Циклы Авторы Сортировка

29 дәріс. 102-104 нақыл сөздер

2 287
30 января, 16
102. Егер салиқ  жиындар мен кездесулерден шектелмесе, онда оған өз сулукында табысқа жету қиын болады.
 
Біз әлденеше рет осыған ұқсас ойды кездестіргенбіз, бірақ бұл салиқтың рухани  дамуында ерекше маңызды орын алады, сол себепті де оны жиі көрсету керек.
 
Сулук –  бұл адамның достары да емес, басқасы да емес - тек рухани тәлімгерінің қолдауы ғана болатын  жол.
 
Осы заманғы тасаууф мәселелерінің бірі, ол адамдардың тариқатты тақия, таспиық, сәлделер сияқты басқа да айырықша белгілерімен ерекшеленетін «дресс-коды» бар «жамағат-партияға» айналдыруға бейімділігі.   
 
103.  Көмек батылдық арқылы ізденіп табылады.
 
Адамның рухани жоғарылауы сынақсыз мүмкін емес, ал бұл сынақтардан өту үшін көбінесе батылдық талап етіледі. 
 
Батылдық.  Бұның мысалы Шах Накшубандта, куддиса сирруху, болған батылдық, себебі зикр джахри  бидғат болып табылады деп есептеп, өзінің шейхы болған  Амир Кулалдың,  куддиса сирруху,  дауыстап зікір салу мәжілістеріне қатысудан бас тартқан.  
 
 Шах Накшубандтың, куддиса сирруху, бұл әрекеті бізге маңызды сабақ болып табылады.
 
Өйткені ол өз рухани тәлімгерімен байланысын үзген жоқ және барлық нақшыбанди тарикатының силсиләсі (тізбегі) Амир Кулал, куддиса сирруху, арқылы келеді,  сөйте тұра ол өз біліміне еруін қалдырмаған.
 
Бұндай әрекет батылдықты талап етеді, бірақ, өкінішке орай,  адамдардың көпшілігі қайсібір топқа қосылуға ғана талпынады. Сөйте тұра, өз ағымының қағидаларын ақиқаттың соңғы инстанциясы деп санай отыра, өмір бойы бір діни ағымнан екінші ағымға жүгіріп жүреді. Бірақ өз-өзін сырттай сынап, бағалауға, өз ойынан асыра қарауға рухани өжеттілігі мен батылдығы жетпейді.
 
Бір топттың басқа бір топты бұлайша сынауы  – Ақиқатқа талпыну емес, үмбетті билеуге бағытталған күрестегі саяси ойын ғана, олай болмағанда олар өз орталарындағы адасуды көрер еді.
 
Адамның өз тобының қателіктері туралы айтуы да, сондай-ақ, батылдықты талап етеді.
 
Осындай батылдыққа біздің ғалымдарымыз ие болған, олар бұрмалауларға, адасушылыққа және өз уақытының дінге енгізілген жаңалықтарына қарсы  кітаптар жазып, Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  ақиқи шариғатын қорғаған.
 
104. Тасаууфтің қажеттілігіне күдіктенуге орын жоқ.
 
Бірақ, әрқашан мынаны есте сақтау керек, нисбат (рухани тәлімгермен байланыс) –  бұл жаман кеселден айығу амалы,  тасаввуфтың мақсаты осы.
 
Егер кімде-кім бұл жолдың міндеттілігіне күдіктенсе, онда ол шариғат бойынша құқығы болмай тұра күніне қанша рет өтірік айтатынын, ғайбат айтатынын және адамдар туралы жаман ойлайтынын есептесін. 
 
Егер әлдебір ортақ жұмыс үшін 5-6 намазхан мұсылмандардың бастарын қосатын болсақ, барлық жұмыс ақыр соңында шиеленіс пен бір-бірін өсектеу дәрежесіне түсіп кетуі әбден мүмкін. Ал егер бұл қызмет біршама дәрежеде ақшамен байланысты болса, онда жағдай бұдан да жаман болар еді.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков