Циклы Авторы Сортировка

3 дәріс. 9-11 нақыл сөздер

5 731
23 сентября, 15
9. Әл-Байғат (серт) – бұл сүннет.
 
Мутасауифф (әһлі тассаууф)  ішінде тарикатқа кіру  байғат деп аталады, мүрид шейхтың алдында Шариғат жарлығына бағынуға әрі тыйым салынғаннан тыйылуға ант береді, тәубеге келу шарттарын қабылдайды және Аллаға жақындауға әрі Оны тану жолына тұруға тырысады. «Мүрид» деген сөз осыдан алынған.
 
Мауләна Масихуллах Сахеб,  қуддиса сирруху, бұл сөздерде тақуа адамның алдында берілетін «серт/ант» тұжырымдамасы Пайғамбарымыз Мухаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде белгіленгенін көрсетеді.
 
10.  Рухани кемістіктермен күресу үшін міндетті түрде өзіңе шынайы рухани тәлімгер табу.
 
Егер рухани кемелдік міндеттілігі ешкімнің сұрағын тудырмағанмен, қандайда бір тарикатқа кіру міндеттілігі турасында келіспеушіліктер туады.
 
Әр түрлі Әһлі Сүннет топтары арасында бұл сұрақ жөнінде екі негізгі көзқарас бар: міндетті түрде кіру және қалауымен кіру.
 
Шейх Ахмад Халил ас-Сахаранпури, куддиса сирруху, сияқты Деобанд шейхтарының көпшілігі тарикатты қалауымен ұстану қажет, бірақ міндетті емес деп айтады.
 
Бұл сұрақты шейх Абдул-Фаттах Абу Ғудда «Рисаля аль-Мустаршидин»-ге  деген бір ескертулерінде, бір рухани тәлімгердің соңынан ерудің міндетті емес екенін әртүрлі пікірлерді келтіре отырып  көтереді.
 
Біздің ұстаздарымыз тасаууфтың жолы — жүректі тазарту мен мәнерді нақтылау жолы және  сондықтан, бұл істің үкімі тариқаттың өзіне де қатысты деп айтады.
 
Мәуләна Ашраф Али Сануи, куддиса сирруху, біздің заманымызда рухани тәлімгерге еру міндетті деген.  Бұл   әртүрлі Әһлі Суннет топтары арасындағы кішігірім келіспеушіліктер.
 
11. Үнемі өз іс-әрекетіңе сын көзбен қара.
 
«Саликтің» өз бойына сіңіруі тиіс басты қасиеттердің бірі - бұл өз-өзіне сын көзбен қарау. Өкінішке орай, әлеуметтік желілер мен ғаламтордың жайылуы мұсылмандарды нанғысыз көзбояушылыққа ұрындырды, олар өз білімі мен діншілдігін жариялай отыра өзінің кез-келген қадамы турасында айтуға тырысады.
 
Өкініштісі, қазіргі кезде бұл ауыру  ислам дін мамандары әлемін де тыс қалдырмады, желілерді бақылай отырып таң қалмау мүмкін емес, жасы келген ғалымдар қандай да бір басылымның авторлық құқығына ойыншықтарын бөліскен балалар сияқты таласады.
 
Өз-өзіне сын көзбен қарау тұрғысында өте көп шарықтаулар айтылып, уағыздардың оқырмандар мен тыңдаушыларды жалықтырғаны соншалық, бұл жайындағы ақпараттат тек «фон режимінде» ғана жүр: ақыл оларды жай ғана өткізе салады, өйткені бізге қарапайым болу керек деп тым жиі айтылуда.
 
Біздің заманымыздың ғалымдарының өмірінен нақты мысал келтіргіміз келеді.  Жеке мені бұл оқиға таң қалдырды әрі көп ойлануға мәжбүрледі.
 
Біздің таныстарымыздың бірі, шейх Абдул-Фаттах Абу Гудда, Мухаммад Аууам, мәулән Рашид Нумани мен муфти Таки Усмани сияқты заманымыздың мықты ғалымдарының оқушысы болып, солардан білім алған Бангладеш муфтиі Абдул-Маликке өзінің  барғанын айтып берген. Бұндай фикх пен хадис алыптарынан бірден білім алу екінің-бірінің қолынан келе бермейді.
 
Бұл ғалым, сондай-ақ, хадис ілімі жөнінде араб тілінде жазылған бірнеше ауқымды кітаптардың авторы, атап айтсақ, хадис ілімінің ерекшеліктері талданған «Әл-Мадхал фи улюм әл-хадис» кітабы.
 
Біздің досымыз Даккада болғанда, осы ғалымға, оның медресесіне бармақ болып шешеді, онымен хабарласады, кездеспек болады. Шейх оған жолды тауып келе алсаңыз, келе беріңіз, бірақ оның алдынан күтіп алатындай оның адамы да, уақыты да жоқ екенін айтады.
 
Бұл жерде айта кету керек,  әлемнің үшінші елі саналатын жерде медресеге шетел адамының келуі — бұл үлкен оқиға әрі әншейінде басшылар оған қуанады, өйткені бедел көтеріледі.
 
Біздің досымыз сол медресеге жолды өзі тауып барады әрі Абдул-Малик мүфтимен кездеседі. Мүфтимен оның оқуы және ұстаздары жөнінде сөйлетпек болып оған: «Мен естідім, сіз Мединеде оқыпсыз» деп сұрағанда мүфти Абдул-Малик оған: «Ия, мен сол жерде оқығаным бар», - деп жауап беріп, тақырыпты ауыстыруға тырысқан.
 
Қазіргі кездегі көптеген оқымыстылар қандай әлімнен білім алғандарын, оның ерекше оқушысы болғандықтарын, оқу кезіндегі өз қиыншылықтарын айтып, егжей-тегжейіне берілер еді.  Дегенмен мүфти Абдул-Малик шейх Абу Гуддан екі жылдан астам уақыт білім алу бақытын басынан өткерген болса да, ол жөнінде тіс жармаған.
 
Көп адамдардың айтуынша, қазіргі кезде студент үшін «нисба»,  яғни белгілі ғалыммен байланыс, білімнен де маңыздырақ болып табылады, себебі бұл оған өз замандастарынан биік болуды жеңілдетеді.
 
Содан кейін біздің досымыз оның кітаптары туралы білмек болып тырысады, бұдан да ерекше ынта көрсетілмейді, мүфтий қайтадан тақырыпты ауыстыруға тырысты. Ал қазір, тіпті сен сұрамасаңда, саған кітаптарын да, дискілерін де, басқаларын да ұстатады. Бұнда бір елең еткізер жайт, әлім не студент өзін және өз сабақтарын жарнамалайды. Егер сен сауатты әрі пайдалы сабақтар жасасаң, адамдар одан  сенің жалықтырар өз-өзіңді жарнамалауыңсыз-ақ пайда алар, бұдан адамға деген сыйластық азаяды әрі күлкілі көрінеді.
 
Және әлеуметтік желілерді жанамалай  өту өте қиын, кейбір студенттер, меніңше, өз-өзін мадақтаудан естері ауысқан.  Шариғат білімінің студенті болып саналатын кейбір адамдар, «өздерінің рухани ерліктері» жөнінде шынайы түрде әңгімелер жазады: мысалы, бір жолы батырымыз таксиге отырады, бөтен әйелдермен  бірге артқы жақта отырғанның орнына, ол алдыңғы орынға отырады, машаАлла! Бұның қаншалықты күлкілі екенін, адам расымен де көрмей ме?  
 
Кейбіреулер құқық қорғау органдарымен 10 тәулікке қамалған соң өздерін Саид Кутбқа теңей бастайды. Бұл жөнінде тіпті не айтарымды да білмеймін. Алла Муста`ан.
 
Бұлар - өз өмірлерінің жартысын араб тілін және шариғат ілімдерін үйренуге жұмсаған адамдар.  Біз әлеуметтік желілерде толып жатқан анық есуастар мен жындылар туралы айтып отырған жоқпыз.
Енді бір қарапайымдылықтың мысалы, оны түсіну қиын әрі мені таңқалдыруын жалғастыруда – шейх Закари Кандахляви, рахимахуллахтың  өмірі турасында, ол өзінің шейхы Ахмад Халил Сахаранпуриға, рахимахуллах, Абу Даудтың«Сунан» шархын жазуға көмектескен. Бұл кітаптың басым бөлігі шейх Закаридің өзімен жазылған, ал ол оны аяқтап, ұстазының өлімінен соң басып шығарады, бірақ кітап сыртына ұстазының есімін көрсеткен еді. Әңгіме 14 том болып «Башаир Исламия» баспаханасынан шыққан кітап жөнінде және бұл Абу Даудтың «Сунанына» жазылған барлық шархтардың ең жақсысы жайында екенін түсіну керек. Шейх Закария, рахимахуллах, өз ұстазына деген құрмет пен сыйластықтан өзін тіпті серіктес автор қылып та қоймаған.
 
Білім адамдарына қарапайымдылықтан артық көрік беретін қасиет жоқ. Алла бізге сол мейірімділіктің кішкентай бөлігін берсін.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков