Циклы Авторы Сортировка

32 дәріс. 115-119 нақыл сөздер

2 641
20 февраля, 16
115. Ақылды адам түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен өзін қалай ұстауды білетін жан.
 
Дін туралы айтатын адам өз сөзі мен ісінің пайдасы жөнінде ойлауы керек. Адамдардың Алла дініне деген сеніміне зиян келтіретін нәрселерді оларға айтуға болмайды.

Сондықтан да, адамдар діннің әлдебір нақты үкімдерін қабылдауға дайын болуы керек, алдымен уақыттың көбін таухидке шақыруға жұмсау керек.

116. Жүрек – бұл топырақ, ал шәһәда – бұл дән. Дән егілген соң, адам өз иманын игі амалдармен өсіруі керек.

Бұл сәляфтардың сөздерінің ең жақсы түсіндірмесі: «Иман -  бұл сенім, сөздер мен амалдар».

Біздің әр игі амалымыз – біздің күәлігіміздің яқинының көбеюі және біздің таухидіміздің іске асуы.

117. Нәпсің сені басып алмай тұрғанда, оны басып отыр.

Дұрыс күн тәртібі нәпсімен күрестің ең жақсы бір түрі болып табылады. Егер адам өз күнін жоспарлап отырса және өзін осы жоспарға сай әрекет етуге мәжбүрлей білсе, онда нәпсіге бұндай тәртіпке өз идеяларын кіргізу өте қиын болады. 

Егер күндік жоспар сол күн бойы жасалар болса, онда нәпсіге адамның қажеті мен пайдалысын жасатудың орнына, өз дегенін мәжбүрлеп жасату әрқашан да қиын болмайды. 

118. Алланың көмегі тек Алланың дініне хидмат (қызмет) ету арқылы келеді.

Алла Тағаланың құлына деген Ең зор рақымы – өмірін Оның дініне қызмет етумен өткізуі. Осы жолдың өзі адамды жетілдіреді және оны арайландырады.  

Осы жолдағы табандылық – бұл Алладан келген тауфиқтың белгісі. Егер адам уақыттың он жылын алып, діни тұрғыдан сараптап көріп, осы ортада қалай болғанда да кездескен адамдарды тексерсе, онда бұл оған өте пайдалы сабақ болар еді.

Біреу белсенді түрде пікірталастарға қатысып жүрген жойқын да табанды студент болған, ал содан кейін оқуын тастап, бизнеске кеткен; енді біреу болса өзін үлкен мюрид пен сопы етіп көрсететін, ал нәтижесінде оның әйелі тіпті басына орамал да байламайды. Жағдай былай ғой, тіпті бұл өмірдің өзінде-ақ кімнің-кім екенін және олардың сөздерінің бағасын білуге болады.

Негізінде бұл өте үркітетін және қорқытатын өмір сабақтары. Алла бізге тауфиқ беріп және Оның дініне қызмет етуде табандылық берсін. Әмин. 

119. Аллаға жақындау Алланы еске алу арқылы болады.

Зікір — Аллаға жақындау жолындағы басты қару. 

Сопылардың тәлімгерлері былай айтады, шейх нұсқауларынсыз адамның өздігінше жасаған зікіріне қарағанда, нағыз тәлімгерден алынған зікір, мюрид жүрегіне пайдалырақ.

Шамасы, бұл айтылған сөздер шейхтар мен ұстаздардың рухани тәжірибесіне негізделсе керек, өйткені осы жолдардың авторы бұл сөздерге Құран мәтіндері мен Сүннетен нақты дәлелді көрмеген. 
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков