Циклы Авторы Сортировка

3 бөлім. Истихараның құпиялары мен маңыздылығы. Истихара және түс көру.

8 863
10 февраля, 16
Истихараның құпиялары мен маңыздылығы
 
Истихараның мақсаты мен беретін пайдасын түсіндіріп («Истихараны дұрыс түсіну» бөлімін қараңыз) мауләна Шаббир Ахмад Усмани (оған Алланың рақымы болсын) бұл қысқа дұғаның сөздерінде жасырылған құпиялары туралы айтып берді. Ол Хафиз Ибн Таймиянің (оған Алланың рақымы болсын) сөздерінен, оның шәкірті  Ибн әл-Кайим (оған  Алланың рақымы болсын) «Мадаридж ас-салихин» кітабында үзінді келтіреді.
 
Ибн әл-Кайим (оған Алланың рақымы болсын) былай жазады:
 
«Біздің шейх айтқан: «Тағдырды (жазмышты) жайт болмай тұрып тәуекелмен қабылдау керек, және, жайт орын алған соң «рада» болу керек». (Бұл жерде «тәуекел» - толығымен Аллаға сенім артуды, ал «рада» - Алланың шешіміне разы болуды білдіреді). Осылайша, жайт орын алмай тұрып, кім Аллаға толығымен сенім артса және разы (Алланың кез-келген шешіміне) болса, онда ол «ʼубудийя» талаптарын, яғни Алла Тағалағаның алдындағы  құлдық міндеттерін орындады».
 
Одан әрі Ибн әл-Кайим былай түсіндіреді:
 
«Сонымен, истихара дұғасының мағынасы мынадай:
 
«Иә, Алла, Сенің Білімің арқылы Сенен өзіме қайырлысын/жақсысын іздеймін, Сенің Құдіретің арқылы Сенен қабілеттілік іздеймін, Сенен Сенің ұлы Жомарттығыңды сұраймын».

Дұғаның бұл бөлігі тәуекелге (Аллаға сенім арту) және тафуидке (барлық ісін Оған тапсыру) қатысты.
 
Дұға былай жалғасады:  
 
«Өйткені, расымен, Сенде Құдірет бар, менде жоқ; Сен бәрін Білесің, мен білмеймін және Сен ғайыпты Білесің».
 
Бұл Алла Тағаланың алдында сұраушының білімінің, күші мен құдіретінің жеткіліксіздігін мойындауы және Алланы Оның есімдерінің біреуімен атауы. Алла бұндай дұғаларды басқаларға қарағанда жақсы көреді.
 
Содан кейін адам өз Раббысынан  оның тілегін орындауын сұрайды, егер жақын және сонау келешекте нәтижесі қайырыммен болса және егер бұл өтініштің орындалуы жақын немесе сонау келешекте оған зянын тигізер болса, одан сақтауын сұрайды. Бұл оның Алладан сұрағаны болып табылады да, демек, ол Алланың кез-келген шешіміне разы болады. Сондықтан да ол дұғада:
 
«...қайда болмасын маған игілік беріп, менің оған разы болуыма бұйыршы» - деп айтады.
 
Осылайша, бұл дұға дінді шынайы түсінуімен орындалады, бұйырылған жайт орын алмағанша тәуекел мен тафуидті, және одан кейін рада – разы болуды қамитды, ал бұлай жасау өз орнында тәуекелдің нәтижесі болып табылады. Мауләна Шаббир Ахмад Усмани (оған Алланың рақымы болсын) жоғарыда келтірілген дәйексөзге былай түсінік береді:
 
«Хафиз Ибн Кайимнің (оған Алланың рақымы болсын) сөздерінен түсінгендеріңіздей, истихараның дұғасы — бұл шынайы тәуекел сабағы және анағұрлым жоғары дәрежеде болу, сондай-ақ, сіздер білдіңіздер, дұғаны оқитын әркім тәуекел етеді, яғни Аллаға сенім артады, «Ал кім Аллаға тәуекел етсе, сонда Ол, оған жетіп асады» (65:3).
 
Истихара және түс көру
 
Біз үшін мына нәрсені ұғынып алу өте маңызды: бір де бір истихара туралы хадисте түс туралы ешнәрсе де айтылмайды; тіпті истихараны ұйықтар алдында орындау керек деген кеңес те жоқ. Ең көп дегенде, кейбір ұлы тақуалардың истихараны ұйқыға жатар алдында орындағандарын айтуға болады.
 
Сондықтан да, истихараны орындап ұйықтаған адамның түсі, кез-келген басқа түс сияқты қарастырылады. Барлық түстер 3 санаттың біреуіне жатады (төменде қысқаша айтып өтеміз), сол сияқты бұл түс те біреуіне жататын болады. Түстің 3 түрі туралы келесі хадисте айтылған.
 
Бухари имам, Мүслім және басқалары Әбу Хурайрдан (оған Алла разы болсын) келтірген хадис, онда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түстің үш түрі бар деп айтады:
 
1. «Бушра мин Алла» – Алладан келген ізгі хабар, яғни аян беретін (хақ) түс. Оларды тағы «мубашшират» деп те атайды.
 
2. «Тахвиф аш-шайтан» – сайтанның қорқыныштары, яғни үрейлі түс. Сондай-ақ, оларды «васавису-ш-шайтан» (сайтанның күбірлеуі)  және  «тахзину-ш-шайтан» (сайтан иландырған құмар тілек).

3. «Хадису-н-нафс» – ойдан шығарылғандар, ойлар.
 
Хадисте тақуа мұсылмандардың түстері – әшейінде аян беретін түстер деп аталған. Басқа хадисте былай айтылған: «Ең дұрыс түстер – таң атып келе жатқанда көретін түстерің».
АВТОР ЦИКЛА
Сүннет аясындағы Истихара
Әбу Усама Айюб ибн Мауләна Мұхаммед
Автор:
ӘБУ УСАМА АЙЮБ ИБН МАУЛӘНА МҰХАММЕД
Мауләна
Список уроков