Циклы Авторы Сортировка

28 дәріс. 97-101 нақыл сөздер

2 294
27 января, 16
97. Кездейсоқ пайда болған ойлар мен қалауларды елемеу көп мәселелерден қорғайды.
 
Бізде пайда болатын қалаулар - бұл өз нәпсімізбен қатынасу түрі, дәлірек айтсақ, біздің қалауларымыздың кейпіне жасырып қойған оның бұйрықтары. Бұл белгілерге мән бермеуді үйрену көптеген мәселелерден сақтайды. 

Сондықтан да, сулюктың  маңызды ережесі – өзіңе және өзіңнің қалауларыңа сенбеу.
 
98. Таласты созу пайда әкелмейді.
 
Ислам шарттарын ұстанатын әр-бір мұсылман дін турасында талас-тартысқа күнде түсіп жатады. Бұл талас-тартыстар «қарсыластардың» ізбасарларымен де, «біржақтылармен» де болып жатады.

Бұл - қашып құтыла алмайтын құбылыс және де бұндай таластың  әрбір түрі пайдасыз да жағымсыз бола бермейді. Бірақ сұрақтың  пайдасы мен егжей-тегжейлігін ойымызда ұстауымыз керек. Егер сұрақ пайдасыз тамамданса, онда әңгімені жалғастырудың қажеті жоқ. Пікірталастың мақсаты ондағы жеке жеңіс емес, сұрақтың  ашылуы болуы керек.
 
99. Бөтендердің кемшіліктерін біліп, оны жария етуге ұмтылу – бұл жағымсыз  іс.
 
Ғайбат –  намаз оқитын мұсылмандар арасында өте кеңінен таралған  күнә.

Бірақ ең сорақысы, көп жағдайда тіпті адамның өзі емес, оның жұбайы, қалыңдығы немесе жеке әрі жанұялық өмірі ғайбатталып жатады.  

Бірнеше уақыт бұрын  бұл мәдениеттің жоқтығын білдіретін құбылыс саналып, ал ата-бабаларымыздың заманында бұндай әңгімелер тіпті өрескел болатын.

Бірақ, өкінішке орай,  осы заманғы мұсылмандар арасында өсекке деген біршама сұраныс бар, бұның себебі адамдар арасындағы бауырластық достықтың жоқ болуында деп сенімділікпен айтуға болады.

Сондықтан да, бұл өмірде сенуге лайықты ең болмаса бір адамды  табу, - бұл  Алла Тағаланың үлкен рақымы.

100. Білімді сақтау- зерттеу мен тәжірибе арқылы іске асады.
 
Сәләфтар тәжірибесіз білімді білім деп санамаған. Тәжірибесіз сөздер олар үшін екіжүзділік болған.
 
101. Күмәншілдік көп қателіктердің тамыры.
 
Шариғат мұсылман жөнінде анық себепсіз әрі сылтаусыз жаман ойлауға тыйым салады.
 
Көптеген адамдарға тән күмәншілдікті бақылап әрі әрқашан  фактілерге тәуелді етіп отыру қажет.
 
Алайда, егер адам ашық күнә немесе жат әрекеттер жасаса, оған  көз жұма қарап әрі оны ақтап алуға тырыспай, онымен тиісті мәмле жасау керек.
 
Егер адам ашықтан ашық жаман қылық жасаса, ал адамдар оны ақтауға тырысса, онда бұл тек күнәға болысу болады. Күнәні бетіне басу  –  бұл, бірінші кезекте, күнәһардың өзіне көмек.

 

АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков