Циклы Авторы Сортировка

25 насихат: Тасаууф

3 018
10 октября, 15
Шариғат ғылымы туралы әңгімелесу – оңай емес. Бір жағынан, бұл сөздің өзі – тасаууф немесе сопылық болсын – қазір елдің құлағында, бұл сөздің айналасында сопылықты жақтаушылар мен олардың қарсыластары арасында таусылмайтын таластар жүруде.

Жақтаушылар тасаууф – Исламның жүрегі және оны үйрену міндетті, онсыз мәңгілік өмірде мұсылманды жақсы нәрсе күтуі неғайбіл деп сендіреді. Ал қарсыластары болса бұны жаңа енгізілім (бидғат) деп қарсы келіп, Исламның бірінші ғасырында сопылық болмаған әрі бізге түсініксіз дүниелерді айтатын жалған-шейхтарды, немесе өз денелерін қылышпен түйрейтін, немесе музыкаға шыр айналып, өздерінің адам шошырлық тәжірибелерін тасаууф деп атайтын әлдебір цирк жарымжандарын көрсетеді.

Осы екі шектен шығушылықтың: сопылықты біржола қабылдамау мен дініміздің басқа жақтарына көңіл бөлмей онымен шектен шыға айналысудың ортасы бар ма? Шынын айтсам, менің бұл сұраққа жауабым жоқ. Мен жауапты сондай қатты тапқым келеді.

Сопылықтың заңдылық негізі  - Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) туралы ұлы хадисте жатыр. Алдыңға топтамаларда біз оны еске түсіріп өткенбіз. Онда періште біздің сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  ислам (құлшылық), иман (сенім) және ихсан туралы сұрақтар қояды. Пайғамбармыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ихсан туралы жауабы мынандай болған еді: «Ихсан – Аллаға сен Оны көріп тұрғандай құлшылық ету, өйткені сен Оны көрмесең де, Ол сені көреді».  

Хадисқа түсіндірме бергендер «Ихсанды» шариғат жарлықтарын орындаудағы адалдық, кемелденгендік деп анықтаған, Алла Тағала сені көріп тұр деген сезімнен әрбір секундта сергектік сезіну, үнемі Оның ұлылығын, Оның алдындағы қорқынышты сезіну [1].

Бірақ Қасиетті Құран мен пәк Сүннетте көрсетілген осы және басқа да тамаша адамгершілік қасиеттерге қалай қол жеткізуге болады? Жауап айқын сияқты: оларды иеленушілерден қабылдау, айтылған жетістік дәрежелеріне жеткен тақуалардың қасында барынша көп болу. 

Бұрынғы ғалымдар, фикхтың, хадистің, ақиданың және басқа да ғылымдардың имамдары Алланың сүйіктілері – Оның әулиелерімен араласуға көп мән берген. Ақырында Ислам тарихында мақтаулы адамгершілік қасиеттерге үйрету және кемістіктерден жүректерді тазарту тәжірибесі пайда болған – бұл тәжірибені сопылық, ал оның нақты әдістерін – тариқат (арабшадан «жол») деп атаған.

Тариқат – кемеліне жеткен шейхтің – Алланың уәлиінің төңірегінде пайда болып, басқаларды нақты Алла сөздерін еске алу, Құранды оқыту және басқа да рухани тәжірибелерге үйрету арқылы оған келтіре алған. Оның шәкірттерін «салиқтар» (жан тазарту жолында жүргендер) деп атаған. Шейхтер тәлімгерлікке деген рұқсатты  - иджазаны - бірінен-біріне беріп отырған, осылайша тізбектеліп тариқаттар бір шейхтан екіншісіне жетіп біздің күнімізге де келіп жеткен. Олардың қазір түрлері көп – нақшбандилық, шазилилік, кадарилік және тағы да басқалары. Алайда, өкінішке орай, уақыттың соңындағы жағдай басқа ғылымдарға әсер еткендей, соплыққа да зиянды әсерін тигізді. Біздің күнімізде ғалымның шынайылығын, мәселен фикх немесе ақида саласында болсын, тек қана оның иджазасына қарап, оның қанша жыл, қайда және кімде оқығанын  анықтау мүмкін емес. Ең мінсіз деген еңбек тізімі болған күннің өзінде де ол өте қауіпті адасушылардан болуы мүмкін. Бұл тариқат шейхтарына да қатысты.
 
Тіпті сырт келбеті қатаң түрде сүннетке сай келіп тұрса да, барлық иджазасында, танымалдығында, оның шәкірттерінің ішінде нағыз әлімдер болғанның өзінде де, - сонымен қатар, бұл шейхтің сөздері мен әрекеттері Шариғатқа қарама-қайшы болуы мүмкін.  Ал өзін-өзі кемелдендірудегі рухани жол – бұл әлдебір шейхтің басшылығымен бір тариқатта болу фактісі ғана емес, сөздері мен істері Шариғаттан бір түйір де аластамайтын тақуа - Алланың уәлиіне жақын болуда.
 
Сондықтан да рухани кемелдену жолында жүргісі келіп, сопылық жолы тәлімгерінің шәкірті болғанды қалайтындарға асығудың қажеті жоқ, айуандық сезімге еріп, бірінші кезіккен адамға туыстарының немесе достарының соңынан ілесіп бармау керек. Шейхты таңдауда сақтық таныту қажет, оның қандай болу керек екендігін білу қажет, Алладан көп және  шынайы түрде адал жолға түсіруін сұрау керек, Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көп салауат айту қажет, истихара намазын оқып, өз жүрегін тыңдау керек. Егер сөзі мен әрекеті толығымен Шариғатқа сәйкес, адал рухани тәлімгерді тапсаңыз, - онда сіздің расымен жолыңыздың болғаны деп санаңыз. 

Тұжырымдай келе, дәстүр бойынша осы ғылым жөніндегі кітаптар туралы сөз қозғай кетеміз. Өйткені сопылық өзінің шынайы түрінде – барлығы Құран мен Сүннетке негізделген, өзінің имамдары, өз мәзхабы, өзтерминологиясы бар ғылым. Сопылық түсінігімен дұрыс танысу үшін, кімде-кім сопылық туралы дерліктей  ештеме білмейтін болса, біздің ұстазымыз Әбу Әли әл-Әшғаридің (оны Алла сақтасын) «Әзіреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің нақыл сөздеріне түсіндірме» атты кітабын шын көңілмен ұсынамыз, әрі ол Azan.kz ислам порталының оқырмандарына қолжетімді.

Адамгершілік жөнінде кітаптар оқитындарға ұлы ғалым Әбу Хамид әл-Газалидің (оған Алланың рақымы болсын) араб тіліндегі кітаптарынан бастаған жөн. Дегенмен, оның кейбір кітаптары орыс тіліне де аударылған.
 
Имам әл-Газалидің кітаптары:
 
1. «Аййюха әл-валяд»
 
2. «Бидая әл-хидая»
 
3. «Минхадж әл-абидин»
 
4. «Ихья улюм ад-дин» - бұл күрделі 4 томды кітап, адамгершілік энциклопедиясы, онда, сірә, мұсылманның рухани өсуіне қажеттің бәрі бар. Оған имам Муртад аз-Забидің «Итхаф саадат әл-муттакын» деген  көп томды түсіндірмесі бар. Имам Ибн әл-Джаузи «Ихьяны» «Минхадж әл-касыдинға»  қысқартқан,  оны өз кезегінде имам Ибн Кудама «Мухтасар минхадж әл-касыдинда» қысқаша баяндаған.
 
Басқа авторлардың кітаптары:

Бұл жерде нақты бір нәрсеге кеңес бере алмаймыз, өйткені сопылық туралы кітаптар толып жатыр. Сондықтан тек біздің ұстаздарымыз ұсынған бірнеше атаулармен ғана шектелеміз:

- Имам әл-Мухасибидің «Рисаля әл-мустаршидин»[2].

- Имам Закари әл-Ансаридің «Рисаля әл-кушайриясы» түсіндірмесімен.

- Ибн Атаилляның «Хикамы»  Имам Ахмад Зарруканың түсіндірмесімен.

- Имам Мухаммад әл-Биркавидің «Ат-Тарика әл-Мухаммадийя»[3].
 
[1]  Ибн Хаджар әл-Хайтами «Фатх әл-мубин», Дар әл-минхадж, 2008.  175-ші бет.

[2]  Аzan.kz сайтында Ерсін Әміре Әбу Юсуфтың осы кітап  бойынша қазақ тілінде дәрістері бар.  http://azan.kz/audio/index/type/10/id/114.html.

[3] Azan.kz сайтында осы кітап бойынша орыс тілінде дәрістер жарияланады. Дәріс оқушы - Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахуллах. Дәрістердің сілтмесі: http://azan.kz/audio/index/type/10/id/144.html
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков