Циклы Авторы Сортировка

30 насихат: Шәкірттің білімге қатысты әдебі

2 416
28 октября, 15
Білімге қатысты әдеп – ұстазға қатысты әдепті сақтаудың тікелей нәтижесі. Егер шәкірт ұстазын сүйсе, оны сыйласа, оның айтулы адамгершілік қасиеттерін қабылдауға тырысса, онда ұстаздың білімге деген қарым-қатынасы міндетті түрде шәкіртке беріледі. Білімге деген ізет пен байсалдылықсыз, ғалым ғалым болмас еді. 
 
Осылай, ізгі сәләфтар дәрістерде өздерін байсалды ұстамай, қалжындап әрі күлетіндерге сөгіс айтатын болған.  
 
Имам әл-Хатыб әл-Бағдад Әлиге (оған Алла разы болсын) дейінгі тізбекпен оның сөздерін  келтірген[1] : «Білім алсаңыздар, оны сақтаңыздар: күлкілі және жалғанмен араластырмаңыздар, әйтпесе сіздің жүрегіңіз бұл білімдерді қабыл алмайды».
 
Имам Ахмад әл-Ями (хижра бойынша 258 ж. өлген), ат-Тирмизи мен Ибн Маджа имамдарының ұстазы (оларға Алланың рақымы болсын) былай айтқан[2]: «Егер сол кезде сен біздің хадистерді қалай жазғанымызды көрсең еді, қаламның шықыры мен жылаудан басқа еш дыбыс естімес едің».
 
Абудлла ибн әл-Мубарак Абдул-А'ля ат-Таймидің былай айтқанын жеткізген[3]: «Кімге білім беріліп әрі ол жыламаса, онда ол өз білімінен пайда алуға қабілетті емес. Шындығында, Алла Тағала ғалымдарды былай сыйпаттаған:
 
إِنَّ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ مِن قَبْلِهِ إِذَا يُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ يَخِرُّونَ لِلْأَذْقَانِ سُجَّدًا
وَيَقُولُونَ سُبْحَانَ رَبِّنَا إِن كَانَ وَعْدُ رَبِّنَا لَمَفْعُولً-وَيَخِرُّونَ لِلْأَذْقَانِ يَبْكُونَ وَيَزِيدُهُمْ خُشُوعًا  

(Уа Пайғамбар!) Құранға сеніңдер,не сенбеңдер (пайдасы мен зияны өздерің үшін).Шын мәнінде одан бұрын(Құран түспестен бұрын) білім берілгендер, өздеріне (Құран) оқылсажүздерімен сәждеге жығылады. Олар: «Раббымызды пәктейміз. Расында Раббымыздың уәдесі орындалады»,- дейді. Және жүздерімен жер сүзе сәжде қылады да, Алладан қорқып жылайды. Бұл олардың Аллаға бойсұнуларын арттыра түседі. («Исра» сүресі,  107 — 109 аяттар).
 
Шәкірттің білімге қатысты ең басты әдебі — бұл білімнің іс-тәжірибесі, айтулы адамгершілік қасиеттерге ие болу және  білім иелерінің мүлтіксіздігі.
 
Имам әл-Хатыб имам Ибрахим әл-Харбидің мынандай сөздерін жеткізген[4] : «Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәжірибесінен бір нәрсені білген адамға оны іс жүзіне асыру қажет болады».
 
Сондай-ақ, ол Хасан әл-Басридың (оған Алланың рақымы болсын) сөздерін жеткізген: «Егер адам білім алса, бұл міндетті түрде оның бойсұнуында, мінез-құлқында, сөйлеуінде, көзқарасында және іс-әрекетінде көрінуі тиіс».
 
Әдепке ие болуда және білімді қолдану қажеттігін түсінуде ұстаздың тәрбиесі негізгі рөл атқарады. Шейх Аууама, хафизахуллах, осы ойды мысалмен дәлелдейтін әртүрлі дәуірдің ғалымдары туралы үш түрлі оқиғаны келтіреді.
 
Әл-Хатыб  Әбу 'Асама әл-Байхактың мынандай сөздерін жеткізген: «Мен түнімді Ахмад ибн Ханбаланың үйінде өткіздім. Ол маған су әкеліп, қойып қойды. Оянғанда ол суға қарап, оның сол күйінде тұрғанын көрді. Ол былай айтты: «Алла Пәк! Адам білім алғады, алайда түнгі намазға тұрмайды!»
 
'Укба ибн Әбу Джа'фар ибн Хамдан өз әкесі Әбу Джа'фардың (оларға Алланың рақымы болсын) сөздерін жеткізген: «Мен Әбу Абдулла әл-Маруазидің дәрісіне қатыстым — мүмкін, сөз имам Мұхаммед әл-Маруази (хижра бойынша 202 — 294 жж.) туралы болып тұр — күндізгі намаздың уақыты келді. Әбу Абдулла азан шақырды. Мен мешіттен шықтым. Ол менен сұрады:
 
- Әбу Джа'фар, сен қайда барасың?

Мен былай жауап бердім:

- Намаз оқу үшін дәрет алуға.

Ол айтты:

- Мен сен туралы басқаша ойлап едім. Намаз уақыты болды, ал сенің дәретің жоқ!»
 
Үшінші оқиғаны шейх Аууамаға шейх Мұхаммед  'Ауад, шейх Абул-Карим ар-Рифа'идің шәкірті (олардың екеуіне де Алланың рақымы болсын) айтып берген. Бір күні шейх Мұхаммед  мешітте сәске (духа) намазын оқиды, сосын сәлем берген соң бірден тұрып, шығуға асықты. Оның шейхы бұны көріп қалып, оны өзіне шақырды:
 
- Шейх Мұхаммед, сенің Алладан сұрар қажетің жоқ па еді?

Шәкірті шошына одан сұрайды:

- Неге, ұстаз?

- Сәлем берген соң бірден тұрып кеттің ғой, дұға жасап Алладан ештеме сұрамадың да.
 
Кімде-кім ұстаздардан білім алмаса, олармен терең рухани байланыста болмаса, Алланың білім беріп жарылқаған, ерекше құлдарының  әдептеріне ие болу түрінде жемістерін беретін бұндай тәрбие түріне сене алмайды. Шейх Аууама жоғары ислам білімін алғандардың өздерінде де жиі бұндай қасиеттер болмайды, өйткені, қатаң түрде айтар болсақ, олар дәстүрлі мағынада шейхтерден білім алмаған, деп жазады.  Кітаптар оқып немесе ғаламтордан дәрістерді тыңдап өз бетінше оқығандар туралы не айтуға болады? 
 
Қазір ғаламтор адамдарды Исламмен қызықтыруда, оларға қажетті ең аз мөлшердегі білімді беруде, дінді тереңірек оқудың маңыздылығын түсіндіруде әжептәуір мүмкіндіктер туғызады. Бірақ бұл тек қана ақпаратқа қол жеткізу, ол білімнің өз басынан басқа тәрбие мен рухани өсуді беретін шейхтерден алатын толық оқуды алмастыра алмайды.
 
[1] «Әл-Джами'де» (213 — 217).

[2] «Әл-Адаб аш-шар'ийяда» Ибн Муфлих (оған Алланың рақымы болсын) келтірген (1 т., 162 б.).

[3] «Аз-Зухдта» (125).

[4] «Әл-Джами'де» (176, 178, 181, 182).
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков