Циклы Авторы Сортировка

3 бөлім. Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, балалық шағы

3 156
15 января, 16
Абдулланың Әминаға үйленуіӘминаның жүкті болуы.
 
Абдул-Мүтәліптің ұлы Абдулла әкесінің ең сүйікті балаларының бірі болған. Он сегіз жасында ол Кылаптың ұлы, Зухраның баласы, Абду-Манафтың  ұлы, Вахбаның қызы Әминаға үйленеді. Әмина өзінің шығу тегі мен алатын орны жөнінен өз заманындағы құрайыш-қыздардан басым болған. Олардың некелері қиылады және де Әмина келешектегі Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүкті болады. 
 
Екі айдан соң Абдулла қайтыс болады да, оны Мединеге анасының руы Ади ибн ан-Нежжар жағынан болатын ағаларының жеріне жерлейді.  Сауда істерімен Шамға кеткен ол үйге қайтар жолда Мединеде ажал құшады. Уақыты келгенде Әмина дүниеге ұл әкеледі. Және де әлем өзін рухани және мүлтіксіз көркем мінезімен нұрландыратын құдай берген адамның туғанына шаттанады. 
 
Марқұм астроном Махмуд Паша бұл қуанышты жайттың дүйсенбі күні таңертең Рабиүл әууәл айының тоғызыншы күні, яғни григориан күнтізбесі бойынша 571 жылдың жиырмасыншы сәуіріне сәйкес келетінін белгілеген. Бұл піл[1]  оқиғасынан бір жыл өткен соң болған.  
 
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Әбу Тәліптің үйінде,  хашімиттер (Хашім ұрпақтары) махалласында дүниеге келеді, ал оны босандырып алған Абдуррахман ибн Ауфтың анасы аш-Шифа болатын. Ол жарық дүниеге келген соң, анасы бақытты хабарды атасына жеткіздіртеді. Атасы қуанып, немересіне Мұхаммед деп ат қояды. Бұндай ат бұрында арабтар арасында таралмаған еді. Бірақ Алла Тағала Өз жазмышының (дүнеге соңғы пайғамбардың келуін) расталуын қалады және Тәурәт, Інжіл сияқты алдыңғы болған пайғамбарлардың кітаптарында аталған есімді ескертеді. Ал сосын бұл атты оның атасының есіне түсіреді.  Осылайша Алланың қалауы орындалады.  
 
Оны әкесі Абдулланың Үммү Айман Барака деген есімді эфиоп-күңі бақты. Ал бірінші болып емізген адам, оның ағасы Әбу Ләһаптің күңі Суейбе[2] болған.
 
Емізу
 
Сол кездегі арабтарда жаңа туған сәбилерге бәдәуйлердің арасынан емізетін адам табу әдеті болған. Бұл сәбиге пайдалырақ деп саналатын. Арабтар қалада өскен бала әлсіз әрі жігерсіз болып өседі деп есептейтін.
 
Емізетін нәрестелер тауып алуға Са'д ибн Бакра руының әйелдері (Меккеге) келеді.  Құдай берген нәресте Әбу Зубайбтың қызы Халима ас-Са'дге бұйырады. Оның күйеуінің аты Әбу Кабша[3] болатын. Пайғамбарымызды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дәл соның ұлы деп құрайыштар кейініректе мазақтап, былай айтатын: «Бұл Әбу Кабшаның ұлы, онымен көк сөйлеседі!»
 
Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, олардың үйлерінде болған уақытында, сол жанұяға нанғысыз береке қонған болатын. Ал ол олардың жанұясында төрт жыл тұрған.
 
Кеудені жару
 
Халиманың жанұясында тұрған кезінде, онымен осы жайт болған, дәлірек айтқанда, кеудесін жарып, одан сайтанның үлесін алып тасталуы. Бұл жағдай Халиманы қатты қорқытады да ол келесі жайтты айтып, баланы анасына қайтарып береді:
 
«Ол басқа бауырларымен бірге үйдің артында қозылармен ойнап жүрген болатын, бір кезде бір бауыры жүгіріп келіп әкесі екеумізге мына сөздерді айтты: «Біздің құрайыш бауырымызды ақ киім киіген екі ер адам ұстап алды. Олар оны жатқызып қойып, кеудесін жарып, ішінен бір нәрсе іздеді». Әкесі екеуміз тез арада оған бардық та оның аппақ қудай болып кеткенін көрдік. Біз оны құшақтай алып, одан сұрадық:  «Саған не болды, ұлым?».  Ол былай жауап берді: «Маған ақ киінген екі адам жақындап келді. Біреуі екіншісінен «Осы ма?» деп сұрады. Екіншісі: «иә», - деп жауап берді. Содан кейін олар мені ұстап алып, жерге жатқызып, екудемді жарып, ішімнен бірнәрсе іздеді, сосын алып шықты да лақтырып жіберді. Бірақ оның не екенін білмеймін».
 
Әмина қайтыс болып, Абдул-Мүтәліптің қамқорлығында болуы. Абдул Мүтәліптің өлімі және Әбу Тәлібтің қамқорлығына өту.
 
Содан кейін Әмина ұлын өзіне қайтып алады. Бір күні Ади ибн ан-Нежжар руынан болған оның әкесінің жанұясын көріп қайтпақ болып олар Мединеге жолға шығады. Қайтар жолда әл-Ебуа[4] деп аталатын жерде Әмина көз жұмады.
 
Сол кезден бастап оның тәрбиесімен Үммү Айман айналысады, ал Абдул-Мүтәліп оны қамқорлығына алады. Оған жаны ашып, оны өз балаларынан да артық жақсы көреді. Немересін керемет келешек күтіп тұрғанын сезетін атасы оған әрқашан мейіріммен қарайтын.
 
Алайда Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сегіз жасқа толғанда, Абдул-Мүтәліп қайтыс болады. Одан кейін оны әкесінің бауыры — Әбу Тәліб қамқорлығына алады, ол да оны жақсы көріп, мейірімді болады.
 
Әбу Тәліп кедей адам болған, алайда оның азын-аулақ мүлігі құт-берекелі еді және Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның қолында тұрғанда, ол еш нәрседен мұқтаждық көрмеген, алайда балалар әдетте айналысатын ақымақтықпен айналыспаған.  Бұны оның тәрбиелеп өсірушісі Үммү Айман айтқан. Балаларды асқа шақырғанда, әдетте олар бірден тамаққа бас салатын, бірақ Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған тиген несібесіне қанағат тұтатын.
 
[1] Бір эфиоп патшасы Қағбаны бұзбақ ниетпен Меккеге әскери жорық жасайды. Оның әскерінің қатарында арабтар бұрында ондайды көрмеген бір алып піл болады. Алайда Алла Тағала кәпірлерге қасиетті нәрсені бұзуға жол бермеді, әскерге топ-топ құстар жіберді, құстар оларға балшықтан жасалған тастар атты.  Құранның «Фил» (Піл) сүресінде айтылған осы белгілі жайттан соң, арабтар «піл жылынан» деген жыл санауды бстады. Осы жерде және одан ары — барлық ескертулер аудармашымен жасалған.   
 
[2] Ол хижрадан кейін жетінші жылы өлген. Ғалымдар оның Исламды қабылдағаны белгісіз деп айтқан.  
 
[3] Оның аты — әл-Харис ибн Абдул-Узза. Кейінтінде ол Исламды қабылдап, жақсы мұсылман болған.
 
[4] Бұл Мекке мен Мединенің арасындағы ауыл. Сол кезде Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, алты жаста болатын.

 

АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков