Циклы Авторы Сортировка

3 дәріс: Мәсінің анықтамасы және ерекшеліктері

3 129
14 декабря, 15
Біз мәсіге мәсіх тартуға болатындығын анықтадық. Енді аса көрнекті фақиһ ғұламаларымыздың түсіндірмелеріне сүйене отырып, мәсіге ашығырақ анықтама беруіміз керек.
 
Ғұлама Ибн Нужайм (Алла оны рахыметіне алсын) мәсінің ресми мағынасын былайша көрсеткен:[1]
 
" Мәсі – тобықты және одан жоғарырақ аяқ бөлігін, сонымен қатар соның маңайын жауып тұратын, теріден жасалған шұлық"[2]
 
Ғұлама Йусуф Биннори (Алла оны рахыметіне алсын) мәсіге мынадай анықтама берген:[3] "Мәсі теріден және с.с. жасалады әрі тобық пен оның үстіңгі жағындағы аяқ бөлігін жауып тұрады. Ол аяқта нық тұрады, (мықты болғаны соншалық), одан су ішке қарай өтпейді".[4]
 
Ары қарай ғұлама Йусуф сахиб (Алла оны рахыметіне алсын) екі шумақ арқылы мәсінің мықтылығын көрсетіп, бұрын оны аяқ киімнің орнына да қолдана бергенін айтады.[5]
 
Ал мәсіге мәсіх тартудың шарты жайында көрнекті ғалымдарымыз былайша жазған:
 
1) Мәсі тобық сүйегін түгел жауып тұруы тиіс[6]. Бұл шартты барлық төрт Имам қабылдаған.[7]

2) Мәсімен сапарға шығып, тоқтамастан үш миль қашықтықта жүруге жарамды болуы тиіс және мәсі сол күйінде жыртылмауы керек.[8]

Төрт мәзһабтың барлық имамдары мәсі жүруге жарайтындай қатты болуы тиіс дегенге бірауыздан келіседі. Алайда онымен қаншалықты қашықтықта жүруге болатындығы жайында имамдарымыз әр түрлі пікірде. Ханафиттердің пайымдауынша, мәсі 1 фарсах (3 миль) жер жүруге жарауы тиіс. Мәлики мәзһабының имамдары болса, адам күнделікті әдеті бойынша жүріп, оның үстіне мәсі аяғынан түсіп қалмауы тиіс деп айтады. Шафиғиттердің пікірінше, мәсіні киген кезде адам мәсіге жарар уақыт ішінде (муқим үшін бір тәулік, мусафир үшін үш тәулік) әдеттегі ісін жасап жүре алатындай болуы шарт. Ханбали ғалымдары мәсіні киген адам қалауынша жүре алатындай және мәсі аяғынан түсіп қалмайтындай болуы керектігін айтады.[9]
 
Ханафи мәзһабының ұлы фақиһ ғалымы, мәулана Әнуар Шах әл-Кашмири (одан Алла разы болсын) де мәсіні киюде нақты қашықтық жоқ деген пікірде болған: мәсіні киюдегі шарт – онымен тоқтамастан жүргенде аяқтан түсіп қалмауы қажет.[10]
 
3) Шұлықтың барлық түрінде үш кішкентай аяқ саусағының көлеміндей тесік болмауы тиіс. [11]
 
Ханафи ғалымдары мәсіде аяқтың үш саусағынан кіші көлемде тесік болуға рұқсат екендігін айтқан. Мәликиліктер де мәсіде кішігірім ойықтардың болғаны жарайды деп есептеген. Ал шафиғи және ханбали мәзһабын ұстанушылар болса, мәсіде ешқандай да тесік я ойықтың болмауы керектігін шартқа қойған. Осыған орай, олардың пікірінше кішкене тесіктері бар мәсілер мәсіх тартуға жарамайды (аяқтың үш саусағынан кіші көлем)[12].
 
Бұған себеп ретінде кішкене тесік болса да, ол арқылы су ішке өтіп кете алады дейді. Яғни, бұл жағдайда адам әрі мәсіге мәсіх тартады, әрі аяқтарын да жуады. Бұдан бөлек, "Ғуния әл мутамалли"[13] еңбегінде жазылғандай, мәсіні киюдің себебінің өзі жоғалады. Алайда ханафиліктер мен мәликиліктердің пайымдауынша, күнделікті тіршілікте мұндай шұлық түрінде тесік я жыртықты болдырмау қиынға соқтырар еді, сол үшін де олардың болуының еш ағаттығы жоқ дейді.
 
4) Мәсілер ешқалай да байланбастан я болмаса тағылмастан өздігінен аяқта тұруы тиіс.[14]
 
5)Егер мәсінің үстіне су құйылса, су оның ішіне кіріп кетпеуі керек. [15]
 
Бұл шартты сонымен қатар шафиғиліктер де ұстанады.[16]
 
Бұдан басқа, мәлики мәзһабын ұстанушылардың пайымдауынша, мәсі теріден жасалуы тиіс.[17]
 
Ханбалиліктер мәсі киілген кезде сыртынан қарағанда адамның аяқ терісі көрінбейтіндей қалың болуы керек деп есептейді. [18]
 
Жоғарыда келтірілген шарттар "Нур Әл Идха" еңбегінен алынды, сонымен қатар мұны ғұлама Ат-Тахтауи өзінің "Дурр әл мухтар"[19] және "Тауали әл Әнуар"[20] хашиясында келтірген.
 
Дей тұрғанмен, аталған шарттар ешбір хадисте нақты келтірілмеген, бірақ біздің атақты фақиһ ғұламаларымыз сахабалар кезіндегі қолданылған мәсілерді зерттей отырып, соларға тән ерекшеліктер мен шарттарға тоқтап, шешім шығарған. Сондықтан да мәсі жарамды болуы үшін осы шарттар орындалуы тиіс деген тоқтамға келген. Мұнсыз ілімі төмен, қарапайым адамдар жай шұлықты киіп алып, оның "қалыңдығы" жарамды деп ойлаушы еді, ал бұл сөзсіз зор адасушылыққа әкеп соқтырады. Сондықтан да, егер қазіргі заманда біреу келіп бұл шарттарға келіспей жатса, уайымдаудың еш қажеттігі жоқ екендігін айтқымыз келеді.
 

[1] (والخف في الشرع اسم للمتخذ من الجلد الساتر للكعبين فصاعدا وما ألحق به (البحر الرائق - (ج 1 / ص 164
 
[2] "Әл-Бахр ар-раиқ" (1/164)
 
[3] (الخف في الشرع اسم للمتخذ من الجلد أو نحوه الساتر للكعبين فصاعدا متصلا بالقدم من غير أن يشف (معارف السنن - (ج 1 / ص 333
 
[4] "Мағариф әс-сунан", 1/333
 
[5]"Мағариф  әс-сунан", 1/333
 
[6] (و الخف الذي يستر الكعب (فتاوي النوازل للمرغيناني- (ج 1 / ص 57
(الخف الذي يجوز عليه المسح .... وستر الكعبين وما تحتهما. وستر ما فوق الكعبين ليس بشرط، لأن ما فوق الكعبين زيادة في إطلاق اسم الخف عليه (المحيط البرهاني للإمام برهان الدين ابن مازة - (ج 1 / ص 342
والثاني سترهما للكعبين (نور الإيضاح - (ج 1 / ص 47)أ
ويستر الكعبين وما تحتهما (قاضيخان - (ج 1 / ص23)أ
ومن الشرائط أن يكون لابسا خفا يستر الكعبين فصاعدا (تحفة الفقهاء - (ج 1 / ص 86)أ
فمنها أن يكون خفا يستر الكعبين لأن الشرع ورد بالمسح على الخفين وما يستر الكعبين ينطلق عليه اسم الخف (بدائع الصنائع - (ج 1 / ص 32)أ
وشرائط الخف الذي يجوز المسح عليه أن يكون ساترا للقدم مع الكعب احترازا عن المتخرق وأن يكون مشغولا بالرجل احترازا عن مقطوع الأصابع إذا لبسه وصار بعض الخف خاليا من مقدمه فمسح على الخالي لا يجوز (الجوهرة النيرة - (ج 1 / ص 100)أ
ويستر الكعبين وستر ما فوقهما ليس بشرط هكذا في المحيط حتى لو لبس خفا لا ساق له يجوز المسح إن كان الكعب مستورا (الفتاوى الهندية - (ج 1 / ص 32)أ
أ(شرط مسحه ) ثلاثة أمور الأول ( كونه ساتر ) محل فرض الغسل ( القدم مع الكعب ) (الدر المختار - (ج 1 / ص261)أ
و هو-أي الخف- شرعاً ما يستر الكعب )فتح الله المعين- (ص 98)أ
 
[7] «Әл-Маусуға әл-фикхия әл-Кууайтиә», 37/364
 
[8]الخف الذي يجوز عليه المسح ما يمكن قطع السفر، وتتابع المشي عليه (المحيط البرهاني للإمام برهان الدين ابن مازة - (ج 1 / ص 342) أ 
و هو-أي الخف-...أو المشي به كما في حاشية الهداية (فتح الله المعين - (ص 98)أ
ثم الخف الذي يجوز عليه المسح ما يكون صالحا لقطع المسافة والمشي المتتابع عادة (قاضيخان - (ج 1 / ص23)أ
وإن يمكن متابعة المشي فيه احتراز مما إذا جعل له خفا من حديد أو زجاج أو خشب (الجوهرة النيرة - (ج 1 / ص 100)أ
الفصل الأول في الأمور التي لا بد منها في جواز المسح منها أن يكون الخف مما يمكن قطع السفر به وتتابع المشي عليه (الفتاوى الهندية - (ج 1 / ص 32)أ
أ( و ) الثالث ( كونه مما يمكن متابعة المشي ) المعتاد ( فيه ) فرسخا فأكثرفلم يجز على متخذ من زجاج وخشب أو حديد(الدر المختار - (ج 1 / ص 261)أ
أ( صالحا للمسح ) بأن يمكن متابعة المشي فيه فرسخا وأن لا يكون مخروقا بخرق مانع (حاشية الطحاوي على مراقي الفلاح - (ج 1 / ص 83)أ
و الثالث من الشروط كونه مما يمكن متابعة المشي المعتاد فيه قيد به لأن المشي الغير المعتاد لا يعتبر الي قوله فرسخا هو ثلاثة اميال فأكثر (طوالع الأنوار 269 /الف المخطوط)أ
والثالث إمكان متابعة المشي فيهما فلا يجوز على خف من زجاج أو خشب أو حديد(نور الإيضاح - (ج 1 / ص 47)أ
امداد الأحكام- (ج 1 / ص 41)أ
 
[9] "Әл-Маусуъа әл-фиқһия әл-Кууайтия", 37/364
 
[10] "Әл Арф аш Шази", 1/131
 
[11]والرابع خلو كل منهما عن خرق قدر ثلاث أصابع من أصغر أصابع القدم) نور الإيضاح - (ج 1 / ص 47) أ
ولا يجوز على خف فيه خرق يبين منه مقدار ثلاثة أصابع من أصابع الرجل الصغار، وتجمع خروق كل خف على حدته )المختار للفتوي المطبوع بالاختيار - (ج 1 / ص 38)أ
قال رحمه الله ( والخرق الكبير يمنعه ) أي يمنع المسح لأنه لا يمكن مواظبة المشي معه فصار كاللفافة قال رحمه الله ( وهو قدر ثلاث أصابع القدم أصغرها ) أي الخرق الكبير قدر ثلاث أصابع القدم أصغرها لأن الأصل في القدم هو الأصابع والثلاث أكثرها فيقوم مقام الكل والاعتبار بالأصغر للاحتياط )تبيين الحقائق - (ج 1 / ص 145)أ
قوله ( والخرق الكبير يمنعه ) قال المصنف في المستصفى يجوز بالباء بنقطة من تحت والثاء بثلاث من فوق والتفاوت بينهما أن الأول يستعمل في الكمية المتصلة والثاني في المنفصلة والثاني منقول عن العالم الكبير بدر الدين اه
وفي المغرب أن الكثرة خلاف القلة وتجعل عبارة عن السعة ومنها قولهم الخرق الكثير اه )البحر الرائق - (ج 1 / ص 175)أ
أ( والخرق الكبير ) بموحدة أو مثلثة ( وهو قدر ثلاث أصابع القدم الأصاغر ) بكمالها ومقطوعها يعتبر بأصابع مماثلة ( يمنعه ) إلا أن يكون فوقه خف آخر أو جرموق فيمسح عليه وهذا لو الخرق على غير أصابعه وعقبه ويرى ما تحته فلو اعتبر الثلاث ولو كبارا )الدر المختار - (ج 1 / ص 273)أ
وأن لا يكون مخروقا بخرق مانع )حاشية الطحاوي على مراقي الفلاح - (ج 1 / ص 83)أ
 
[12] «Әл-Маусуға әл-фикхиә әл-Кууайтиә», 37/365
 
[13] (1/113)
 
[14]والخامس استمساكهما على الرجلين من غير شد(نور الإيضاح - (ج 1 / ص 47) أ
شرط المسح علي الخف أن يستمسك بنفسه من غير شد (طوالع الأنوار (ق 294 / الباء مخطوط) أ
امداد الأحكام- (ج 1 / ص 41)أ
 
[15]منعهما وصول الماء الى الجسد (نور الإيضاح - (ج 1 / 47) أ
فتاوى محمودية - (ج 5/ ص 197)أ
 
[16] "Әл Хауи әл-Кабир", 1/725
 
[17] "Әл Хуласа әл-фиқһия" Әл Каруи (1/37), "Әл Кауанин әл-фиқһия" (1/30)
 
[18] "Әл Маусуга әл-фиқһия әл-Куайтия" 37/367
 
[19] (1/137)
 
[20] 53 Q294/Alif, махтут
 

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков