Циклы Авторы Сортировка

28 дәріс. Қиямет күнінің белгілері. Он тоғызыншы кіші белгі. Зәулім үйлердің көбеюі

4 084
12 июня, 15
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озғаннан кейінгі уақытта мұсылмандардың куә болған Қиямет күнінің белгілерінің бірі - мұсылмандар бай әрі дамыған бірнеше елді жаулап алған кезде, кезінде өте ауыр жағдайда және кедейшілікте отырған халықтарда көптеген қаражаттың пайда болуы еді.
 
 
 
Осының нәтижесінде өздеріне дейінгі қауымдар секілді мұсылмандар да дүниеге құнығып, жиған дүниелерімен мақтана бастады. Бұлардың көбі кешегі бақташы мен бәдәуилер болды, олар зәулім сарайлар салып, бір-бірімен биік үй салуда жарыса бастады.
 
Бұл белгі «Жебірейілдің хадисі» деген атпен танымал, ол жерде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет қашан болады?» - деп сұраған кезде, оған осы бір белгіні айтқан еді: «Бақташылар биік үй салудан жарыспайынша» (Бұхари)
 
Сондай-ақ тағы бір хадисте былай деп келеді: «Адамдар биік құрлыстар салудан жарыспайынша Қиямет орнамайды» (Бұхари)
 
Ибн Хажар мұны былай деп түсіндіреді: «Биік құрлыстар деген сөз, адамдар өз үйлерінің өзгелерден биік болуына күш салады. Және бұл олардың өз үйлерін өзгенің үйінен әдемі етіп жасағылары келетінін, я болмаса одан да кең мағынаны білдіреді».
 
Дей тұрғанмен, хадис тек биіктікке қатысты болып тұр, бірақ, Ибн Хажар бұл сөздің мағынасы жалпы болуы мүмкін дейді: адамдар дүние жинауда бір-бірінен асып түсуге тырысады.
 
Біздің заманымызда да Ислам тарихында ең кедей әрі көшпенді бәдәуилер өмір сүрген Парсы шығанағындағы елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Ол кездері экономикалық орталық болып Мысыр, Шам, Түркия және өзге елдер саналған. Ал қазір бас-аяғына дейін өзгеріске түскен. Кешегі бақташылар миллионер болған, ал үмметті билеген елдер кедейленген.
 
 «Әмірлер» мен «шейхтердің» мұнайдан түскен қаржыны құдайсыздар секілді өз еліндегі сән-салтанат пен жаман жолға жұмсап жатқанын бүкіл әлем естіген. Бірақ дүние құрты тек бұл байларды ғана емес, мұсылмандар өмір сүріп жатқан аймақтар мен мұсылмандар тұрып жатқан біздің елді де жеуде. Қызғаныш, өсек, жағымпаздық, модаға еліктеу мен көршіден әлдеқайда ауқатты болуға талпыныс – бұл біздің мұсылмандар өмр сүріп жатқан қоғамның шындығы.
 
Ақшаларын қайда жұмсарларын білмей жүрген ауқаттыларды түсінуге болатын шығар, алайда тек басқалардың алдында мақтану үшін ғана қарыз алатын кедейлер мен орта жағдайлыларды қалай түсінуге болады? Қарыз дегеніміз - Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз дұғасында Алладан кесірінен пана сұраған нәрселердің бірі емес пе.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков