Циклы Авторы Сортировка

3 дәріс. Қиямет күнінің үлкен белгілері бірінен кейін бірі жылдам болады

4 203
14 марта, 16
Қиямет күнінің бірінші үлкен белгісі пайда болысымен, басқалары лек-легімен бірінен соң бірі болады.
 
Ат-Табарани «Әл-Авсатта» Әбу Хурайрадан, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізген: «Алқадағы ұсақ моншақтардай, күндер бірінен соң бірі өтетін болады».
 
 
 
Ал имам Ахмад Абдуллах ибн Амрадан Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын келтірген: «Белгілер – бұл алқада біріккен ұсақ моншақтар. Алқа үзілгенде, олар бірінен кейін бірі шашыла жөнеледі».
 
Ең дұрысы, бұл хадисте Қиямет күнінің кіші белгілері емес, нақты үлкен белгілері меңзеліп отыр,  өйткені кішілері уақытқа созылған, ал Алланың соңғы елшісінің келуінің өзі — бұл Қиямет күнінің белгісі.
 
Бұған мына факт те дәлел, көптеген үлкен белгілер бір-бірімен байланысты әрі дәйекті түрде келеді: имам Махдидің пайда болуы, Дәжжалдың пайда болуы,  Исаның, оған Алланың сәлемі болсын, түсуі, Яджуж бен Маджуж, Исаның, оған Алланың сәлемі болсын, оларға қарсы айтқан дұғасы және олардың жойылуы. Осының бәрі үлкен белгілердің бірінен кейін бірінің жоғары жылдамдықпен болатынын көрсетеді.
 
Исаның, оған Алланың сәлемі болсын, өлуі және күннің Батыстан шығуы, Түтін, Жануардың пайда болуы сияқты қалған белгілерінің арасында тағы да біраз уақыт өтеді — мұның бәрі жылдам өтетін болады.
 
Ибн Хаджар әл-Аскалани «Фатх әл-Бариде» былай айтқан:
 
«Үлкен белгілердің алқа іспеттес екені нақты анықталған. Ол үзілгенде, Ахмадта келтірілгендей, ұсақ моншақтар бірінен кейін бірі тез шашыла жөнеледі»[1].
 
[1] Фатх, 13/77.

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің Үлкен белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков