ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
27 дәріс. Он сегізінші кіші белгі. Мешітерді әшекейлеп, сонымен мақтанудың артуы
Имам Ахмад Әнастан (оларға Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Адамдар мешіттерімен мақтанбайынша Қиямет болмайды».
Имам әл- Бұхари былай дейді: «Әнас айтты: «Олар тек сөзбен ғана мақтанады да оны гүлдендірмейді. Мақтанулары гүлдендіру мағынасын беріп тұр».
Омар (оған Алла разы болсын) құлшылық қылушының көңілін бөледі деп, мешіттерді безендіруге тиым салған.
Алайда көптеген ғасырлар бойы мұсылман басшылары мақтаулы амал істеп жатырмыз деген оймен мешіттерді әсемдеумен жарысуда. Тек мешіттер оған салынған ақшамен емес, құлшылықпен, зікірмен және ондағы өтілетін дәрістермен әсемдене түседі. Біздің күнімізде де көптеген ауқатты адамдар әдемі мешіт салуда жарыссам жақсы амал істегенім деп санайды. Алайда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар мешітті әшекейлеуден жарысқан кезде үмметтің де құрдымға кететінін уәде еткен.
«Сендер мешіттер мен Құранды әшекейлей бастаған кездеріңде опат боласыңдар» (Жәми Сағир).
Әл- Мунауи былай деген: «Мешіттер мен Құранды әшекейлеу лағынеттелген, себебі бұл жүректі бұзады әрі Алла жайлы терең ойлануға кедергі келтіреді. Және де шафиғилер тіпті Қағбаны да алтын- күміспен әшекейлеуге тиым салғанын айтады, ал өзге әшекейлер – мәкрух».
Өкінішке орай, біздің мешіттеріміз құлшылық пен білім орны емес, мазар мен мұражайға айналып бара жатыр. Ғимарат салу шындығында – ең оңай жұмыс, бірақ бұл мешітте жамағат құрып, адамдарға Исламды үйрету соншалықты қиын!
Әрі мешіттерде сабақтың қызықсыз болғаны соншалық, тіпті ұстаздың өзінің ұйқысы келетіндей емес, нағыз Ислам ілімдері берілуі, ақида және хадис кітаптарынан сабақ өтілуі маңызды. Шынайы ілімнің берілмеуі салдарынан да мешіттер босап қалған, - тек тұщымсыз, есеп үшін ғана жүргізілетін, мағынасыз уағыздар - егер уағыз айтушы адам уағыздап тұрғандай кейіп танытар болса, тыңдаушылар – уағыз тыңдап отырған кейіп танытады.
Предыдущий урок
26 дәріс. Он жетінші кіші белгі. Маскүнемдіктің тарауы және оны рұқсат ету әрекеттерінің көбеюі
Следующий урок
28 дәріс. Қиямет күнінің белгілері. Он тоғызыншы кіші белгі. Зәулім үйлердің көбеюі
Комментарии: 0
Правила форума