Циклы Авторы Сортировка

26 дәріс. 92 нақыл сөз

2 339
20 января, 16
92. Тасаууф парыздың нәпілден басымдығын бекітеді.
 
Өкінішке орай, кейбір сопылар үшін, парыз ғайнды үйреніп, іске асырудан гөрі қосымша және нәпіл амалдарды талдап, оларды ұстану маңыздырақ болып кеткен. Кейде олар үшін дін жаңалықтары Құран мен Сүннеттің бекіткен міндеттерінен де маңыздырақ болып жатады.
 
Үнді субконтинентіндегі кейбір сопы орталарын бақылаған достарымнан олардың ашуы мен өшпенділіктерін күпірлік  етіп,  Алла Тағаланы балағаттаушылардан гөрі мәуліт шараларын бидғат деп айтқатындар көбірек тудырады деп әлденеше рет естіген едім. Олардың жүректерінде дін жаңалықтарын дәріптеу,  Алла Тағаланы ұлықтаудан да асып түседі! Алла Жәрдемші!

Ескерте кететін бір жәй: «мәуліт» сөзі Үнді субконтинентінің кейбір сопылары арасында мейрамды білдіреді, ол Рәббиүл Әууәл айының 12-ші күні аталып өтеді әрі бұл ортада оны «Ид миляд-е-наби» деген атау қабылданған.
 
Шариғаттан біздің білетініміз,«Ид» сөзі екі күнге бірдей қолданылады: «Ид әл-Фитр» (Ораза Айты) мен  «Ид әл-Адха» (Құрбан Айт), Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), «Исламда тек осы екі мейрам бар және бұлардан басқа мейрам жоқ» деп айқын да анық көрсеткен. 
 
Бұл Ислам басқа да айтулы күндерді мерекелемейді дегенді білдірмейді, бірақ шариғат діни мейрам ретінде осы екі күнді ғана бекіткен! Осы себепті де имам аш-Шатыби, рахимахуллах,  Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін Ид жиегінде дәріптеп атап өту бидғат болып табылады деген.
 
Басқа күндер келер болсақ - оларды еске салуға және олар жайлы хабар беру үшін, өткізудің әлдебір нақты шараларын бекітпей-ақ, арнайы шариғат бекітпеген  сый-сияпаттар мен ерекшеліктерді орнатпай-ақ, жиын өткізуге болады.
 
Алла Тағала айтқан:
 
وَذَكِّرْهُم بِأَيَّامِ اللَّـهِ

Алланың күндерін ескерт(Құран 14:5)

Сонымен бірге, Деобанд  ғалымдары тарапынан сынға түсіп жатқан мәүліт, Кавказда кең таралған мәуліт шарасына еш қатысы жоқ, өйткені ол мәуліттің түрі сопылық шеңберіндегі адасулар мен ауытқулардан ада.   Бұл үшін Аллаға мадақ болсын!
 
Имам  әл-Газали, рахимахуллах, «Ихья» кітабында: «...егер парыз кифаяны немесе сүннетті орындау адамды ғайн парыздан алаңдатса, бұл оның құлшылыққа ергендігінің әрі оның ниетінде кемістік бар екенінің белгісі» деп жазады.
 
Бұл, сондай-ақ, Исламды жақтап, Үмбеттің тағдыры үшін қатты алаңдаумен түн ұйқыларын төрт бөлген әртүрлі «уағызшылар» мен «қоғам қайраткерлі» үшін лакмус қағаз тәрізді.

Егер бұл адамдар парыз ғайнды үйреніп, оны тәжірибеде қолданбаса, онда бұл сөздердің бәрі өздерінің пайдакүнем мақсаттары үшін қолданып жатқан атақтарын көтеру тәсілі  және Фейсбукте лайк жинау мен еліртпе ғана.
 
Осылайша, салиққа өзінің рухани айығуын біріншіден, қаза болған намаздары мен оразаларын өтеуден бастау керек, өйткені олардың саны, өкінішке орай, этникалық мұсылмандардың көпшілігінің бастарынан асып жатыр.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков