Циклы Авторы Сортировка

31 насихат: Кітаптарға қатысты әдеп

2 474
31 октября, 15
Білімге қатысы бардың бәріне арналған ең басты әдеп, мейлі жаңа бастаған студент, мейлі көпті көрген шейх болсын – кітаптарды оқығанда және дәрісте болғанда дәретпен болу. Құран дәрістері өзінен-өзі түсінікті, бірақ бұл әдепті барлық шариғат ғылымдарының бірін қалдырмай, араб грамматикасы немесе логикасына (мантык) шейін сақтау өте маңызды.  
 
Біз фикхтан білеміз, ғұсылсыз әрі дәретсіз Құранға тиюге болмайтынын, тіпті аяттың жартысына да, мысалы, басқа  кітапқа басылған немесе қағазға жазылған болсын. Сондай-ақ, бұл Құранның басқа тілдердегі мағыналарына да қатысты, айталық, орысша немесе қазақша[1]. Ханафи ғалымдарының бір бөлігі тіпті тәпсір (Құранның түсіндірмесі) бойынша кітаптарды міндетті түрде таза күйде ғана ұстау керектігі жөнінде шешім шығарған[2]. Сондай-ақ, ғалымдар, Құранды дауыстап оқуда, шариғат кітаптарын ұстауда, хадистерді оқуда,  айтуда және түсіндірме беруде дәретпен болу абзал (мандуб) деген шешім шығарған [3].
 
Осыны біле тұра, білімге қатысы бар әркімге – толиб болсын, әлде шейх болсын – Шариғаттың осы шешімдерін сақтап қана қоймай, оларды әдептілікпен көркейте түсу, тазалықты сақтауда өз-өзіңе қатал, бірқалыпты болу әрі бұл ұстанымдарды білім алу мен беру үдерісіне қатысты барлық салаға тарату, өте маңызды екендігін түсінуіміз қажет.  
 
Имам Ибн Асакир «ат-Тарихте»[4] өз кезініде Хорасанның ұлы ғалымдарының имамы болған Әбу Осман әс-Сабунидің (хижра бойынша 373 — 449 жж.), оларға Алланың рақымы болсын, мына сөздерін жеткізген: «Мен ешқашан кітапханаға дәретсіз кірмейтінмін, хадистерді жеткізбегенмін, дәрісте отырмайтынмын, дәретсіз оқытпайтынмын».
 
Бурхануддин аз-Зарнуджи (оған Алланың рақымы болсын) «Та'лим әл-мута'аллимде» былай жазады: «Кітаптарды дәріптеу - білімге құрмет көрсету. Толиб тек дәретпен бола тұра ғана кітапты ұстауы тиіс. Шейх имам Шамс әл-аимм әл-Хальван оның сөздерін жеткізген: «Білімді дәріптеуімнің арқасында, мен білім алдым. Тіпті бір бет болсын, мен әрқашан таза күйімде алатынмын». Шейх имам Шамс әл-аимм әс-Сарахси бірде асқазан ауыруынан жапа шеккен және бір түн ішінде он жеті рет дәрет алған, өйткені ешқашан дәретсіз оқымаған. Даусыз, білім – бұл нұр. Дәрет те – нұр. Және оның нұрымен білім нұры күшейе түседі»[5].
 
Ұқсас оқиға  имам-мухаддис Ибн Маджидің шәкірті болған имам Әбу әл-Хасан әл-Каттан (хижра бойынша 254 — 345 жж.), (оларға Алланың рақымы болсын) туралы да айтылған.  Ол бірде ауырғандығынан бір күн ішінде тоқсан рет дәрет алады. Ол былай айтқан: «Мен ажал періштесін таза күйімде қарсы алғым келген»[6].
 
Имам Ибн Абдул-Барраның (оған Алланың рақымы болсын) «Джами' баян әл-'ильм уә фадлихи» кітабында «Кейбіреулер (ғалымдар) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін тек дәретті күйінде ғана жеткізгендігін айтып шығатын бөлім» деген атаумен бүтіндей бір бөлім бар. Имам әл-Хатыб әл-Бағдад «әл-Джами' ли ахляк ар-рауи уа адаб әс-сами'де» тағы жазады[7]: «Дұрысы - кітаптан хадистерді оқуда және оған тиюде, таза күйде болу». Осындай мағыналы сөздер ұлы табиғиндерден болған Катадтан және имам Мәліктен жеткен (оларға Алла разы болсын).
 
Сондай-ақ, кітаптарды орналастыруда әдеп сақтауға тырысу маңызды. Бұл дегеніміз кітаптардың үстіне ешбір бөгде бұйымдарды қоймау: қарындаштарды, таспиқты, гүлдерді, тақияларды және басқаларды. Имам аз-Зарнуджи жазады:  «Кітаптарды міндетті түрде дәріптеуден: (…) сиясауыт сияқты  және тағы да басқа ешбір бөгде заттарды кітаптардың үстіне қоймау».
 
Сондай-ақ, кітаптарды ғылым маңыздылығының дәрежесіне қарай топтамалап орналастыру маңызды. Имам аз-Зарнуджи былай жазады: «Тәпсір бойынша кітаптарды басқа кітаптардан жоғары қою». «Та'лим әл-мута'аллим» кітабына түсініктеме беруші шейх Исмаиль ибн Усман Базари жазады: «Кітаптарды бірінің үстіне бірін қою тек қажет кезде ғана болады. Егер ондай қажеттілік болмаса, онда олай жасауға болмайды. Алдымен қосалқы ғылымдардың кітаптары қойылады: сарф, нахв, риторика (шешендік өнері теориясы). Содан кейін фикх бойынша кітаптар, содан соң хадистер, сосын тәпсір. Қасиетті Құран қалған кітаптардан жоғары, әрі (Құранның басталуы бетінде тұратындай болып) мұқабасы жоғары қаратылып» қойылады[8].
 
Имам Зарнуджи тағы бір әдепті атайды: «Кітаптарды міндетті түрде дәріптеуден: аяқтарды оларға қаратып созбау жатады». Бұны тәпсіршілер: «Бір аяғыңды әлде екеуін де, отырсаң да әлде жатсаң да» деп түсіндіреді.[9]
 
Шейх Аууама тағы да екі әдеп айтылған екі оқиға айтып береді. Соның біреуі оның өзімен болған, ал басқасына ол куәгер болған. 
 
Алеппода оқып жүрген жылдары бір күні  шейх кітапты сол қолында ұстап келе жатады. Оның ұстазы шейх  Ахмад Каллас (оған Алланың рақымы болсын) оны байқап қалып, сол қолынан кітапты алып, оң қолына ұстатып, былай айтқан: «Иә, Алла! Менің амалдар жазылған дәптерімді оң жағымнан бере гөр». Өйткені Жұмақтың келешектегі  мекендеушілеріне олардың амал дәптерлері Қиямет күні оң жағынан берілетін болады.
 
Сәл кейін шейх Дамаскідегі университетке оқуға түседі. Бірінші курстың соңында, ол фикхтан ауызша емтихан тапсырған.  Бағдарламалық кітап имам әс-Самарқандидың (шейх, оны Алла сақтасын, ханафилық) «Тухфа әл-фукахы» болған. Міне, бір студент көп тосқаннан шаршап, дәрісхананың баспалдағына отырмақ болады. Баспалдақ өте шаң болады, ал студент болса шаң қатты білінетін қара түсті шалбар киген екен. Шалбарын былғап алмау үшін ол өзінің астына «Тухфа әл-фукахтың» томын қойып, соған отырып алған. Субхан Алла!
 
Келесі мақалада біз, кітаптарға қатысты әдебіміз туралы әңгімемізді имам Бадруддин ибн Джама'аның (оған Алланың рақымы болсын) «Тазкира ас-сами' уа әл-мутакаллим фи адаб әл-'алим уа әл-мута'аллим» кітабынан алынған пайдалы мәліметтермен толтыра отырып, тақырыбымызды жалғастырамыз, ин ша Алла.
 
[1] «Мараки әл-фалях», 69 б. Дар әл-бейрут.

[2] Сол жерде, 70 б.

[3] Сол жерде,  70 б., 72 б.

[4]  9 т., 9 б., Дар әл-фикр.

[5] 51 б., Дар ибн Касир, Дамаск.

[6] Бұл оқиғаны өз кезіндегі шафииттердің имамы Әбуәл-Касим ар-Рафи'и (оған Алланың рақымы болсын)  «ат-Тадвин ви ахбар Кызвинде» жеткізген,  3 т., 321 б. Дар әл-Баз, Мекке.

[7] 1 т.,  466 б.

[8] «Тафхим әл-мутафаххим» кітабында,  76 б.

[9] Сол жерде  75 б.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков