ақ, олардың әдістерін және бір-бірімен ғылыми байланыстарын -  Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлмі мен игілігі болсын) уақытынан біздің күндерімізге дейінгіні зерттейтін  ғылым.
 
Ғалымдар осындай кітаптардың арасынан шейх әл- Хаджави ас-Са`алябидің (хижра бойынша 1376 ж. өлген) «әл-Фикр ас-сами фи тарих әл-фикх әл-ислямиін» және шейх Ахмад Теймур Пашаның (хижра бойынша 1348 ж. өлген) «Назратун тарихиятун фи худуси әл-мазахиб әл-арба`асын» ұсынады. Бұлар қазіргі заманымыздың кітаптары болып есептеледі, алайда кезінде де ғалымдар фикхтың ұлы ғұламаларына арнап жеке кітаптар құрастырған (оларды «манакыб» - дәреже, құндылық деп атайды), мысалы:  имам Фахруддин ар-Разидің «Манакыб әл-имам аш-Шафии» немесе хафиз аз-Захабидің «Манакыб әл-имам Аби Ханифа ва сахибейхи...», немесе  имам Ибн Хаджар әл-Хайтамидің «әл-Хайрат әл-хисан» (имам Әбу Ханифаның құндылықтары туралы).
 
Сондай-ақ, шейхтар ханафи мәзхабының үйренуіне кіріспе және оның тарихы ретінде біздің замандасымыз Ахмад ан-Накибаның екі томды «әл-Мазхаб әл-ханафи» кітабын ұсынады.
 
[1] «Әл-фурук фи әл-фуру`», 59 бет . Кветта, Пәкістан.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков