Циклы Авторы Сортировка

27 насихат: Ұстаздардан білім алудың маңыздылығы жөнінде (1-ші бөлім)

2 868
17 октября, 15
Кәсіпқойлардан білім алу - кез-келген ғылым мен кез-келген мамандықты игерудің табыс кепілі. Студент-дәрігер  медицинаны тәжірибелі дәрігерлерден үйренуі тиіс. Оқып шығып, мамандар мақұлдайтын ғимаратты жобаламағанша, сәулетші сәулетші болмас. Алайда қазір, әсіресе Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңде, гуманитарлық пәндердің жағдайы қиын: көбіне адамдар нағыз кәсіпқой және тәжірибелі экономистті, әдеби сыншыны, социологты немесе психологты көз бояушыдан айыра алмайтын жағдайда. Осы себептен соңғылары есепсіз-көп болып кетті, әсіресе ғаламтордың кең таралуып, қол жетімді деңгейге жеткен шағында. Аса ресми түрде ислам ғылымдарын да гуманитарлыққа жатқызуға болады, себебі олар сөзбен, мәтінмен, талдап берумен және мәдениетпен істес келеді. Сондықтан да оларда гуманитарлық пен қоғамдық ғылымдарға тән аласапыран мен белгісіздік орын алған. Уағыз қазір көбіне кәсіпқой емес, мәдениеті төмен, тілді нашар меңгерген адамдардың қолдарында – мен тіпті әртүрлі сандырақтар мен адасуларды қозғайтындар туралы айтып отырған жоқпын.
 
Бірақ ең бастысы – Алланың дінін уағыздаушыларда тиісті деңгейдегі діни білімнің болуы. Кәсіпқойлардан, ұстаздардан және шейхтерден оқымағандарға адамдарды ақидаға, фикхке, хадиске немесе Құранның тәпсіріне оқытуды қалайша сеніп тапсыра аламыз? Өйткені шәкірттен ұстазға білім берілу жолы – Ислам негіздерінің бірі, ғасырлар бойы келе жатқан дәстүр. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары одан үйренген,  олардың кейбіреулері оның жиырма үш жылдық пайғамбарлық миссиясы бойына одан білім алып отырған, сосын олар білімдерін өз  шәкірттеріне берген, оларды табиғиндер (ізбасарлар) деп атаған, олардың ішінде біздің ұлы имамымыз Абу Ханифа да болған. Табиғиндер білімдерін өз шәкірттеріне беріп, осылайша үздіксіз тізбек бойынша бұл білімдер бізге де жеткен. Ғалымдар білімді кітаптардан алды деп санау аңғалдық болар еді. Кітаптар -  өте маңызды болса да, ол тек құрал ғой. Ислам ғылымдары бойынша жазылған кітаптар жиі жазылатындықтары сондай, олардың мазмұнын түсіндіретін білікті ұстазсыз олар пайдасыз болып қалады. Ия, оқымыстылық – ұстаз бен уағызшының өте маңызды қасиеті, бірақ бұл негізге қосымша ғана, ал негіз – оның тірі ұстаздардан алған білімі.
 
Білімді тірі ұстаздардан алу, кітаптар мен ғаламтордағы мақалалардан емес, - бұл, біріншіден, сенің біліміңнің сенімділігінің шарты, сенің Пайғамбардан  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бастап біздің күнімізге дейін келе жатқан тірі тізбекке қосылғаныңды дұрыс түсінуің.
 
Шейх Мұхаммед Аууама (оны Алла сақтасын) шейхтер мен ұстаздарды әкелерімен [1], ал  толибтарды — балаларымен салыстырады, сонда Ислам ғалымдарының бүкіл тарихы бір тұқымның тарихындай болып көрінеді, ал шейхтерден оқымағандардың — ата-тегі мен  шыққан тегі белгісіз, ол ғылымдарда жетім сияқты болады.
 
Кади 'Ияд Әбу Джа'фар ад-Дауди әл-Асадидің өмірбаянында былай жазады[2]: «...Ол оларға  (Кайруванның ғалымдарына) жазған және олар жауап берген: «Кімнің шейхы болмаса, сол аузын жапсын!». Мәселе мынада, ол өзі оқыған, бірақ танымал имамдардан оқымаған әрі өзінің тұжырымына өздігінен келген». Бұл жауап мынаны білдіреді: бар  да фикхты расымен оқы!
 
Имам Әбу Ханифа  (оған Алла разы болсын) адамдар фикхты үйрену үшін мешітке жиналып жатқандығын естіп: «Олардың басшысы бар ма?» деп сұрайды. «Жоқ» деген жауапты естіген кезде ол: «Олар ешқашан фикхты үйрене алмайды!» деп айтқан екен[3].
 
Имам Мәлик (оған Алла разы болсын) айтқан: «Кім көп жатқа білсе, ғалымдардан оқыса, егер ол білгіш болса және өз білімін тәжірибелеп жүрсе, сондай-ақ, құдайдан қорқатын болса, тек сондайлардан ғана білім жазылып алынады»[4].
 
Ұстаздардан білім алудың екінші маңызды аспектісі — бұл тақуалармен араласудан береке алу мүмкіндігі, мақтауға тұрарлықтай адамгершілік қасиеттерге ие болу, бір шарт бар, әрине, ол сіз оқып жүрген шейхтың тақуалығында. Бұны еске түсіруге Құранның мына аяты жеткілікті:
 
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ

Мағынасы: «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар»(«Тәубә», 119 аят ). 
 
Тәпсірлерде былай айтылады: өз сенімінде, ниеттерінде, сөздерінде және әрекеттерінде шыншылдар. Олармен жақын араласау —  өз-өзінің адами сипаттарын кемелдендірудің шарты және онсыз діни білім алу – бұл тек қана ақпаратты қабылдау болып қалады.
 
Әлбетте, ден қойып білім алу, әрі оған қоса, адамгершілікке ие болу – бір-екі жылдық үдеріс емес. Көптеген ғалымдар, мұсылмандардың айтулы имамдары өздерінің шейхтерінен он жылдап оқығандықтары туралы айтылады. Айта кетсек, табиғин  Ну'айм әл-Муджмир Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жиырма жыл бойына білім алған. Сабит әл-Бунани Әнәс ибн Мәліктің (оған Алла разы болсын) қасында қырық жылдай болған.  Имам Нафи' ибн Абдиллях, имам Мәліктің шәкірті, одан қырық жыл немесе отыз бес жыл бойына таң атқаннан, кеш батқанша оқыған [5]!
 
 «Манакыб Аби Ханифта»[6] мына оқиға айтыады: имам Әбу Ханифадаға былай сұрақ қойылады:
 
- Фикхты қалай жаттадың? 
 
Имам сонда былай жауап берген екен:
 
- Мен білім мен фикхтың қайнар көзінің қасында болдым. Мен ғалымдардың қасында болдым. Әрдайым Хаммад деген факихтың қасында болдым да, оның пайдасын алдым. Мен онымен көп уақыт өткізгенім сондай, біреудің біреумен сонша уақыт өткізді дегенін білмеймін. Мен оған көп сұрақтар қоятынмын. Бәлки мен оны қажытқан шығармын, себебі ол: «Иә, Әбу Ханифа! Менің бүйірім ауырып, жүрегім сыздайды» деп айтатын».

 

[1] Имам ан-Нәуауи (оған Алланың рақымы болсын) «Тахзиб әл-асма уа әл-люғаттың» түсіндірмесінде ғалымдардың өмірбаяндарын үйренудің маңыздылығы туралы айта отырып, былай жазады: «Шындығында, олар біздің имамдарымыз, біздің ата-бабаларымыз, олар біздің әкелеріміз сияқты». Одан ары  имам Мүслім ибн Халид аз-Занджидің өмірбаянында былай жазады: «Мүслім (оған Алла разы болсын) — бізді Алланың Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) байланыстырып тұрған фикхты жеткізу тізбегіндегі бабаларымыздың бірі». Дәл осындайды ол имам Әбу әл-Аббас ибн Сурейдж туралы «әл-Маджму'да» жазады.

[2] «Тартиб әл-мадарик», 1 т., 261 б. (Дар ас-сакафа ад-динийя).

[3] «Әл-Факих ва әл-мутафаккихте» әл-Хатыб әл-Багдад келтірген  (790).

[4] «Ис'аф әл-мабатта» ас-Суютыкелтірген  (180 б., әл-Машхад әл-Хусейни).

[5] Бұл мәліметтерді берген сілтемелерді шейх Аууаманың  «Ма'алим әл-иршадийясынан» қараңыз  170 — 171 б.

[6]  Әл-Мууафика әл-Макки.  52 — 53 б. (Дар әл-кутуб әл-'араби).
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков