Циклы Авторы Сортировка

29 насихат: Ұстазбен қарым-қатынастағы әдеп

2 433
24 октября, 15
Ислами дәстүрдегі шәкірт пен ұстаздың білім берудегі қарым-қатынасы – бұл өз алдына ерекше қарым-қатынас. Толиб пен ұстаздың арасындағы байланыс – бірден үш маңызды дүниелерді: білімді, әдепті және рухани күйді беру арнасы. Біз бұл байланыстың негізі туралы қысқаша айтып өткенбіз: ұстазға деген сүйіспеншілік, оны тыңдау, адалдық, оған дұға жасау және тағы басқалары. Сондай-ақ, ұстаздың шәкіртке деген ықпалы одан ары кете береді және тек оның санасы мен жанына ғана әсер етіп қоймайды, тіпті оның әдеттеріне, мәнеріне және сыртқы бейнесіне де әсерін тигізеді. Өзінің жақсы көретін адамына ұқсау, адамға тән нәрсе. Ал еліктеу нысаны етіп поп-жұлдызды, танымал футболисті немесе тақуа мұсылманды таңдай ма – бұл әркімнің өз қалауында.
 
Әбу 'Убейд әл-Касим ибн Саллям жеткізген, Ибн Мас'удтың шәкірттері Омарға (оған Алла разы болсын) оған қарауға, сырттай ұқсауға, оның мәнерін және адамгершілік қасиеттерін қабылдауға барады екен («Гариб әл-хадис», 3 т., 383 б).
 
Ибн Сирин (оған Алланың рақымы болсын) айтатын, ұлы табиғиндер ғылымды үйренгендеріндей, мәнерлерге де үйренген. Оның өзі де бір адамды әл-Касим ибн Мұхаммедке, Әбу Бәкір ас-Сыдықтың (оған Алла разы болсын) немересіне оның мәнерін қабылдап алуға жіберген екен, өйткені бұл Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның отбасы мүшелерінің мәнерлері мен әдеттері болатын. 
 
Имам аз-Захаби жеткізген, имам Ахмадтың дәрістеріне шамамен бес мыңдай адам келетін. Солардың бес жүздейі ғана оның артынан жазып отырса, ал қалғандары оның әдебі мен мәнерлеріне үйренетін («Сияр», 11 т., 316 б.).
 
Бұндай оқиғалар көп. Ұлы имамдардың көптеген шәкірттері туралы олардың өмірбаяншылары: «Олар сырт келбеттерімен және мәнерлерімен өз ұстаздарына ұқсайтын», - деп айтқан.
 
Жақсы ұстаз әрқашан шәкіртке игілік тілейді, әрі оның неде екенін біледі. Кейде ұстаз оны, ол пайда алатын адамға жіберуі де мүмкін. 
 
Мысалы үшін, мынандай оқиға белгілі (Оны Кади 'Ияд «Тартиб әл-мадарикте» келтірген, 1 т., 609 — 610 б.) имам Мәлік өз шәкірті Асад ибн әл-Фуратты Ирактағы имам Әбу Юсуфке, ұлы имам Әбу Ханифаның шәкіртіне (олардың бәріне Алла разы болсын) жіберген.  Нәтижесінде Ибн әл-Фурат өзіне Мәдина мен Ирактың фикх дәстүрлерін қосқан. 
 
Ибн Хаджар әл-Аскалянидің шәкірті хафиз ас-Сахави өз ұстазының өмірбаянында, ол өз шәкірттерін пайда алу үшін қалай басқа ғалым-замандастарына жіберіп отырғандығы, олардан таратушылардың тым қысқа тізбегімен хадистер естуге және олар бойынша иджаздар алуы туралы әңгімеге бүтіндей бір тарауды арнаған («Әл-Джавахир ва ад-дурар»,  3 т., 1021 — 1023 б.).
 
Шейх Мұхаммед Аввама да (оны Алла сақтасын) байыпты толиб үшін білім іздеп саяхаттаудың, ғалымдарға барудың, көптеген шейхтерден оқудың маңыздылығын айтады. Білім, рухани жарық пен данышпандықтың - қайнар көздерінің өсуіне байланысты сандық жағынан көбейіп отыратын қасиеттері бар.  
 
Имам ас-Сахави өз ұстазы имам Ибн Хаджар әл-Аскаляни (оларға Алланың рақымы болсын) былай жазған,  оның ғылымдарда нанғысыз биіктерге жетуінің себептерінің бірі – оның көп ұстаздардан оқығандығы, ал олардың бәрі де өз уақытындағы өз ғылымының имамдары болған.
 
Пайда мен білімді кімнен алуға болса, солардан алуға тырысу қажет. Имам Әбу Ханифадан сұраған екен: «Сен біліміңді қалай алдың?»  Имам былай жауап берген: «Басқаларға аянбай пайда келтірдім және басқалардан пайда алуды да елемей қойған жоқпын» («Әл-Фатава ас-Сираджия», 610 б.).
 
Араб тілі ғылымы саласындағы имам Халил ибн Ахмадқа ұқсас сұрақ қойғанда, ол былай жауап берген: «Әр кез, ғалымды кездестіргенімде, мен одан бірнәрсе үйренетінмін әрі оны бірнәрсеге үйрететінмін» («Адаб ад-дунья ва ад-дин» әл-Маварди, 124 б. («Адаб ад-дунья ва ад-дин» әл-Маварди, 124 б.).

Имам Уаки' ибн әл-Джаррах айтқан: «Адам өзінен (ілімі) жоғары, төмен және тең болған адамдардан білім алмайынша ғалым болмайды» (Әл-Хатыб «әл-Джами'де» келтірген (1714)).
 
Имам аз-Захабидің «Сияр а'лям ан-нубаля» кітабында алдыңғы ғасырлардың ұлы ғалымдарының өмірбаяндары топтастырылған, онда имамдарда болған ұстаздар саны жиі келтірілген. Сонымен, мухаддис имам Әбу Са'д ас-Сам'ани жеті мың шейхтен, имам Абдуллах ибн әл-Мубарак төрт мың, имам Ибн ас-Са'и — үш мың еркек пен төрт жүз әйелден оқыған.
 
Шәкірттің ұстаз алдындағы әдептік мінез-құлық нормаларына қатысты айтар болсақ, олар көп. Біз оқырмандарға имам аз-Зарнуджидің «Та'лим әл-мута'аллим» кітабына сүйенуді ұсынамыз (ол орыс тіліне «Методика приобретения знаний» деген атаумен аударылған әрі қолжетімді, соның ішінде ғаламторда да). 
 
Шейх Аууама осы жөнінде «Ма'алимде» имам Фахруддин ар-Разидің (оған Алланың рақымы болсын) тәпсірінен өте қызықты нәрсе келтірген, онда имам Құранның бір-ақ аятынан шәкірттің ұстазына қатысты оннан артық әдептерін шығарған:
 
قَالَ لَهُ مُوسَىٰ هَلْ أَتَّبِعُكَ عَلَىٰ أَن تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمْتَ رُشْدًا
 
(«Кәһф» сүресі, 66 аят).
 
Бұл Мұсаның Хадирден (Хидрден) (оларға Аланың сәлемі болсын) білім алу оқиғасы. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Хадирден сұрайды: «Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?»
 
Имам ар-Рази (оған Алланың рақымы болсын) бұл аяттан шәкірттің ұстазға қатысты келесі әдептерін атап көрсетеді:
 
1. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) еруге дайын, өйткені ол: «Саған ерсем бола ма?..» деп сұрайды.

2. Ол еру үшін рұқсат сұрады. Бұл шәкірт үшін қажетті қарапайымдылық пен инабаттылық.

3. Ол (оған Алланың сәлемі болсын)  айтты: «саған үйретілген». Бұл ұстаздың білімі мен өзінің білмегендігін  мойындау.
 
4. Ол айтты: «соның жартысын...». Бұл да қарапайымдылықты білдіреді. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) өзінің ұстазымен бірдей болуға ұмтылмай-ақ, білімінің жартысымен бөлісуін сұрайды.
 
5. Ол: «саған үйретілген» деп ырықсыз етісте айтты. Бұл білімді Алла ғана береді деген фактіні мойындау.
 
6. Ол «тура жол», яғни адасулардан арылтатын пайдалы білімдерді туралы сұрайды.
 
7.  Бұл мәселеде өзін кемсітушіліктің үлесі бар. Арабтар айтатындай: «Тым болмаса, мені бір әріпке үйреткеннің құлымын».

8. Ұстазға ілесу бағынуды, тыңдауды және онымен дауласудан бас тартуды білдіреді.

9. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлардың жай ғана бірі емес. Ол ең ұлы елшілердің бірі, Алла оны болып көрмеген сыйға - Өзімен сөйлесуге лайықтаған, оған Тәурәтті түсірген әрі таңқаларлық ғажайыптар сыйлаған. Сонысына қарамай, ол ұлылық дәрежесіне ие еместерден білім алуға ұялмаған. Бұл шынайы нағыз қарапайымдылық пен  алды-артын орап алатын білімді аңсаудың көрінуі. Бұнда біздің бәрімізге өте маңызды сабақ жатыр!                                                               

10. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын)  алдымен еруге, ал содан кейін ғана білімге үйретуді рұқсат сұрады. Бұнда тәрбиенің бірінші дәрежелі маңыздылығы мен өз ұстазына қызмет ету көрсетіледі. 

11. Ол оны үйретуін сұрады және орнына ештеме ұсынбады. Бұл білім берудегі адал ниеттіліктің маңыздылығын көрсетеді.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков