Циклы Авторы Сортировка

29 дәріс. Жиырмасыншы кіші белгі. «Күң өзінің ханшайымын туады»

6 140
7 августа, 15
Жәбірейілдің хадисінде былай делінеді: «Мен саған оның тағы бір белгілерін айтып беремін, ол - күң өзінің ханшайымын туған кез» (Бұхари).
 
 
 
Бұл сөзді түсіну мәселесінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарас бар. Ибн Хажардың «Әл- Фатх» кітабында төрт көзқарас келтірілген. 
 
Бірінші көзқарас
 
Әл-Хаттаби былай дейді: «Бұл сөздердің мағынасы – Исламды тарату және көптеген пұтқа табынушыларды тұтқындау. Ер адамның күңінен болған баласы ол әйел үшін мырзадай болған, себебі оның әкесі – мырза». Және көптеген ғалымдар хадисті дәл осылай түсіндіреді.
 
Бірақ имам Ибн Хажар әл-Әсқаләни бұл түсіндірмеге біраз ескерту айтқан:
 
«Бұл түсіндірмеде бірнеше ақау бар. Әйелдерді тұтқындау бұл сөздер айтылған кезде де болған, ал жаңа жерлерді жаулап алу мен жаппай тұтқындау Исламның басында болған. Алайда бұл сөздер аталған оқиғаның орын алмағанын әрі ол Қияметке жақын қалғанда болатындығын білдіреді».
 
Екінші пікір
 
Иелері өздеріне бала туып берген күңдерін сатады. Бұл сондай үрдіске айналғандықтан, нәтижесінде балалары білместікпен өз аналарын сатып алатын болады.
 
Сұрақ түсінікті болу үшін осы жерде фиқһқа назар аудару қажет.
 
Егер күң өзінің қожайынынан туар болса, ол «умм уәләд» болып саналады, және ондай күңді сатуға болмайды. Қожайыны оған бостандық бермеген жағдайда да, қожайыны өмірден озғаннан соң әйел еркін әйел болып саналады.
 
Және де осындай тиым салынған саудалардың жаппай белең алуы Қияметтің белгісі болып болып табылады.
 
Үшінші көзқарас
 
Күң өзіне ханшайымды қожайынынан емес, өзге құлмен болған некеден я болмаса зинадан туады. Нәтижеде бала да ана да сатылып, екі жаққа кетеді. Осылайша болашақта баласы өз анасын білместен сатып алады.
 
Төртінші көзқарас
 
Балалар өз ата-аналарына қысым көрсете бастайды. Олардың қарым-қатынасы күң мен қожайынның қарым-қатынасындай болады. Басқаша айтқанда, балалары ата-аналарының алдындағы міндеттерін орындамастан оларға бұйырады және оларды басқаратын болады. Ал олар болса, өз балаларын тыңдауға мәжбүр болып қалады.
 
Барлық айтылған пікірлердің ішінен Ибн Хажар осы көзқарасты дұрыс деп тапқан.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков