Циклы Авторы Сортировка

26 дәріс. Он жетінші кіші белгі. Маскүнемдіктің тарауы және оны рұқсат ету әрекеттерінің көбеюі

3 596
2 июня, 15
Біздің үмметімізде маскүнемдік кең тарап, осы жағдайды өзгертпек ойларымен, адамдар бұл іске  басқаша атақ беріп қойды.
 
Имам Муслим Әбу Хурайрадан мынандай хадисті жеткізеді: «Қияметтің белгісіне шараптың тоқтаусыз ішілуі жатады».
 
Сондай-ақ  имам Ахмад пен Ибн Мәжа Уабада ибн әс-Самитадан (оларға Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Менің үмметімнен бір топ адамдар, шарапқа рұқсат беріп, ол істі басқаша атайтын болады».
 
Тіпті заманауи араб қоғамында шарапты көптеген адамдар басқаша атай бастады – «әл- мәшрубат әр- рухиә», тура мағынасы «рухани сусын» дегенді білдіреді.
 
Рұқсат береді дегенде нені түсіну керек деген сұрақтың екі түрлі көзқарасы бар:
 
- Біріншісі – расында да адамдар шарапқа рұқсат деп айтады.
 
- Екіншісі, адамдардың ішімдіктерді ашықтан ашық, көкбеттеніп және көптеп ішкендіктері соншалық, сырттан қарағандар ол рұқсат етілген екен деп қалады.
 
Әсіресе, бұл ислами түсініктері тапталып,  ал ішімдік болса, олардың тойлары мен отырыстарының «дәстүрлі» сусын болып қалған бұрынғы Кеңес өкметі елдеріндегі мұсылмандар үшін өзекті мәселе болып тұр.
 
Бұл жағдайдың жантүршігерлк мысалы: қоғамда үстелге шарап қою әдетті болып, ішімдіксіз өткен үйлену тойлар туыстар арасында наразылық тудыруда.
 
Дәл осы күнәға Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқаған, - егер күнә күнделікті үйреншікі әдетке айналар болса адамдар оны тиым салынған амал деп елемейтін болады.
 
Әрине, Әһлі сүннет мәзһабына сай күнә істеуші адам өз күнәсін рұқсат берген деп ашық түрде айтпаған болса, біз оны имансыз деп айта алмаймыз.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков