Циклы Авторы Сортировка

25 дәріс. Он алтыншы кіші белгі. Өсімқорлықтың кең тарауы (риба)

4 025
25 мая, 15
Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Қияметтің алдында өсім көбейеді» (әт-Табарани).
 
Сондай- ақ Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Адамдарды ақшаны қайдан алып жатқандары толғандырмайтын уақыт келеді: харам ба ол, халал ма» (Бұхари).
 
Осы уақыттың келгеніне ешқандай күмән жоқ!
 
Соңғы 30-40 жылда өсімге құрылған банктік жүйе адамның қаржылық қызметін қамтып алды. Банктер мен қаржылық корпорациялардың күшейгендіктері соншалықты, олардың ықпалы мемлекеттердің басшылары мен лидерлерінен де қуаттырақ, әрі олар биліктің басым бөлігін ұстап отыр.
 
Кез келген үлкен қалада «арзан несие» алуға шақыратын жарнамалар ілініп тұрады. Батыс елдерінде өздері тапқан табыстан да ауқымды қаржы жұмсау -қалыпты жағдай айналған.
 
Несиелер БҰҰ елдеріндегі мұсылмандарға үйреншікті болып кеткен. Ең сорақысы: ең жаман күнә мұсылмандар үшін үйреншікті жағдайға айналғандығы.
 
Өсімқорлық – бұл адамның мінез-құлқы және жан-дүниесін құртатын жай ғана күнә емес, ол адамдардың жақсы қарым-қатынасын бұзатын қоғамдық індет.
 
Бір адам екінші адамға қарыз берсе, ол ақшасын міндетті түрде өсіммен қайтарып алуы тиіс, ал несие алушы адам ол ақшадан пайда таба ма, жоқ па,  оның кәсібі табысты болады ма әлде табыссыз болады ма - ол жағы несие беруші адамға қызық емес. Осындай жүйеде байдың байлығы артып, кедей сол кедей қалпында қала беретінін түсінуіміз керек.
 
Мұсылман дін басылары кәсіпкерлермен бірігіп, көп жылдан бері «ислам банкингін» құру әрекеттерін жасау үстінде. Дегенімен бұл жобаның өзі нақты емес әрі көптеген сынға ұшырауда.
 
Шариғи мәжбүрлеу әрекеттерісіз ислам банкі екі жақтың біріне тек садақаның бір түрі болып қалатындығы бұл мәселенің күрделігін арттырады. Сондықтан да көп жерде шариғи үкімдердің сақтамағандығы мушарақа, мудараба және өзге де келісім-шарттардың бұзылуларына себепкер болып жатыр. Банктер осы жайғайларды өз пайдаларына аударып, қатерлерін азайту мақсатында барлық қаржы шығынын тұтынушыларының мойнына салып қойған.
 
Бүгінгі таңдағы фақиһтар мұны біледі. Мысалы, бұл мәселені муфти Таки Усмани да толықтай біледі. Алайда егер институттар бұл істі қараусыз қалдырып, түзетуге кіріспесе одан да зоры болатынын ғалымдар да түсініп отыр.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков