Циклы Авторы Сортировка

30 дәріс. 105-109 нақыл сөздер

3 127
13 февраля, 16
105. Теледидар адамның иманын құрту үшін жаратылған.
 
Бейнефильмдердің рұқсат етілген немесе тыйым салынғаны жөніндегі мәселені ысырып қойып, телевизияның өз бойындағы проблемасы мен зиянына үңілейік. 

Телевизия сияқты ислам қоғамын соншалық аздыратын бірнәрсені еске түсіру қиын.
 
Телевизияның ең сорақысы - өзінің бітпейтін өнегесіз бағдарламаларымен адамдардағы ұятты құртты.
 
Мұсылмандардың үйінде теледидар бар кезде исламдық үндеу ешқашан көзге көрінер нәтижеге  жетпейді, өйткені белсенді үндеу біраз адамдардың ғана түзелуі мен өзгеруіне көмектеседі, ал телевизия болса мыңдағандарды аздырады.
 
Егер адам хиджабсыз әйелді күнде көре беретін болса, оның еті бұған үйреніп алады әрі Алланың осы әмірінің бұзылғандығына шынайы ашуланбайды.
 
Егер адам күнделікті әлдебір күнәнің жасалғанын көретін болса, онда ол оған үйреніп алады.
 
Кейбіреулердің айтуынша, телевизияда пайда бар, өйткені онда ислам арналарын көрсетеді және т.б.
 
Шариғатта мынандай қағида бар: «Егер әлдебір істе рұқсат етілген мен тыйым салынған нәрсе бірге келсе, онда тыйым салынғаны басым болады».
 
Сондай-ақ, адамдардың 99% тек ислам бағдарламаларын ғана көріп қоймай, басқаларын да көреді. Іздеген сұрақтарының жауаптарын табуы үшін, адамдардың жүректерін ғалымдардың уағыздарын ән-шашу мен сериалдар араластырған телевизиямен емес, мешіттермен байланыстыруға тырысу керек.
 
Алла бізді бүліктерден сақтасын!
 
106. Бір нәрсені тілегеннен гөрі, барды сақтап қалу қиынырақ.
 
Бұл сөздерді неке мысалында жақсы түсінуге болады. Қаншама адам үйленді әрі тұрмысқа шықты, бұны аңсап, соған талпынды, бірақ солардың қаншасы өз некелерін сақтап қала алды?
 
Ғашық болу, үйлену немесе тұрмысқа шығу оңай, ал әрбір отбасы кездесетін қиын жағдайлар мен сынақтарда некені сақтап қалу өте ауыр.

107. Алладан сұраған, ешқашан көмексіз қалмайды.
 
Мәселені шешудегі бірінші жасалатын нәрсе – дұға, ал содан кейін қиыншылықтың шешілуін Аллаға тапсыра отырып, іске кірісу керек.  
 
108. Өз тәлімгеріңмен байланысың үшін шүкір айт.
 
Біздің қиын уақытымызда, Алла Тағаланың рухани тәлімгер табу үшін мүридке берген таупиығы - зор рақымшылық, сол себепті де шүкіршілік білдіру қажет.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков