Циклы Авторы Сортировка

25 дәріс. 87-91 нақыл сөздер

2 337
16 января, 16
87. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін бойынан көрсете алмаған адам Алланың уәлиі (досы) бола алмайды.

Тақуалық пен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін іске асырудан басқа Аллаға жақындататын жолдар жоқ.

Әулиелігі көп адамның сүннеті де көп болады және, керісінше, сүннеті көп адамның бойында  әулиелігі де көп болады.
 
88. Адамдар арасындағы әртүрлі мәртебені ажырату — бұл қажеттілік.

Адамдар бір-біріне тең емес.  Бұл гумманизмге қарсы қойылған Исламның ұлы құндылығы.

Ислам ерекше касталарың бар екендігін, я болмаса бір нәсілдің немесе халықтың басқалардан үстемдігін бекітпейді. Алайда адамдар бір-бірінен рухани күштілігімен және терең тақуалықтарымен ерекшеленетінін мойындайды.  Бұл олардың мәртебесіндегі негізгі айырмашылықты білдіретін шарт болып табылады.
 
89. Әр нәрседе тәртіп пен рет қажет.

Аллаға жақындаудағы тақуалар жетістіктерінің көп бөлігі мен ғалымдардың сәтті білім алуы өз бастауын — білім алу ісіндегі рет пен тәртіп саласынан алады.

Имам аш-Шафии, рахимахуллахтың өзінің замандас сопыларынан алған даналықтарының бірі  – бұл уақыт мағынасы мен оны тиімді қолдану туралы ілім.

Қазіргі кезде, әсіресе, біздің әрқайсымызға өз уақытымызды бөлуді қайта қарап шығуымыз қажет,  сол үшін біз табандылықпен шейх Абдул Фаттах Абу Гудда, рахимахуллахтың уақыт құндылығы туралы кітабын оқып шығуды  ұсынар едік, 
 
90. Ақыл мен молшылық әрқашан бір-бірімен байланысты емес.

Адамдамның байлығы оның ақылының көрсеткіші болып табылмайды, сол сияқты байлықтың болмауы оны ақымақ ретінде сипаттай алмайды.
 
91. Сенің рухани жағдайыңның өзгеруі жасаған ізгі амалдарыңа байланысты.

Қандай да бір шейхпен байланыс орнату немесе қандай да бір тарикатқа кіру әлі ешкімді тақуа жасаған емес.

Сулюктің пайдасы Аллаға құлшылық етудегі адамның жігері мен өзгеруге деген қалауымен тікелей байланыста. Ал өзгеруді қалау өз кезегінде,  әулие немесе жақсы адам болуға тырысумен емес, өз жанының сасық иісіне одан әрі шыдай алмағанның себебімен болуы қажет.   
 
Шейх Зәкәриянің рахимахуллах, Мекке қаласындағы ең басты шәкірті мен мүриді болған шейх Суфи Икбалдің ең жақын шәкірттерінің бірі, бізге келесі оқиғаны баяндап берген еді. 

Жасы ұлғайып, Қағбаны өз күшімен тәуап жасау қиынға соққан шағында, шәкірттерінің бірі оны арбамен сүйреп жүрген еді, бір адам оған келіп, былай деген: «Сені шейх деп естідім. Олай болса маған кереметіңді көрсет». Оған шейх орнынан тұрып, былай айтқан: «Мен сияқты күнәһарды жердің әлі жұтып қоймағаны, керемет емей немене?»

Міне, осы сезім олардың құлшылықтағы жігері мен Аллаға жақындаудағы талпыныстарының қайнар көзі болып табылады.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков