Циклы Авторы Сортировка

26 насихат: Білім алуды өзіңнің бастапқы мақсатың етіп ал

2 119
14 октября, 15
Білім алу жолында жүргендерді (толибтерді) зерттейтін шариғат ғылымдарының түрлерін әңгімелеуден кейін, біз осы жолды сәтті жүріп өтуге қажетті шарттар тақырыбына қайтадан ораламыз.

Сонымен, біз басында келесі мәселелерге тоқталған едік:

- Білім алуға деген ниет. Білімді Алла ризалығы үшін алу керек, баянсыз өмір игілігі үшін емес.
 
- Адалдық. Мұсылманның істері Алла Тағаланың разылығын тудырудағы бұл маңызды шарт.

- Өз ісінің маңыздылығын түсіну. Адам өз өмірін арнайтын ең жақсы нәрсе - білім алу.

- Уақыттың қадірін түсіну. Уақыт – біздің басты және орны толмас қорымыз.

- Уәждеме.
 
Бүгін біз келесі маңызды тәжірибелік дүние – білім іздеу жолында біздің алдымыздан шығатын  кедергілерді жою туралы сөйлесеміз. Егер біз басымды мақсаттарымызды дұрыс қоюды және оқуға кедергі келтіретіндердің бәрін жоюды үйренбесек, адалдық та, уәждеме де уақытты тиімді жоспарлау да бізге көмектеспейді.
 
Шейх Мұхаммед Аууама (оны Алла сақтасын), оқудағы басымдылықтарды қоюдағы басты қағидатты былай тұжырымдайды:
 
«Қатаң түрде өзін және өз уақытын қадағалау керек, нақты бір тапсырманы орындауда кедергі келтіретін нәрсені көргенде, оны кедергі, алаңдатпа фактор деп санап, оны жою керек».
 
Имам Әбу Юсуф (оған Алла разы болсын) былай айтқан: «Сен білімге толықтай берілмегеніңше ол саған бір жарты бөлігін де бермейді.  Ал егер сен оған өзіңді толықтай берсең, мүмкін (!) ол өзінің жартысын берер»[1]. Сондай-ақ, имам айтқан: «Менің ұлым өлді. Не жерлеуге дайындалуға, не жерлеуге мен қатыспадым.  Мен оны туыстарым мен көршілеріме тапсырдым, өйткені егер мен Әбу Ханифаның дәрістерінен бір нәрсені жіберіп алсам, бұл кемістікті ешқашан толықтыра алмаймын деп қорықтым» [2]. Имам Әбу Ханифаның (оған Алла разы болсын) дәрістеріне қатысуда сондай тұрақтылық көрсеткендігі сондай,  оның ұлы ұстазы өзінің шәкірті туралы былай деген: «Әбу Юсуф сияқты тұрақтылық танытып маған ешкім де келмеген»[3]. Ғалымдар туралы бұндай оқиғалар көптеп айтылады!
 
Имам Бухрануддин аз-Зарнуджи «Та'лим әл-мута'аллимде» былай жазады:
 
«Толиб күші жеткенше пендешілік өмірмен байланысын үзгені дұрыс. Сондықтан да бұрында олар (толибтар) (білім іздеп) жат жерге кеткенді қалайтын».
 
«Толибке оқу кезіндегі ауыртпалықты және білім іздеу сапарындағы қиындықтарды көтеруге үйрену қажет. Мұса Пайғамбар, (оған Алланың сәлемі болсын), білім үшін болған сапар туралы былай айтқан және өзге сапарлар туралы ештеме де айтылмаған: «Біз жолдан қажыдық».[4]  Ол бұны білім үшін болған сапардың қажытпай қоймайтынын білсін деп айтқан».
 
«Кім бұған (білім алудың қиыншылықтарына) шыдаса, пендешілік рақатынан асып түсетін рақат алады. Сондықтан имам Мұхаммед ибн әл-Хасан (имам  Әбу Ханифаның шәкірті) түндерін ұйықтамай, қиын (ғылыми) есептерді шығара отырып былай деген: «Патшаның ұлдары осындай рақат көре алар ма екен?!»
 
«Толибке білімнен басқа ештемемен айналыспау қажет  және фикхты ескермеуге болмас. Имам Мұхаммед (оған Алланың рақымы болсын) айтқан: «Кімде-кім біздің ғылымымызды уақытша қалдыратын болса, онда оны уақыт қалдырсын! Расында бұл біздің ісіміз (білім) – бесіктен қабірге дейін».[5]
 
Имам Әбу Ханифадан (оған Алла разы болсын) сұраған екен: «Фикхты жаттап алу үшін не керек?». Ол былай жауап беріпті:
 
- Талпыныс қажет.

- Талпыныс болу үшін не істеу керек?

- Кедергілерді жою керек.

- Кедергілерді жою үшін не қажет?

- (Пендешілік өмірден) қажетін ғана ал, одан артығы керек емес. [6].
 
Студенттердің, әсіресе жастардың, ең жиі кездесетін мәселелері – бауырларымен араласып әрі көңіл көтеріп көп уақыттарын өткізуі. Сөз, әрине, бос сенделіс уақыт өткізу, бос немесе тіпті тыйым салынған әңгімелер айтып, киноға бару және тағы басқаларда болып отырған жоқ. Тіпті рұқсат етілген демалыс, спорт пен өзара араласу да, егер олар шамадан тыс болса, толибке зиянын тигізеді, оны оқудан алаңдаттырады.
 
Бірақ толиб бұл дүниемен байланысын қалай толықтай үзбек, егер оған өзін және жанұясын асырау керек болса? Жанұялы адам білім ала алмайтындығы ма? Ала алады, егер қаласа. Тілегі болса, шынайы ниеті және мықты уәждеме болса кез-келген адам, тіпті ірі компанияның директоры және жеті баланың әкесі де оқуға уақыт таба алады. Егер оқу оның басымды мақсаты болатын болса.  
 
Шейх Аууама (оған Алла разы болсын) осымен байланысқан маңызды әлеуметтік мәселені көтерді. Ол былай жазады: «...қазіргі кезде қабілетті толибтер өздерінің күнкөрістері үшін алаң болмай білім алу үшін, қайырымдылық ұйымдары (қорлар, вакфтар) оларға қолдау көрсетулері  қажет. Әрине, тұрмыстық жағдайлары төмендерге, жетімдерге, мүгедектерге, әскери қақтығыс болып жатқан аймақтардың босқындарына көмек – бұның бәрі өте маңызды. Алайда, надандықтың түнегінен шынайы діни білімнің жарығына шығаратын өзінің келешек рухани көшбасшыларын  – ғалымдарын, имамдарын және мүфтилерін – өз қамқорына алмайынша, қоғамның мәселелері ешқашан шешілмейді.  Толибтарды қолдағандарға Алланың берер сауабы жетімдерге жәрдем еткеннен де мол болады, өйткені қоғамға келер пайда айтарлықтай».
  
Қазір бәрінің еститіні техногенді апат және табиғат сүргіні: зауыттар мен атом станцияларындағы жарылыстар, дауылдар мен жер сілкіністер, бәрі әскери қақтығыстарды талқылауда әрі олардың бейкүнә құрбандарына қайғыруда. Бірақ Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіндегі ғалымдар тапшылығы апаты - адасушылықтың таралуы мен діни білімсіздік туралы алаңдайтыны кемде-кем. Бұл апатты тек үмметке,– әрбір жеке  діни қауым деңгейінде – қабілетті студенттерге  қамқор болу арқылы еңсерудің басқа жолы жоқ. Бәріміз де Аллаға тәнбіз және Оған қайтып ораламыз!
 
[1]  «Джами'де» әл-Хатыб келтірген (1070). Сондай-ақ, бұл сөздерді басқа да ғалымдарға тиесілі дейді.

[2] «Манакыб әл-имам Әбу Ханифада» әл-Муввффак әл-Макки келтірген  (472 б.).

[3] Сол жерде.

[4]  «Әл-Кахф» сүресі, 62 аят.

[5] «Та'лим әл-мута'аллим», 83  б. (Дар Ибн Касир).

[6] «Ахбар Аби Ханифа ва асхабихиде» ас-Саймари келтірген. 22 б.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков