Циклы Авторы Сортировка

31 дәріс. Жиырма екініш кіші белгі. Уақыттың жылдамдауы

4 566
21 августа, 15
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Уақыт жылдамдамайынша Қиямет күні болмайды» (Бұхари).
 
 
 
Және де Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) былай деп жеткізеді: «Уақыт жылдамдап, бір жыл бір айдай, ал ай болса аптадай, ал апта бір күндей, ал бір күн бір сағаттай, ал сағат болса жанған парақтай өте шықпағанша Қиямет басталмайды» (Ахмад).
 
Осы сөзге келгенде ғалымдарда әр түрлі көзқарас бар. Біз негізгілерін төменде келтіреміз:
 
Бірінші көзқарас. «Уақыттың берекеті кетеді» деген айтылып тұр дейді.
 
Ибн Хажар әл-Әсқалани «Әл-Фатхта» былай деп жазады: «Біз қазырғы кезде күннің қалай жылдам өтіп жатқанын көріп жүрміз. Мұндай жағдай ешбір дәуірде болмаған. Және де біз өзіміздің уақытымызда үнемі ешнәрсе істеп үлгермей қалып жатырмыз. Сол себепті де бізге сахабалардың, табиғиндердің екі ракағатта толық Құранды оқып шығуы біз үшін асыра сілтеу болып көрінеді, алайда бұл шындық, әрі олар бір түнде толықтай Құранды оқып шығатын болған. Сол себепті де оларда үлкен ықылас болған, Алла Тағала оларға берекет берген, соның  арқасында олар бізге үлкен мұра қалдырды».
 
Екінші көзқарас. Адамдар тыныштықта, молшылықта өмір сүріп жатқан кезде Имам Махди мен Исаның келуін меңзейді. Себебі тыныштық пен молшылық уағы тез өтіп кетеді. (қараңыз,  «Әл-Фатх»).
 
Үшінші көзқарас. Бұл жерде адамдар арасындағы мүліктің дамуы нәтижесінде және жылдам жылжу құралдарының дамуы нәтижесінде уақыттың жылдам өтуі айтылып тұр дейді. Бұл пікірді бірнеше заманауи ғалымдар айтқан.
 
Төртінші көзқарас. Дәжжәлдің келетін уақытында уақыттың азайып, жылдамдауын көрсетеді деп шамалайды. Бірақ бұл пікірдегі келген сипат әлі көрініс тапқан жоқ.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков