Циклы Авторы Сортировка

3 дәріс. Есеп күнінің басталуы

6 460
21 января, 15
Есеп күні жайлы мұсылмандардың білуі тиіс ең маңызды нәрсе ол – Есеп күнінің қай кезде туатынын бір де бір жаратылыстың білмейтінін білу.
 
Алла Тағала былай дейді:
 
يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ رَبِّي ۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقْتِهَا إِلَّا هُوَ ۚ ثَقُلَتْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ لَا تَأْتِيكُمْ إِلَّا بَغْتَةً ۗ يَسْأَلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنْهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ اللَّـهِ وَلَـٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

Мағынасы: «Олар сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де.» (Ағраф сүресі, 187 аят)

Жебірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Есеп күні жайлы сұраған кезде, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сұралған адам, сұраушыдан көп білмейді» деген (Бұхари).

Осы жерден Жебірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) де, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да Қиямет сағатының қай кезде соғатынын білмегендерін көреміз. Сондықтан да Қиямет қашан болатынын білем дейтін кез келген адам – өтірікші.  

Кейбір сопылық ағымдар Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және бірнеше шейхтар осы ілімге ие деп айтады. Бірақ, бұл сөздері Құран мен Сүннетке қайшы келіп тұр.

Кейбір Ислами сайттарда және кітаптарда бұл үммет он бес ғасыр ғұмыр кешеді деген сөзге сүйеніп, осы ғасыр соңғы ғасыр деушілер де бар.

Бұл пікірлер кейбір еңбектерде келген және де ешқандай негізі жоқ яһудейлердің риуаяттарына негізделген. Егер адамзаттың қанша ғасыр ғұмыр кешетіні белгілі болса, Қиямет сағатын жасырудың қаншалықты қажеті бар? 

Сондай-ақ мұсылмандар «пайғамбарлығы» жайлы көптеген ақпараттар таратып үлгерген Ванга, Нострадамус секілді «болжаушылардың» сөздеріне сенбеулері керек.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков