Циклы Авторы Сортировка

31 дәріс. 109-114 нақыл сөздер

2 173
17 февраля, 16
109. Рақымдылық салиқ табиғатының ажырамас бөлігі болуы керек
 
Мұсылман үмметі үшін осы қиын қыстау кезеңде, салиқалы адамда орын алып жатқан жағдайларға күйзелетіндей және діндес бауырларының қиналуы оның да қиналуы болатындай жүректің болуы өте маңызды.
 
Өкінішке орай, бүгінде мұсылмандардың көпшілігінің теологиялық шайқастарға берілгендігі сондай, мұсылман бауырларының қиналысы мен мұқтаждықтарын байқауды қойған. Дегенмен, дұға тілеуде әрқашан олармен бірге болуымыз керек.
 
110. Өз-өзіңізге мақтана емес, жирене қарауыңыз керек.
 
Өркөкіректік – рухани кемістіктер мен күнәлардың анасы.

Алла Тағала Ібіліс туралы былай деген:
 
أَبَىٰ وَاسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ الْكَافِرِينَ

Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды (Құран 2:34)
 
Егер адам тіпті өзі-өзіне өркөкіректік пен мансаптық танытса, онда оның жағдайы мүшкіл.  Қазіргі кезде, өзіңіздің шын мәнінде кім екеніңізді тану – бұл рухан жетістік.
 
111. Батылдық жөнінде айту оңай, ал оны қажет кезде көрсете білу қиын.
 
Батылдықтың іс жүзінде тексеруге келмейтін, мазмұнсыз көпірме сөзбен еш ортақтығы жоқ. Батылдық – қажет кезде іске асатын нәрсе.
 
Әлдебір әрекет жасау үшін адамға қандай да бір шектен тыс шарттар талап етілсе әрі оларды жүзеге асыру мүмкін еместігін өзі жақсы түсіне отырса да, оны батылдық етіп көрсеткісі келетіні, адамда қорқақтықтың бар екенін білдіреді.
 
112. Алладан қорыққанға, әрқашан қорғаныш бар. 
 
Бәледен қорғанудың ең жақсы амалы – бұл бойтұмар да, тұмар да емес, өз дініңізге берік болу.
 
113. Адамдарға кешірімшіл болуды әдетіңізге айналдырыңыз.
 
Сізді ренжіткен адамды кешіре алмау – тәкаппарлықтың белгісі. Бойыңызда бұл қасиет орын алып жатса бұдан қорқу керек.
 
Егер бауырыңыздың арасында кикілжің болса, онда татуласуға әрі қарым-қатынасты реттеуге бірінші болып талпыныңыз.

114. Өз сеніміңіз мен ұстанымыңызды әрқашан есте сақтаңыз, бірақ басқаның да ұстанымын сыйлаңыз.
 
Ең қиыны – бұл қолайлы және қолайсыз келіспеушіліктерді ажырата білу.

Мысалы үшін, музыка мәселесіндегі келіспеушілік орынсыз болып табылады, өйткені оған тыйым салынғаны туралы иджмағ бар әрі осы себептен де басқа да пікірлер мен дәлелдерге қарамастан оған тыйым салынғаны жөніндегі үкім өзгертілмейді.

Бірақ, мысалы, фотосуреттерге рұқсат етілгендігі немесе сақалды қысқарту үкімінде орынды келіспеушілік бар.

Орынды және орынсыз келіспеушіліктер арасындағы айырмашылықтарды ажырату амалдарының бірі: егер әлдебір пікір төрт мәзхабтардың бірінде басым болса, онда бұл сөзсіз орынды пікір, ал оны теріске шығарушылар фанатиктер болып табылады.

Фиқх- тарихындағы ғалымдардың айтқан әрбір пікірі тәжірибеге сай келе бермейді  деген қарапайым түсініктен басталады.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков