Циклы Авторы Сортировка

27 дәріс. 93-96 нақыл сөздер

2 612
23 января, 16
93. Жалғыздық тән жалғыздығымен емес, жүрекпен келеді.

Дүниені тәрк ету (зухд) – дүниелік нәрсенің бары не жоғы сезілмейтін жүрек күйі.
 
Дүниені тәрк етудің сыртқы аспектісі пәнилікпен байланысты ғана білдірмейтінін түсіну қажет.

Адам кедейшілікте өмір сүргенімен, бірақ оған мүлде басқа көлемдегі құштарлықтар бас көтертпеуі  мүмкін. 
 
94. Базарлардан, сауда орталықтарынан және басқа да ұқсас орындардан алыстау жүру керек.

Бұл мәселеде ондай жерде болуға не жұмыс жасауға тыйым салатын нұсқаулар жоқ. Бұндағы нұсқау — ондай жерлерге дүниелік нәрселерге деген сүйіспеншіліктің сіңгендігі соншалық, ол адамның жүрегінде көрінбей қалуы мүмкін емес.
 
95. Мәнсіз қарсы пікір айту – бұл надандықтың діңгегі.

Ақиқатқа деген талпыныс - дұрыс, ал ең бастысы - орынды сұрақ қоя білумен түйінделеді.

Көптеген ұстаздар өткен тақырып немесе кітап туралы сұрақтың болуы түсінгендіктің айқын деңгейін көрсетеді деп айтады. Сұрақтардың болмауы тақырыпты толық түсінбегендікті білдіреді. 

Сондай-ақ, әлдебір қойылған орынсыз сұрақ немесе мәнсіз қарсы пікір — қарсылық білдірушінің білімсіздігін дәлелдейді.

Бұндай тәсілімді адамдарды елеудің қажеті жоқ. Бірақ егер қарсылас терең ойлы сұрақ қойса, ондай сұрақтың өзі адамды байытады әрі бұндай сұраққа толғану барысында көп ойға шомдырады. 
 
96. Жүректегі сүйіспеншілікті сақтау үшін адамды үнемі көру шарт болып табылмайды. Бірақ оны есте сақтау қажет.
 
Сондықтан да, рухани тәлімгерге деген сүйіспеншілік оның әлеуметтік желілердегі фотосуреттерінің санымен емес, мүридтің қаншалықты өз жүрегін онымен байланыстырғандығында.
 
Бүгінде ғаламтор кеңістігінде кейбір мүридтердіңторттармен немесе жасыл тақия тәрізді плафондармен түскен фотосуреттері, рухани айығу жолының басқа да сыртқы әрекеттерінің  «пионерлік» ойлау өнімдерін көруге болады.Бұнда қандай да бір  қайшылықтар бар емес пе?
 
Салик үшін ең жақсысы өз рухани жолын Алла мен өзінің арасында ұстау. Бұнда адалдық басым әрі ғажайып пен көзбояушылыққа түсу қаупі аз.
 
«Тариқаттық бұқара белсенділігінің» бұндай түрі адамның өз әрекеттерініңсулюк екендігіне, ал әлдебір өте дұрыс дәйексөзді«репост» жасау оған еру  екендігіне сендіріп қоюы әбден мүмкін.
 
Бұндай еліктеу сағымы шындығында салиқ жолындағы шайтанның қулық-сұмдықтарының бірі.  Бұл жөнінде ойлану керек және осы жолға тұрғандардың әрқайсысына да бұдан сақтану абзал.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков