Циклы Авторы Сортировка

30 дәріс. Жиырма бірінші кіші белгі. Жаппай адам өлтіру

4 012
14 августа, 15
Әбу Хурайрадан Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жетеді: «Әл- харж» кең тарамайынша Қиямет басталмайды. Біз: «Әл-харж» деген не, Алланың Елшісі?» - дегенімізде, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам өлтіру, адам өлтіру» -деді». (Мүслім)
 
 
 
Имам әл- Бұхаридің ибн Масғудтан жеткен нұсқасында: «Әл- харж күні тумайынша, ілім жоғалмайынша және надандық жайылмайынша Қиямет болмайды». Әбу Мұса былай деген: «Әл- харж» - эфиопиялық тілде бұл сөз «кісі өлтіру» дегенді білдіреді».
 
Имам Ахмадтың «Муснадында» сахабалар өлім жайлы айтылған хадис толық келеді. Онда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бұл адамдар бір- бірін өлтірген кезде болады». Сахабалар: «Ақыл- есіміз дұрыс қалпымызда осылай етеміз бе?» дегенде Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деді: «Осы замандағы көп адамдар ақыл- естерінен айырылады».
 
Сондай-ақ Әбу Хурайрадан Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткен: «Жаным қолында болғанмен ант етемін, өлтіруші не үшін өлтіргенін, ал өлген адам не үшін өлгенін білмейтін заман тумайынша бұл тыныштық жоғалмайды». Одан: «Бұл қалай?»,- деп сұрағанда ол былай деп жауап берді: «Әл- харж. Өлтіруші де, өлуші де Тозаққа түседі» (Муслим).

Қару-жарақтың және жаппай кісі өлтірудің көбеюіне қарап-ақ біз «өлтіруші не үшін өлтіріп жатқанын, ал өлген адам не үшін өлгенін білмегенше» сөзін түсінгендей боламыз.
 
Бұл жағдайда жиырмасыншы ғасыр бүкіл адамзатқа сабақ бола алады, әсіресе мұсылмандар пацифистік сөздер мен ұрандарға алданбаулары керек. Біз Батыс көшбасшыларынан мұсылмандарды басқыншы діндердің жиынтығына енгізіу үшін айтқан небір сөздерін естуіміз мүмкін. Алайда, екі дүниежүзілік соғыс «гуманистер» мен «Руссо ізбасарларының» бет пердесін ашты. Ал Ислам әлеміндегі мұсылмандар осы «гуманизмнің» құрбаны болып отыр.
 
Көптеген дәстүрлі мұсылмандарды «сәбидің көз жасы» жайлы сұрақ толғандыруда: «Егер Алла бар болса, Ол қалай Газадағы сәбилерді қинайды?» және тағы басқа.
 
Бұған біздің мырзамыз, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жауап берген: «Расында менің үмметім–рақым етілген үммет! Оларға ақыретте азап жоқ. Алайда осы өмірде бар: өлім, жамандық пен жер сілкінсі» (Әл-Мустадрак; әл-Хаким бұл хадисті сенімді деген, мұны әз-Зәһәби мақұлдаған).
 
Дұшпандық шабуылдан басқа мұсылмандардың өзара бірін-бірі өлтіргенін де көріп отырмыз. Соған қарағанда мұсылмандардың басым бөлігі өзге бір мұсылманның қолынан қаза болған секілді.
 
Бірақ бұл жайлы да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізді ескерткен. Әбу Бурдадан жеткен хадисте: «Мен базарда жүрген кезімде ашынып қолымды бір біріне соқтым. Әкесі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы болған ансарлардың біреуі былай деп сұрады: «Сені не нәрсе ашындырды, ей, Әбу Дарда?» Мен былай деп жауап бердім: «Мен діні бір, пайғамбары бір, дауғуаты бір, қажылығы бір, ғазауаты бір, бірақ солай бола тұрса да бір-бірін өлтіретін адамдарға қайран қаламын». Ол маған былай деді: «Таңқалма, мен әкемнің маған былай дегенін естідім: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында менің үмметім рақым етілген үммет! Олар үшін ақыретте есеп те, азап та жоқ, бірақ оның жазасы өлімде, жер сілкінісінде және бүлікте» (Әл-Мустадрак; әл-Хаким бұл хадисті сенімді деп тапқан, әз- Зәһәби оны мақұлдаған)

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков