ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
3 бөлім. Мәуләнә Рашид Ахмад Гангохидің Рамазаны
Бұл адамның Алла Тағалаға құлшылық етуге бар жан-тәнімен берілгені соншалық, оған қараған кез келген жанның жүзінен ескен ізгілікті сезінетін.
Ол тіпті жетпіс жасында да Рамазан айында ораза ұстап, әууәбин намазын қалдырмай оқыды. Бірақ, әдеттегідей алты рәкағат емес, жиырма рәкағат оқып, кем дегенде Құранның екі парасын оқып шығатын. Сондай-ақ, оның рукуғ пен сәждеде ұзақ бөгелетіні соншалық, айналасындағыларға ойланып кеткендей көрінетін.
Әууәбин намазынан кейін тамақтануға кірісетін. Әдетте ол асты күткен кезінде де, не үйіне бара жатқан жолда да Құранды қайталаумен болатын.
Ауызашардан кейін бір сағат пен бір жарым сағат аралығында құптан намазы мен тарауық намазын оқитын.
Мәуләнә тарауықтан кейін 10.00-да немесе 10.30-да жатып, сағат 2.00-де немесе 2.30-да тәхәджуд намазына тұратын. Кейбір көмекшілерінің оның түнгі сағат бірде де дәрет алғанын көрген кездері болған.
Мәуләнә тәхәджуд намазын екі-үш сағат бойы асқан ынтамен оқитын. Кейбір шәкірттері сәресіне келгенде оның әлі тәхәджуд оқып жатқанын көретін.
Таң намазынан кейін үнемі таңғы 8.00 немесе 8.30-ға дейін уирдтерін жасап, зікір айтатын. Ишрақ намазын оқығаннан кейін бірнеше сағат ұйықтайтын.
Духа намазы кезінде хаттарға жауап беріп, пәтуа жазатын. Содан соң духа намазын оқитын.
Мәуләнә әдетте бесіннен кейін екінті намазының уақыты кіргенге дейін өз бөлмесінде Құран оқитын.
Бір айта кететіні, ол мосқал тартқан шағында да, науқастанғанда да, тіпті жуынатын бөлмеден өз бөлмесіне бір тынығып алмай жете алмайтындай халде дәрмені қашқанда да осы құлшылықтарын тәрк еткен емес.
Сондай әлсіздігіне қарамастан, парыз болсын мейлі, нәпіл болсын, ешбір намазын отырып оқыған емес. Ол Құран параларын бірінен кейін бірін оқып, намазда сағаттап тұратын.
Предыдущий урок
2 бөлім Мауләнә Ахмад Халиль Сахаранпури,
Следующий урок
4 бөлім. Мәуләнә Касим Нантовидің, Саваних Касимидің, Хадж Имадулла және Абуррахим Райпуридің Рамазаны
Комментарии: 0
Правила форума