Циклы Авторы Сортировка

28 насихат: Ұстаздардан білім алудың маңыздылығы жөнінде (2-ші бөлім)

2 080
21 октября, 15
Шариғат ғылымдары, бірінші кезекте, басқалардан жай әлдебір ақпарат жиынтығы сияқты білім еместігімен ерекшеленеді, бұл сондай-ақ, тәрбие мен рухани азық.
 
Кімде-кім ұстаздардан оқымаса, олармен жеткілікті ұзақ уақыт өткізбесе, олардан әдепке үйрену мүмкіндігіне, олардың адамгершілік қасиеттеріне ие бола алмайды. Ал бұл, біз айтқандай, оқудың өзінен де маңыздырақ. Тіпті жай ғана олардың қасында отырғандар, оны өзі қаласа да қаламаса да, уақыт өте келе олардың әдептерін қабылдайды. Оларды шынайы – Алла үшін жақсы көріп – олардан рухани пайда алғылары келетіндер туралы не айтуға болады.
 
Имам Әбу Ханифадан (оған Алла разы болсын) мына сөздер келген: «Мен өзімнің ұстазым Хаммад ибн Сулейменді сыйлағанымнан аяқтарымды үйіне қаратып созбайтынмын. Ал менің үйім мен оның үйінің арасында жеті көше бар»[1].
 
Арабтар айтқандай, имамдардың әдебі – бұл әдептердің имамы.
 
Шейхты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы.
 
Табиғиндер қатарындағы имам Мұхаммед ибн Сирин (хижра бойынша 110 ж. өлген) мынандай маңызды сөздерді айтқан: «Бұл білім — дін. Өз дініңді кімнен алып жатқаныңды байқа»[2].
 
Келесі бір табиғиннің сөздерін Ибрахим ән-Наха'и жетізген: «Олар (сәләфтар) адамнан білім алуға келгенде, алдымен, оның сырт бейнесіне, оның намазына, мінез-құлқына қараған, содан кейін ғана одан білім алуды бастаған»[3].
 
Бұл кеңес әсіресе қазіргі кезде өте өзекті. Әрине, медресе немесе ислам институтының студенті ұстаздарды таңдай алмайды, әкімшіліктің ол үшін жасаған таңдауына бойсұынуы ғана қалады. Алайда, өздігінше білім алу кезінде, толиб дәріс алу үшін өзіне шейхті таңдау мүмкіндігіне ие бола қалса, ұстазды дұрыс таңдаудың маңызды екенін есінен шығармауы қажет. 
 
Имам Бадруддин ибн Джама'а былай жазады: «Толибке алдымен кімнен дәріс алмақ болып жүргенін білу керек, истихара намазын оқу қажет. Өйткені ол (білімнен басқа) оның әдебі мен адамгершілік қасиеттерін қабылдайды. Ұстаз мүмкіндігінше қабілетті, беделді қасиеттерді көрсете білетін әрі адамгершілікті, шыншылдығымен танымал, жақсы оқыта және түсіндіре алатын, өзінің діндегі кемшіліктерімен немесе жаман өнегелерімен толибтың оқуын жалғастыруын қағажытпайтын болуы тиіс.
 
Бұрынғы және кейінгі ғалымдардың тарихын зерттесең, сен, көбіне құдай жолына берілген және шәкірттеріне жақсы қарайтын шейхтің толибі табысқа жететіндігін көресің. 
 
«Сондай-ақ, толиб шариғат білімін мықты білетін, білімін кітаптардан емес, өз заманының танымал ғалымдарынан ұзақ уақыт бойы алған шейхты табуға тырысуы қажет...»[4]
 
Имам: «егер бұл мүмкін болса», - деп басында бекер айтпаған. Өкінішке орай, бүгінгі күннің шынайылығы осындай, бойына барлық кемелденген қасиеттерді жинаған ұстазды табу – өте сирек кездесетін жағдай. Кімде осындай ұстаз болса, сол бақытты адам болғаны, оған жабысып, одан мүмкін болғанша көп уақытқа алыстамасын!
 
Кітаптарда келтірілетін кемелденген ұстаздың қасиеттері – бұл ұстаз таңдаудағы ұмтылуға тиіс мұрат.  Алайда егер ондай адам сіздің жеріңізде болмаса, бұл білімсіз болып қала беруді білдірмейді. Алла бізден біздің ниеттеріміз бен ыждаһатымызды сұрайды, бізге қатыссыз себептерден ала алмағандарымызды емес.
 
Ұстаздың қасиеттері туралы имам Әбу Исхак аш-Шатыби «әл-Мувафакатта» жазғанды қысқаша баяндап береміз.  Сонымен, келесі қасиеттерге ие шейхты табуға тырысып көру керек:
 
1. Өз біліміңнің тәжірибесі. Сөздері мен істерінде айырмашылық болмау керек: өзінің үйретіп жүргенін, адам бірінші кезекте өзі қолдануы қажет.  

2. Ұстаз өзі оқытып жүрген білімді өздігінен оқу арқылы емес шейхтен алуы керек болған.

3. Ол өз ұстаздарының ізін басуы, оларды сыйлауы және олардың адамгершілік қасиеттеріне ие болуы керек.
 
Имам ибн Джама'а «Тазкирада» бұған тағы да бірнеше қасиеттерді қосады:
 
4. Шейх барлық мінез-құлықтарында, іс-қимылдарында  және сөздерінде тақуалық танытуы қажет.
 
5. Ол жоғары дәрежедегі білімді қорғауы тиіс, оны пендешілік өмірге берілген лайықсыз адамдардың қатынасуымен кемсітпеу керек.
 
6. Аскетизмді (дүниені тәрк ету) таныту. Пендешілік өмірден өзіне және отбасына ең қажеттілеріне ғана ие болу.
 
7. Өз білімін бұл дүниелік игіліктерге ие болу құралы жасамау.
 
8. Оның беделіне дақ келтіретін лайық емес істерден, шүбәлі табыстан, күдікті жерлерден аулақ жүру, тіпті егер ол Шариғат бойынша рұқсат етілген болса да.

9. Ол Исламның барлық сыртқа жарлықтарын, сондай-ақ, сыртқы сүннетті сақтауы керек және жаңа енгізілімдерден аулақ болуы тиіс.

10. Көптеген қажетті әрекеттерді орындау: Құран оқу, зікір айту және дұға жасау.

11. Айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болу.

12. Жан дүниесін нәпсілік кемістіктерден тазарту.

13. Ғылыммен айналысу. Оқу және оқыту, өздігінше көп оқып, көп жазу, уақытты зая өткізбеу.

14. Өзіне қарағанда білімі, әлеуметтік және тағы да басқа жағдайлары төмен адамдардың  білімінен пайда алуға ұялмау.
 
Егер Алла сені осындай ұстазбен жарылқаса, Жаратушыға разы бол, өз ұстазыңды жақсы көр де сыйла, оның қасында бол, күшің жеткенше оған көмек ет, оған дұға жаса және сенің үлесіңе сирек кездесетін бақыттың түскенін әрқашан есіңде ұста!
 
[1] «'Укуд әл-джанан фи манакыб Аби Ханифа ан-Ну'манда» ас-Салихи келтірген,  293 б.

[2] «Сахихке» алғысөзде бұл сөздерді имам Мүслім жеткізген.

[3] «Әл-Джами'» (136) мен «әл-Кифаяда» (157 б.) әл-Хатыб жеткізген.

[4] «Тазкира ас-сами' ва әл-мутакаллим»,  85 б.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков